Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сочи олимпиадасына қатысатын ел құрамасын спорттың 8 түрінен 17 шетелдік маман дайындайды

лого сочи 2014
Қазақстанның Сочи олимпиадасына қатысатын құрама командасын спорттың 8 түрінен 17 шетелдік маман дайындайды.Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.  

«Спорттың 8 түрі бойынша ұлттық құрама команданы дайындау үшін келісімшарт негізінде 17 жетекші шетелдік маман тартылды. Олардың қатарында біліктілігі жоғары шаңғы майлаушылар мен спорттық медицина саласындағы мамандар бар»,-деді Т. Есентаев.

Оның атап өтуінше, олимпиадалық циклге дайындық барысында 2012-2013 жылдардағы спорттық маусымға дайындықтың қорытынды кезеңіне ерекше назар аударылуда. Оның нәтижесі команданың олимпиада ойындарына дайындығында басты критерий болып саналады.

«Бұл тұрғыда Ұлттық құрама команда 193 оқу-жаттығу жиындарына және 175 халықаралық жарыстарға, оның ішінде әлем кубогі кезеңдеріне, әлем Азия чемпионаттарына рейтингтік және лицензиялық жарыстарға қатысты»,-деді агенттік басшысы.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 
0
0
257

Осы тақырып бойынша

Сочи олимпиадасына қатысатын ел құрамасын спорттың 8 түрінен 17 шетелдік маман дайындайды - Yvision.kz