Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Пеле неден қорқады? — Футбол королі жеребе тарту рәсіміне қатысудан бас тартты

Футболдан үш дүркін әлем чемпионы Пеле 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілігінің жеребе тарту рәсіміне қатысудан бас тартты. Ол өзінің «қолы ауыр болғандықтан» Бразилия құрамасына қиын қарсыластарды суырып беремін деп қорқатын көрінеді. Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазады. Пелені ел атынан жеребе тарту салтанатына қатысу жөнінде Бразилия президенті Дилма Руссефф ханымның өзі сұраған екен. Футбол королі бұған дейін өткен бірнеше әлем чемпионаттарының жеребе тарту рәсімдеріне қатысқан. Бұл жолы ол тек рәсімнің салтанатты бөлігіне қатысады. Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі 6 желтоқсан күні Астана уақытымен 22.00-де басталады. Оның барысында Мундиальға қатысушы 32 мемлекет төрт-төрттен 8 топқа бөлінеді. Бірінші себетке Бразилия, Аргентина, Колумбия, Уругвай, Испания, Германи…

0
0
410

Кіші Кличконың кезекті қарсыласы белгілі болды

Алекс Леапаи

34 жастағы австралиялық Алекс Леапаи Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) титулы үшін ауыр салмақтағы міндетті үміткер атанды, деп хабарлады WBO ресми сайтына сілтеме жасай отырып УНН.

Өзінің осыған дейінгі 23 қарашада Германияда өткен кездесуінде ол жетінші раундта ауыр салмақтағы 27 жасар Ресей боксшысы Денис Бойцовқа бірінші рет жеңілістің ащы дәмін татырған болатын.

Украиндық Владимир Кличко мен австралиялық Алекс Леапаи арасындағы кездесуді өткізу орны мен мерзімі бір айдың ішінде анықталатын болады.

0
0
228

«Барыс» өз конференциясында көш бастап келеді

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Нефтехимик» (Ресей, Нижнекамск) командасын 0:1 есебімен жеңді.

Ойынның бірінші кезеңінде Константин Романов жеке өзі қарсыластар қорғанысын бұзып, матчтың жалғыз шайбасын салды. Одан кейінгі екі кезеңде «Нефтехимикте» таразы басын теңестіріп кетуге тамаша мүмкіндіктер болды. Алайда «Барыстың» қақпашысы Ари Ахонен барлық соққыларды шебер тойтара білді. Қорытынды есеп — 0:1.

Осы ойыннан кейін «Барыс» 70 ұпаймен Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілсе, өз тобында, яғни Шығыс конференциясында «Ақ барсты» артқа тастап, бірінші орынға шықты.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
365

Геннадий Головкин шоу-бизнес жұлдыздары рейтингінде Қайрат Нұртасқа ғана жол берді

Forbes Kazakhstan және MuzZone телеарнасы қазақстандық шоу-бизнестің ең сүйікті жұлдыздарының хит-парадын ұсынды. Бірінші орынды әнші Қайрат Нұртас иеленді, үшінші орында — тележүргізуші Баян Есентаева. Екінші орынды қазақстандық жанкүйерлердің сүйікті боксшысы Геннадий Головкин иеленді, оның жылдық табысы 1,4 миллион долларды құрайды. «Геннадий Головкиннің жанкүйерлері 2013 жылды GGG жылы деп атады. Осы кезеңде ол төрт рет шаршы алаңда жекпе-жек өткізіп, ақшалай 1,4 млн. доллар ұтып алған болатын. Наурыз айында Головкин HBO арнасының Гатти тізіміне енді, қыркүйекте — The Ring журналының мұқабасына, ал қазан айында HBO нұсқасы бойынша әлемнің үздік боксшылары бестігіне енді. Қараша айында өткен Кертис Стивенспен жекпе-жек 2013 жылдың (орташа көрсеткіш 1,416 млн. көрерменді құрады) ең рейт…

0
0
274

Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетіледі

Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетілмек, деп хабарлады «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен баспасөз мәслихатында жарысты ұйымдастырушылар. Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі 7 желтоқсан күні «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді. Турнирді «Қазақстан» ұлттық арнасы, Ресейдің «Боец» халықаралық телеарнасы, сондай-ақ, «TRT AVAZ» түрік телекомпаниясы әлемнің 120-дан астам еліне тікелей эфирден көрсетпек», — деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков. Жобаны ұйымдастырушылар — «Қазақстан Барысы» қазақша күресті дамыту қоры, «Астана» ПКСК, Жамбыл облысының әкімдігі, ҚР Қазақша күрес федерациясы. Бас демеушісі — «Самруқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Ресми дем…

0
0
421

Қазақстан құрамасының триумфы

Польшаның Явожно қаласы

Польшаның Явожно қаласында спорттық джиу-джитсудан 8-ші әлем чемпионаты өтті.

Оған 12 адамнан тұратын Қазақстан құрамасы қатысты, оның ішінде үшеуі — Павлодар өңірінен, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Жарыстың қорытындылары бойынша біздің құраманың иелігінде 7 алтын және 5 күміс медаль бар, сондықтан Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Турнирдің қожайындары — поляктар екінші орынға жайғасса, үшінші орынды Англия құрамасы иеленді.

0
0
402

ФУТБОЛ: Достастық кубогының жеребесі тартылды

Ресей футбол үйінде биыл 22-нші рет жалауы көтерілетін Достастық кубогының жеребесі тартылды. Еліміздің жастар құрамасы «С» тобына түсті. ХХІІ Достастық кубогы 2014 жылдың 24 қаңтарынан 2 ақпанына дейін өтеді. Санкт-Петерборда өтетін додаға 12 елдің жастар арасындағы құрамалары қатысады. Барлық ойындар «Петербургский» жабық спорт кешенінде өтеді, деп хабарлады alasharena.kz. «А» тобы: Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Эстония. «В» тобы: Ресей, Литва, Молдова, Түркіменстан. «С» тобы: Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Латвия. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы Достастық кубогында Беларусь маманы Сергей Боровский жаттықтырған Қазақстан құрамасы «В» тобында бақ сынаған. Халықаралық додада Ресей жастары жеңімпаз атанып, екінші орынды Украина ұландары иеленген. Үшінші орын Беларусь бозбалаларына…

0
0
370

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Нефтехимик»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Нефтехимик» (Ресей, Нижнекамск) командасымен кездеседі. Жалпы, Құрлықтық хоккей лигасы аясында екі команда 13 рет кездесіп, соның жетеуінде «Нефтехимиктің» жолы болса, алтауында «Барыс» басым түсті. Ал биылғы чемпионат аясында «Қазақстан» спорт кешенінде өткен соңғы ойында «Барыс» 5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол матчтан кейін «Нефтехимиктің» бас бапкері Владимир Крикуновтың отставкаға кеткені бар. Өткен жылғы чемпионатта ол «Барысты» жаттықтырып, Қазақстанның хоккей құрамасын топ-дивизионға шығарды. Алайда біз Сочи Олимпиадасына өтпей қалдық. Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Барыс» (67 ұпай) — төртінші орында. Ал «Нефтехимик» 38 ұпаймен 21-ші орында келеді. Айта кетейік, бүгінгі ойын Астана уақыты бойын…

0
0
293

Литвалық спортшы жаңа рекорд орнатты

Зидрунас Савикас

«Әлемнің ең күшті адамы» саналатын Зидрунас Савикас жалғыз өзі 12 көлікті бар болғаны 33 секундта 5 метрге сүйреді, деп хабарлады 24.kz.

Бір-біріне тіркелген техникалардың жалпы салмағы 13 тоннаны құрады. Бірақ, 38 жастағы алып күш иесі үшін бұл ең жоғарғы көрсеткіш емес. «Әлемнің ең күшті адамы» атағын жеті рет дәлелдеген литвалық, былтыр салмағы 27 тоннадан асатын 20 көлікті қозғаған болатын. Алайда, ол кезде бұл жетістік есепке алынбады. Себебі, спортшы техникаларды аяғын арнайы басқышқа тіреп тартқан. Зидрунас келешекте бұдан да зор табысқа жететінін мәлімдеді.

«Қуанышым қойныма сыймай тұр. Себебі, бұл мен үшін үлкен сын. Келесі жолы өз рекордымды жаңартып, 13 немесе 14 көлікті тартатын шығармын», — деді рекордшы.

0
0
362

Канадада хоккей матчын аюлардың шабуылы тоқтатты

Канадада хоккей матчын аюлардың шабуылы тоқтатты

Канадада ЖХЛ командалары Calgary Hitmen мен Kootenay Ice арасындағы кездесуде дәстүрлі хоккей шоуы болып өтті.

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, Calgary Hitmen жанкүйерлері өздерінің сүйікті командалары гол соққан сәтте  мұз айдынына ойыншық аюларды лақтырып, алаңды толтырып тастау керек. Шоу екінші кезеңнің үшінші минутында Calgary Hitmen шабуылшысы Павел Падакин көптен күткен шайбаны қақпаға салғанда басталды.

Мереке барысында түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалады. Матчтан кейін Calgary Hitmen хоккейшілері науқас балалар жатқан ауруханаларға барып, бүлдіршіндерге ойыншық аюларды тарту етті, деп хабарлады РБК.

0
0
296