Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

USA TODAY Головкинді «Жыл боксшысы» деп таныды

Геннадий Головкин

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы қазақстандық Геннадий Головкин USA Today беделді америкалық басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкиннен басқа бұл атаққа ресейлік Сергей Ковалев және канадалық Адонис Стивенсон таласты, деп хабарланған «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі GGG парақшасында. Биылғы жылы үшеуі де шаршы алаңға төрт рет көтерілген, бұл, басылымның айтуына қарағанда, қазіргі заманда таңдаулы боксшылар арасында сирек кездесетін жағдай, және төрт жекпе-жекте де мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Бұған дейін HBO сарапшылары Головкинге жоғары баға берген болатын. Қазақстандық боксшы «Жыл соққысының» иегері болып танылды және Стивенсонмен «Жыл боксшысы» атағын бөлісті.

0
0
899

Ұлттық спорт түрлерін дамыту проблемасы — күн тәртібіндегі өзекті мәселе

Бейбітшілік және келісім сарайында «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Нұр Отан» партиясы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және өкілдері, сондай-ақ жаттықтырушылар, спортшылар мен ардагерлер ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарланды. Шара барысында «Нұр Отан» партиясының хатшысы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытуды сапалы деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңадан сайланған президенті Бекболат Тілеухан ұлттық спорт түрлерін дамыту — ұлттық мәдениетті сақтап, дамытуға, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиясы аясындағы міндеттерді жүзеге асыру мен «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуде аса қажет екенін айт…

0
0
652

Валерий Газзаев Қазақстан құрамасының бас бапкері атануы мүмкін

Валерий Газзаев

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына үміткерлердің бірі — Валерий Газзаев, деп хабарлайды «Sports.kz».

Мәскеулік ЦСКА, киевтік «Динамо» және Ресей құрамасымен жұмысы арқылы танылған маман қазір Владикавказдың «Алания» футбол клубының президенті, сондай-ақ Біріккен футбол дигасының директоры қызметтерін атқарып жүр.
Сайттың жазуынша, Газзаевтың жалақысы жылына 3 миллион доллардан кем болмайды.

0
0
259

Олимпиада медалі бір жарым миллион долларға сатылды

1936 жылы Берлинде өткен ойындарда американдық жеңіл атлетші Джесси Оуэнс ұтқан 4 алтын Олимпиада медалінің біреуі интернет-бәссаудасы барысында 1466 574 долларға сатылды. Әзірге сатып алушының есімі құпия болып отыр, деп хабарлайды utro.ru.

Осыған дейін бәссаудада сатылған ең қымбат Олимпиада жүлдесі грек Спирос Луистің 1986 жылғы марафонда ұтқан күміс кубогі болып келген. Кубок 2012 жылы Лондонда өткен бәссауда кезінде 867266 долларға сатылған болатын.

1949 жылы өмірден өткен Оуэнс Берлиндегі Олимпиада ойындарында төрт мәрте жеңіс тойын тойлаған.

0
0
305

Виталий Кличко менімен жекпе-жекке шығудан жалтарып бокстан кетті — Тайсон Фьюри

Тайсон Фьюри

Ауыр салмақтағы британиялық боксшы Тайсон Фьюри Владимир Кличконы шаршы алаңда кім мықтыны анықтауға шақырды. Ол Владимирге үлкен ағасы Виталий сияқты жекпе-жектен жалтарып, қашып кетпегені абзал деп ескерту жасап отыр, деп хабарлады prosport.ru.

Тайсонның сөзіне қарағанда, Кличко оған шаршы алаңда кездесуді ұсынбаған екен.

«Мен кездесуге келісіп, оның жағын айыратын едім, ол мұны біледі. Эмануэль Стюард В. Кличкоға менен нокаутпен жеңілетінін айтқан болатын. Виталий Кличко менімен жекпе-жектен жалтарып бокстан кетті, ал қазір Владимир де солай етуге тырысуда», — деген сенімде британдық боксшы. Сондықтан, ол украиндық боксшымен кез-келген жерде, кез-келген уақытта кездесуге дайын екенін айтып отыр.

0
0
289

Месси 2013 жылдың үздік футболшысы атанды

Лионель Месси ("Барселона")

The Guardian 2013 жылдың ең үздік 100 футболшысын атады.

Prosport-ru сайтының хабарлауынша, Каталониялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси ағылшын басылымының нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды. Екінші орынды мадридтік «Реалдың» жұлдызы Криштиану Роналду иеленді. Үздік үштікті ПСЖ шабуылшысы Златан Ибрагимович қорытындылап тұр. «Алтын допқа» тағы бір үміткер Франк Рибери төртінші орынды қанағат тұтқанын атап өтейік.

The Guardian нұсқасы бойынша топ-10:

1 . Лионель Месси («Барселона»)

2 . Криштиану Роналду («Реал»)

3 . Златан Ибрагимович (ПСЖ)

4 . Франк Рибери («Бавария»)

5 . Андрес Иньеста («Барселона»)

6 . Неймар («Барселона»)

7 . Гарет Бэйл («Реал»)

8 . Хави («Барселона»)

9 . Луис Суарес («Ливерпуль»)

10 . Серхио Агуэро («Манчестер Сити»).

0
0
289

Қазақстандық спортшы «Үздік соққы 2013» жүлдесінің иесі деп танылды

Генадий Головкин

Кәсіпқой бокс шаршы алаңында жүрген қазақстандық танымал боксшы Генадий Головкинді Америка елінің алдыңғы қатарлы арнасы НВО «үздік соққы 2013» жүлдесінің иесі деп тапты, деп хабарлады alaman.kz.

Жерлесіміздің әр кездесуін «үздік соққы» атағына лайық көрген. Аңдып жүріп дөп тигізетін ауыр соққысы талай «мықтымын» дегендерді сұлатып салды. НВО арнасының анықтаған кездесулері төмендегідей.

НВО телеарнасының үздік деп тапқан төрт кездесуі:

1.Гжегож Прокаса (Польша) 2012 жылғы 1 қыркүйек (Головкиннің 24 кездесуі).

2.Габриэль Росадо (АҚШ) 2013 жылғы 19 қаңтар (Головкиннің 25 кездесуі).

3.Мэттью Маклин (Ұлыбритания) 2013 жылғы 29 маусым (Головкиннің 27 кездесуі).

4.Кертис Стивенс (АҚШ) 2013 жылғы 2 қараша (Головкиннің 28 кездесуі).

0
0
278

Оралдың «Ақжайығы» екінші ойынында «Динамо-Маякпен» тең ойнады

Оралдың «Ақжайығы
25 желтоқсан күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде «Динамо-Маяк» командасымен екінші ойынын өткізді.

Оралдықтар бұл кездесуде де шебер ойын өрнегін көрсетіп, соңғы минуттарға дейін 4:2 есебімен алда тұрды. Алайда 86 және 90-минуттан кейінгі қосымша уақытта жергілікті төрешілер «Ақжайық» қақпасына қос бірдей пенальти белгілеп, ойын 4:4 есебімен тең аяқталды.

Осы матчта үш мәрте мергендік танытқан «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов биылғы маусымда соққан доп санын 17-ге жеткізді.

Екінші топта 27 ұпаймен көш бастаған оралдықтар келесі кездесулерін 27-28 желтоқсанда Екатеринбургте өзімен құйрық тістесіп келе жатқан «СКА-Свердловск» командасымен өткізеді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
251

В.Кличконың кезекті кездесуі 2014 жылдың 8 наурызына жоспарлануда

Владимир Кличко

WBA/IBF/WBO нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко өзінің келесі кездесуін 2014 жылдың 8 наурызында австралиялық Алекс Леапаимен өткізуі мүмкін.

Жақында болған кездесулердің бірінде Леапаи Ресейдің ауыр салмақтағы боксшысы, өз салмағындағы талантты спортшылардың бірі ретінде саналатын Денис Бойцовты жеңген болатын. Егер тараптар кездесудің мән-жайы жайлы нақты келісімге 3 қаңтарға дейін келмесе, онда промоутерлік сауда ұйымдастырылады, деп жазады «Известия» басылымы.

0
0
230

Бильярдтан «St.-Petersburg Open» халықаралық турнирі өтті

Бильярдтан «St.-Petersburg Open

Ресейдің Санкт-Петербор қаласында  18-21 желтоқсан күндері бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен «St.-Petersburg Open» халықаралық турнирі өтті.

Бұл жарысқа Ресей, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Молдова, Өзбекстан елдерінен 64 спортшы қатысқан болатын. Онда ақтық сында украиналық Павел Радионовтан басым түскен молдовалық Сергей Крыжановский жеңімпаз атанды. Үшінші орынды ресейлік Диана Миронова мен қырғызстандық Каныбек Сағынбаев өзара бөлісті. Ал қазақстандықтардан Қаныбек Сағындықов 12-інші, Әлихан Қаранеев 18-інші, Нұркен Сүйкембаев 31-інші, Алмас Әбсейіт 33-інші, Арби Муциев 41-інші, Дәурен Орынбаев 61-інші орынды қанағат тұтты.

0
0
442