Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Марина Вольнова бокстан мұнай елдері арасындағы XI Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Марина Вольнова бокстан мұнай елдері арасындағы XI Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан бокс қауымдастығының баспасөз қызметінен. Жарыс 22 желтоқсан күні Ханты-Мансийск қаласында (Ресей) аяқталды. Гүлжайна Уббиниязова мен Азат Махметов қола жүлделерді олжалады. Марина Вольнова, сонымен қатар, Сібірде мұнайды тұңғыш ашқан Социалистік Еңбек ері Фарман Құрбан оғлы Салмановты еске алуға арналған осы халықаралық турнирдің үздік боксшысы атанды. Қазақстан атынан турнирдің ерлер бағдарламасына Азат Махметов (52 келі) және Жанұзақ Мадияр (56 келі), әйелдер бағдарламасына — Сәния Сұлтанқызы (51 келі), Гүлжайна Уббиниязова (60 келі), Әлия Әбдірайымова (64 келі), Марина Вольнова (75 келі) қатысты. Бокстан мұнай елдері арасындағы Әлем кубогына әлемнің 14 елінен 120 спортшы қатыст…

0
0
243

«Жұлдыздар матчына» тұңғыш рет қазақ баласы қатысады

Талғат Жайлауов

Құрлықтық хоккей лигасы жыл сайын өткізетін «Жұлдыздар матчына» тұңғыш рет қазақ баласы қатысады!

Турнирдің ресми сайтында дауыс беру нәтижесі белгілі болып, Братиславада өтетін жылдың ең айтулы кездесуінде Талғат Жайлауовтың да айдынға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды alasharena.kz.

0
0
333

Допты хоккей: «Ақжайық» командасынан жеңіс добын Самат Аманшин соқты

24 желтоқсан күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде жергілікті «Динамо-Маяк» командасымен күш сынасты. Аса тартысты өткен ойында айдын иелерінен Семен Подкин 7-минутта бірінші болып есеп ашты. 41-минутта «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов таразы басын теңестірді. Екінші таймда Евгений Царегородцев «Динамо-Маяк» командасын қайтадан алға шығарды. Дегенмен «Ақжайық» ойыншылары өз шеберліктерін көрсете білді. 67-минутта Александр Шавалдин мергендік танытса, үш минуттан кейін Самат Аманшин жеңіс добын соқты. Бұл ойыннан кейін 26 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бұрынғысынша көш бастап келеді. Екінші, үшінші орындағы Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасы мен Орынбордың «Локомотивінің» 21-ден ұпайлары бар. 25 же…

0
0
402

Павлодарлық футболшыларға облыс басшылығы қолдау көрсетеді

Бүгін облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қ.Бозымбаев «Ертіс» футбол клубының директоры М.Мұстафин мен бас жаттықтырушысы Т.Байсуфиновті қабылдады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен. Кездесу барысында аймақтағы футбол спортының даму перспективалары талқыланып, алдағы футбол маусымына павлодарлық команданың дайындық мәселесі сөз болды. Футбол клубының бас жаттықтырушысы Т.Байсуфиновтің алдағы жұмыс жоспары, жарыстарға дайындық және жаттықтырушылар құрамының клуб ойыншыларымен өзара түсіністік мәселелері туралы баяндамасын тыңдаған аймақ басшысы Қ.Бозымбаев Павлодар облысында футболға тиісті көңіл бөлінетіндігіне сендірді. Жылы жүздесу барысында «Ертіс» ФК басшылығы футбол командасының құрамы мен білікті ойыншыларды клубқа тарту жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ осы кездесуде футбол…

0
0
197

Қазақстандық клубтар ҚХЛ және ЖХЛ матчтарын бастайды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат — Ертең, 25 желтоқсан күні Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген «Сарыарқа» (Қарағанды) және «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) хоккей клубтары кезекті матчтарын өткізеді. «Сарыарқа» сырт алаңда «Сокол» командасымен кездессе, «Қазцинк-Торпедо» өз алаңында «Челметті» қабылдайды. Айта кеткен жөн, турнирлік кестеде Қарағанды қаласының құрамасы 4-ші орында келеді. Ал Өскеменнің хоккей клубы — 10-шы орында. Астана қаласының «Барыс» командасы болса, 26 желтоқсанда «Адмиралмен» күш сынасып көреді. Бұл матч елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтпек. Айта кетейік, Еуропада өткен спорт додаларына байланысты ҚХЛ мен ЖХЛ матчтары уақытша тоқтатылған болатын. Италияның Трентино қаласында өткен Бүкіләлемдік қысқы студенттер Универсиадасына Қазақстанның барлық дерлік…

0
0
293

Қазақстандық хоккейшілер Бүкіләлемдік қысқы универсиадада күміс медальді жеңіп алды

Қазақстандық хоккейшілер

Қазақстанның студенттік командасы Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың финалдық матчында 2:6 есебімен Канада командасына жол берді.

Sports.kz ақпаратына қарағанда, Энтони Питерстің қақпасына Александр Шин алғашқы шайбаны енгізді, бұдан кейін Майк Каззола есепті теңестіріп, ал Джош Дэй мен Мэтью Майоне канадалықтарды алға шығарды. Екінші кезеңде есеп айырмашылығын Крис Куллиган мен Ник Макнил ұлғайтты. Үшінші кезеңде матч қорытындысын өз есептеріне екінші шайбадан жазған Куллиган мен Шин шығарды.

0
0
511

Қазақстан Трентинодағы Универсиадада жалпы командалық есепте 15-ші орынға ие болды

Италияның Трентино провинциясында XXVI Бүкіләлемдік қысқы универсиада аяқталды, деп хабарлады Sports.kz. Медальдар есебі бойынша 50 медальға (15 алтын, 16 — күміс және 19 — қола) ие болған Ресейлік өкілдер сенімді жеңіске жетті, екінші орында поляк спортшылары — 23 (10,10,3), үшінші орындағы Оңтүстік Корея командасы — 24 (8,9,7), поляктарға «алтынның» жалпы санынан жол берді. Қазақстандық студенттер он бесінші орынға (30 құрама арасында) табан тіреді, олардың есебінде 5 марапат (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) бар. Жүлделі орындардың жалпы саны бойынша қазақстандықтар словактармен 14-ші орынды бөлісті. Еске сала кетейік, бұл Универсиадада қазақстандық команда қоржынына шаңғы жарысында Татьяна Осипова мен ағайынды Малышевтердің (Александр және Сергей), Геннадий Матвиенко мен Марк Старости…

0
0
281

Геннадий Головкиннің кәсіби рингтегі 30-шы ұрысындағы қарсыласы аталды

НВО телеарнасының спорт бөлімшесінің президенті Кен Хершман WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен рингке шығатын әлеуетті қарсыластардың есімдерін атады, деп хабарлады vesti.kz. Хершманның айтуынша, Головкиннің командасы салмақ санатына қарамастан кез келген қарсыласпен жекпе-жекке шығуға дайын. «Бізде бірқатар ықтимал қарсыластар бар. Олардың арасында Серхио Мартинес, Андре Уорд, тіпті Адонис Стивенсон да болуы мүмкін», — деп оның сөзін келтірген ESPN. Еске сала кетейік, 2014 жылы Головкин алғашқы ұрысын 1 ақпанда Монте-Карлода ганалық Осуману Адаммен өткізеді. Келесі жекпе-жек қазақстандық үшін кәсіби рингтегі 30-шы сайыс болмақ, ол 26 сәуірге белгіленген. Хершман сәуір айында Головкин орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы австралиялы…

0
0
429

Алексей Полторанин Әлем Кубогының жекелей спринті кезеңінде екінші болып келді


Алексей Полторанин

Азиагода (Италия) шаңғы жарысынан Әлем Кубогының төртінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Sports.kz.

Ресейлік Никита Крюков классикалық стильде жекелей спринтте жеңіске жетті. Екінші орында — қазақстандық Алексей Полторанин, үшінші орынға — швейцарлық Джанлука Колонья шықты.

Шаңғы жарысы. Әлем Кубогы. Төртінші кезең. Азиаго (Италия),
Ерлер. Жекелей спринт. Классикалық стиль.

1. Никита Крюков (Ресей) — 4:21.18

2. Алексей Полторанин (Қазақстан) — +0.14

3. Джанлука Колонья (Швейцария) — +4.11.

0
0
396

Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылуына қатысуды жоспарлап отыр

Сочи Олимпиадасы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты, деп жазады vesti.kz.

«Мемлекет басшысы Сочидегі Қысқы Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр», — деп келтірген Е. Ыдырысовтың сөзін Twitter-дегі ҚР СІМ-нің ресми аккаунты.

Айта кетейік, Сочидегі Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7 ақпанында басталады. Шара Олимпиадалық «Фишт» стадионында өтеді және бұл салтанатты рәсім үш сағатқа созылмақ.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
329