Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жылдың үздік қақпашысы анықталды

«Бавария» голкипері Мануэль Нойер

Халықаралық футбол тарихы мен статистика ұйымы (IFFHS) жылдың ең үздік қақпашысын жариялады, деп жазады alaman.kz.

Қорытынды бойынша, «Бавария» голкипері Мануэль Нойер өткен жылдың үздік қақпашысы атанды — 221 ұпай.

Екінші орында Джанлуиджи Буффон (78), үздік үштікті «Челси» голкипері Петр Чех (64 ) қорытындылаған.

Одан кейінгі орында Тибо Куртуа (Бельгия, «Атлетико» Мадрид — 54 ұпай), Виктор Вальдес (Испания, «Барселона» — 53), Икер Касильяс (Испания, «Реал» — 23), Сальваторе Сиригу (Италия, «ПСЖ» — 5) тұр.

0
0
391

ФИФА: 2022 жылы Әлем чемпионаты жазда емес, қыста өтуі ықтимал

Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылдың 15 қараша мен 15 қаңтар аралығында өтуі бек мүмкін. Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) Бас хатшысы Жером Вальке мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Катардағы Әлем чемпионатының өтетін уақыты өзгеруі мүмкін деген ақпаратты бұдан бұрын көптеген футбол қайраткерлері айтқан болатын. Соның ішінде ФИФА президенті Йозеф Блаттер да бар. Біріншіліктің мерзімін шегеру жөніндегі әңгімеге негізінен жазғы мерзімдердегі Катар елінде болатын аптап ыстық себепкер болып отыр. Мұнда жаз айларында Целсий бойынша плюс 50 градусқа дейін ысиды. «Катарда футбол ойнауға нағыз сай келетін мерзім — 15 қарашадан қаңтар айының соңына дейінгі аралық», — дейді Жером Вальке. Турнирдің уақытына қатысты соңғы шешім 2014 жылд…

0
0
387

«Australian open — 2014» додасына Қазақстаннан алты теннисші қатысады

13 қаңтар күні теннистен биылғы маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» сыны Австралия ашық чемпионаты басталады. Бұл сынға Қазақстаннан алты теннисші қатысады, деп жазады alaman.kz.

Ерлер арасында Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин және жақында Украина азаматтығынан бас тартып, Қазақстанға келген Александр Недовесов бақ сынайды. Ал әйелдерден Юлия Путинцева, Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева кортқа шығады. Шведова мен Воскобоева жұптық бәсекеге де қатыспақ.

Ал осыған дейін Қазақстан туы астында ойнаған Ксения Первак бұл додаға қатысатындар тізімінде жоқ.

0
0
227

«Сарыарқа» ЖХЛ-да қатарынан төртінші рет жеңіске жетті

Қарағандының «Сарыарқа» командасы

Қарағандының «Сарыарқа» командасы Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатының аясында Кондопоганың «ВМФ-Карелиясынан» басым түсті.

Қарағандыда өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Қарсыластардың қақпасына Вадим Голубцов пен Дмитрий Самарин шайбаларды ұтымды соқты. «Сарыарқаның» қақпасын Владимир Ковач қорғап, бірде бір шайбаны қақпаға жуытпағанын атап өтпеуге болмас.
«ВМФ-Карелияны» ұтқан қарағандылықтар 36 ойыннан кейін 68 ұпай жинап, турнир кестесінде Нефтекамсктың «Торосымен» үшінші орында тұр.
Қарағандыда өтетін келесі ойында «Сарыарқа» Тверьдің ТХК командасымен кездеседі. Кездесу 10 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 19:00-де басталады.

0
0
275

Жаңа жыл қазақстандық спортшының жеңісімен басталды

Элизабет Тұрсынбаева ортада

Еліміз үшін жаңа жыл жеңіспен басталды. Словакияның Братислава қаласында 3-6 қаңтар аралығында мәнерлеп сырғанаудан «Словакияның Жаңа жылдық Кубогы» атты халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде 15 елдің мәнерлеп сырғанаушылары қатысып, жерлесіміз жеңіспен оралды.

Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Осыған дейін жасөспірімдер арасында сынға түсіп келген қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева Братиславада алғаш рет жастар арасында додаға түсті. Соған қарамастан Элизабет әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтерген жерлесіміз осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.
Енді Элизабет наурыз айында Болгарияда болатын жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына және Әлемдік Гран-при додасына қатысуды көздеп отыр.

0
0
323

Көкшетауда зейнеткерлер арасында хоккейден облыстық турнир өтуде

Көкшетауда зейнеткерлер арасында хоккейден облыстық турнир өтуде
Көкшетауда зейнеткерлер арасында шайбалы хоккейден облыстық жарыс өтуде.

Турнирге 200-ден астам зейнеткер қатысуда.

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін мәреге жететін сайысқа Щучъе қаласы мен облыс орталығына жақын орналасқан елді мекеннен келген қариялар қатысуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқараны спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған шараның бастамашысы — облыстық спорт басқармасы. Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
304

Волейбол: бүгін ҚР чемпионаты екінші турының ойындары басталады

Бүгін Петропавл және Тараз қалаларында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты екінші турының ойындары басталады. 8-10 қаңтар аралығында Петропавлда жергілікті «Есіл», Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы», «Атырау», Хромтаудың «ТНК Казхром» командалары күш сынасса, Таразда ел чемпионы «Алматы», «Павлодар», «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Тараз» алаңға шығады. Бұдан кейін сегіз команда қосылып, екінші турдың ойындарын 26-31 қаңтарда Павлодар қаласында жалғастырады. Бірінші турдан кейін 18 ұпай жинап, әзірге жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген, Игорь Никольченко жаттықтыратын «Конденсат-Жайықмұнай» көш басында. «ШығысҚорғасынҚұрылыс» 14 ұпаймен екінші, қоржынында 13 ұпайдан бар алматылықтар мен хромтаулықтар үшінші-төртінші орында келеді. ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ав…

0
0
496

«Барыс» Қазанда «Ақ Барс» командасын жерге қаратты

«Барыс» Қазанда «Ақ Барс» командасын жерге қаратты

Хоккейден «Барыс» ҚХЛ аясындағы кезекті матчын Қазанда «Ақ Барс» командасына қарсы өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті,

деп хабарлады «Аламан».

Өте тартысты өткен кездесуде «Барыс» қақпашысы Ахонен өзіне келген талай шабуылдың бетін қайтарды. Осы жеңістен кейін «Барыс» турнир кестесінде «Динамо М» командасынан кейінгі екінші орынға шықты.

«Ақ Барс» — «Барыс» 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)

Шайба:

0:1 — 02:53 Рахманов (Полищук).

1:1 — 12:31 Стэплтон (Панин).

1:2 — 29:34 Антропов (Руденко, Хэмилл).

0
0
451

Жылдың ең үздік спортшысы — Павлодар пединститутының студенті

Ернұр Қабатаев

Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті Ернұр Қабатаев жылдың үздік спортшысы атанды. Ол еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Павлодар облысы бойынша дене шынықтыру және спорт спорт басқармасында барлық спорт түрлері бойынша өткен жылдың қорытындысы шығарылды.
«Үздік бапкер» аталымына ПМПИ спорт түрлері және дене шынықтыру кафедрасының профессоры Жанат Усин ие болды.
Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін педагогикалық институттың профессоры Виктор Бородихин марапатталды.

0
0
546

Жылдың үздік спортшысына ИнЕУ гранты табысталды — Павлодар

Жылдың үздік спортшысына ИнЕУ гранты табысталды - Павлодар

Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің тегін оқу гранты өткен жыл қорытындысы бойынша біраз спорттық жетістіктерге қол жеткізген студент Анастасия Гусеваға берілді, деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.

Ол «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша төртінші курста оқиды. Жыл қорытындысы бойынша, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша үздік спортшы деп танылды.

Халықаралық деңгейдегі спорт шебері Анастасия Гусева 72 келі салмақта ересектер арасындағы 2013 жылдың абсолютті әлем чемпионы, 170 келі салмақта штанганы жатып сығымдап көтеру жаттығуларынан рекорд орнатқан спортшы.

А.Гусеваны жылдың үздік спортшысы деп таныған Павлодар әкімдігінің құрмет грамотасын оқу кеңесінде университет ректоры Асқар Қамербаев табыстады.

0
0
364