Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жасөспірімдер арасында өтетін жазғы олимпиадаға Қазақстан тағы бір жолдама алды

Жасөспірімдер арасында өтетін жазғы олимпиадаға Қазақстан тағы бір жолдама алды

2014 жылы тамыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін ІІ жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан тағы бір жолдама алды.

Халықаралық су спорты федерациясы Қазақстанға жүзуден бір жолдама берді. Ал осыған дейін біздің ел ауыр атлетикадан төрт, садақ атудан бір жолдама иеленген болатын.

ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі 35 жолдама алуды жоспарлап отыр, деп хабарлады »Аламан».

0
0
277

Сочи Олимпиадасы: Биатлон бойынша сынға түсетін Қазақстан командасының құрамы таныстырылды

Елена Хрусталева

Сочидегі Олимпиада ойындарында биатлон бойынша сынға түсетін Қазақстан командасының құрамы жарияланды, деп мәлім етті Biathlon.kz. порталы.

Ерлер мен қыздар құрамасына бес спортшыдан енді, деп хабарлады Vesti.kz.

Биатлоннан Қазақстан Республикасының қыздар құрамасы: Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Марина Лебедева, Алина Райкова, Галина Вишневская.

Биатлоннан Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы: Ян Савицкий, Антон Пантов, Сергей Наумик, Диас Кенешев, Александр Трифонов.

Жатттықтырушылар штабының құрамында — Михаил Дудченко, Николай Выдрин, Виктор Смирнов. Қызмет көрсетуші топ — Андрей Белопухов.

Айта кетейік, Хрусталева Ванкувердегі ойындардың күміс жүлдегері. Сочидегі Олимпиада 6 ақпанда басталып, 23 ақпан күні аяқталады.

0
0
348

Әйгілі Эйсебио дүниеден өтті

Эйсебио

Атақты португалдық футболшы Эйсебио дүниеден озды.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Әйгілі футболшы кезінде жасындай жарқылдаған «Бенфика» клубының өкілдері хабарлағандай, 71 жастағы Эйсебионың бүгін таңертең жүрегі тоқтап қалған.
Эйсебио да Силва Феррейра 1942 жылдың 25 қаңтарында Португалиялық Шығыс Африкада (қазіргі Мозамбик) дүниеге келген. Лиссабондық «Бенфика» (715 матч, 727 гол) және Португалия құрамасы (64 матч, 41 гол) сапында ойнады. 1965 жылғы «Алтын доп» иегері. ХХ ғасырдың ең үздік футболшылары (ТОП-100) тізімінде ондыққа енді.

0
0
268

Маңғыстау облысында үздік спортшылар мен бапкерлер анықталды

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2013 жылдың үздік спортшылары мен бапкерлерін атады. «Жыл бойына үздік нәтижелер көрсеткендер 5 аталым бойынша жүлдеге ие болды. Әрине, біз 2013 жылы әлем чемпионатының ең көп жүлдегерін дайындап шығарған үздік жаттықтырушыны да назардан тыс қалдырмадық», — деді Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Пахомов. «Жыл спортшысы» атағы бокстан ҚР чемпионатының жеңімпазы, 2013 жылғы Азия чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Берік Әбдірахмановқа берілді. Ол бокстан «ҚР спорт шебері» атағын қоса алды. 2013 жылы Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Әділбек Ниязымбетов пен қанжығасына қола жүлде байлаған Берік Әбдірахмановты баптаған бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жәкиев «Жылдың үз…

0
0
1180

Криштиану Роналду «Globe Soccer» нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік футболшысы атанды

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Globe Soccer» нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік футболшысы атанды. Марапаттау рәсімі сенбі күні Дубайда өтті, деп хабарлады РБК. Бұл сыйлық әлем бойынша жанкүйерлердің дауыс беруі нәтижесінде беріледі. Роналду 58 пайыз дауыс жинады, екінші орын алған «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 9 пайыз дауысқа ие болды. Испания құрамасы мен каталониялық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андреас Иньеста мен лондондық «Арсеналдың» көшбасшысы Месут Озил 4 пайыздан жинады. Естеріңізге сала кетейік, Роналду «Алтын допқа» үміткерлердің бірі болып табылады. Әлемнің үздік футболшысы 13 қаңтар күні анықталады. Бұған дейін португалдық World Soccer нұсқасы бойынша үздік деп танылды. Криштиану Роналду Испания чемпионат…

0
0
328

Белгілі футболшы бақилық болды

Илья Цымбаларь

Белгілі ресейлік футболшы, мәскеулік «Спартак» сапында 6 мәрте Ресей чемпионы атанған Илья Цымбаларь 45 жасқа қараған шағында жүрек ауруынан қайтыс болды.

Бұл туралы футбол агенті Роман Орещуктің твиттеріне сілтеме жасап РБК хабарлады.

Түрлі жылдары И. Цымбаларь «Спартак», «Локомотив», «Анжи» клубтары сапында жасындай жарқылдады. Ресей құрамасы жейдесінде 28 ойын өткізіп, 4 доптың авторы атанды.

0
0
444

«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ мергендер көшін бастады

Елордалық «Барыстың» хоккейшісі Брэндон Боченски

Елордалық «Барыстың» хоккейшісі Брэндон Боченски «Амурмен» өткен кездесуде қарсыластар қақпасына екі шайба салып, өзінің осы маусымда соққан шайбалар есебін 23-ке жеткізді. Сөйтіп ол сұрмергендер сайысында магнитогорскілік «Металлургтың» шабуылшысы Данис Зариповты артқа тастады, деп хабарлайды sports.kz.

31 жастағы американдық Құрлықтық хоккей лигасында төрт маусым бойы 20 шайбалық межеден асып келеді. Естеріңізге сала кетейік, 2011/2012 жылғы маусымда Боченски 27 гол соғып, лиганың басты сұрмергені атанған болатын.

Аталмыш кездесуде астаналық «Барыс» «Амурды» 8:2 есебімен ойсырата ұтты

0
0
381

Қазақ жанкүйерлері биылғы чемпиондар лигасының фаворитін анықтады

Реал

Қазақ жанкүйерлері биылғы чемпиондар лигасының фаворитін анықтады, деп жазады «Аламан».

Дауыс беру кезінде жанкүйерлердің 37 пайызы «Реалдың» жеңісіне сенсе, 30 пайызы «Барселонаны» жеңеді деп болжайды. «Челсидің» жеңісіне сенетіндер тоғыз пайыз ғана. Былтырғы жеңімпаз «Баварияның» жеңісіне бар болғаны сегіз пайыз жанкүйер сенген. «МЮ» пен «Боруссия Д» жеңісіне сенетіндер аз.

Чемпиондар лигасын биыл қай команда ұтып алады?

  • Реал (37%, 551 дауыс)
  • Барселона (30%, 450 дауыс)
  • Челси (9%, 134 дауыс)
  • Бавария (8%, 120 дауыс)
  • МЮ (5%, 82 дауыс)
  • Боруссия Д (3%, 50 дауыс)
  • Басқа команда (3%, 48 дауыс)
  • Милан (2%, 33 дауыс)
  • ПСЖ (1%, 18 дауыс).
0
0
334

Михаэль Шумахер ауыр жарақаттанып, ауруханаға түсті

Михаэль Шумахер

Әйгілі автошабондоз, «Формула 1»-дің бірнеше дүркін жеңімпазы Михаэль Шумахер ауыр бас жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Оқыс оқиға Францияның тау шаңғысы курортында орын алды. Белгілі болғандай, танымал спортшы шаңғымен сырғанап жүрген кезінде жарақаттанған.

0
0
411

Қазақстандық самбошы әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

Болатбек Райымқұлов

Мәскеу қаласында самбодан әлем кубогі кезеңінде батысқазақстандық Болатбек Райымқұлов жеңімпаз атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Болатбек 52 келі салмақта кілемге шықты. Облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің тағы бір балуаны, самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров бұл жолы 57 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Қос балуанды Қазбек Ибрашев пен Райымбек Меңдіғалиев жаттықтырып келеді.

0
0
452