Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Заринаның жеңісті жолын Галина жалғастыра алмады

Зарина Дияс
Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық теннисші Галина Воскобоева аса тартысты матчта испаниялық Карла Суарес-Наварродан жеңіліп қалды.

Үшінші партияда алда тұрған Галина сол басымдылықты пайдалана алмады. Сөйтіп 6:8 есебімен Карлаға жол берді. Алғашқы екі партия 6:7 және 6:3 есебімен аяқталған болатын. Г.Воскобоева әлемдік рейтингте 77-інші орында тұрса, К.Суарес-Наварро 16 сатыда келеді. Аталмыш чемпионатта ыстық ауа райына байланысты теннисшілердің шеберлігіне қоса төзімділігі де сыналуда.

Сонымен, Австралияның ашық біріншілігінде жекелей сында Қазақстаннан жалғыз Зарина Дияс қана қалды. Ол үшінші айналымда 1991 жылғы румыниялық теннисші, әлемнің 11-інші ракеткасы Симона Халеппен күш сынасады.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
376

«Барыс» ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне шықты

«Барыс» командасы
Елорданың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының плей-оф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты, деп хабарлады Sports.kz.

ҚХЛ Шығыс конференциясында 9-шы орында тұрған Владивостоктың «Адмирал» командасы Чехияның «Лев» командасынан ұтылғаннан кейін олар үшін ендігі уақытта Астананың «Барысы» алынбайтын қамал болып тұр.
«Барыс» командасының еншісінде 44 ойыннан кейін 88 ұпай бар. Ал 45 ойын өткізген «Адмиралдың» еншісіне 59 ұпай. Сондықтан да тұрақты чемпионаттың соңына дейінгі 10 турда астаналық команда 8-ші орыннан төмен сырғымайтындығы белгілі. Демек, плей-офф кезеңіне өтеді деген сөз.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
341

Әлем Кубогы: Қазақстандық Юлия Галышева — фристайл спорты бойынша 5 орында

Юлия Галышева

Америкадағы Лэйп Плэсидте могулдан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл кезеңде 23.90 көрсеткішімен канадалық Жюстин Дюфур-Лапуан топ жарды. Американдық Хайди Клозер (23.50) екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті АҚШ өкілі могул спорты бойынша әйелдердің көшбасшысы Ханна Кирни (23.13) тұйықтады.

Қазақстандық Юлия Галышеваға 5 орын бұйырды.

Әлем Кубогы есебінде Галышева 180 ұпаймен 6 орынға тұрақтады. Ал 40 ұпайға ие болған оның отандасы Дарья Рыбалова 25 сатыға орналасты.

0
0
316

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті өмірден өтті

Хосе Сулейман

WBC басшысы Хосе Сулейман өмірден өтті, деп хабарлады lenta.ru.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Хосе Сулейман Лос-Анджелестің ауруханасында 83 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Сулейманның ұлы Маурисионың айтуынша, бокс ұйымының жетекшісі ұзаққа созылған сырқатқа шалдыққан. Кардиологиялық ауруға байланысты ол өмірінің соңғы айларын ауруханада өткізген.

WBC ұйымы жетекшілерінің қазасы жайлы ақпаратты растап, Сулейманды «бокстың әкесі» деп атады.

0
0
350

«Барыс» хоккейшілері хорватиялық «Медвешчактан» тағы ұтылды

«Барыс» хоккейшілері хорватиялық «Медвешчактан» тағы ұтылды
Елорданың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының кезекті матчында хорватиялық «Медвешчак» командасына жол берді.

Астанада 1:3 есебімен аяқталған матчта Загреб хоккейшілерінің мерейі үстем болды. Голдарды қонақтар сапынан Мэтт Эллисон мен Шарль Лингле (дубль) салса, «Барыс» құрамынан Роман Старченко көзге түсті.

Айта кетейік, маусым басында екі команда кездескен болатын. Ол кезде де 1:2 есебімен хорватиялық команда жеңіске жеткен.

Дегенмен, бұл жеңіліс «Барыс» командасы үшін маңызды болған жоқ. Себебі астаналық ұжым Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шығып қойған болатын.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
209

Зарина Дияс үшінші айналымға шықты!

Зарина Дияс
Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңазеландиялық, тегі югославиялық Марина Эраковичпен кездесіп, оны 6:4 және 6:0 есебімен екі партияда ұтты.

Сөйтіп рейтингте 167-інші орында тұрған жиырма жасар Зарина өзінен әлдеқайда тәжірибелі, әлемнің 52-інші ракеткасы болып саналатын М.Эраковичті жеңіп, қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет Австралия біріншілігінің үшінші айналымына шықты. Енді З.Дияс американдық Варвара Лепченко немесе Румыния елінің жас жарық жұлдызы Симона Халептің біреуімен кортқа шығады.
Аталмыш чемпионатта Қазақстанның тағы бір үміті Галина Воскобоева осы сәтте испаниялық Карла Суарес-Наварромен күш сынасуда. Есеп тең — 6:7 және 6:3, қазір үшінші, шешуші партия ойналуда.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
293

Головкиннің 2 нокауты 2013 жылғы ТОП-20 нокауттар тізіміне енді

Геннадий Головкин
WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 2 нокауты TheTrueChamp.Com порталы түзген 2013 жылғы ТОП-20 нокауттар тізіміне енді, деп хабарлады Vesti.kz.

Дүниежүзілік рейтингтің ең басында Головкин мен Мэттью Маклин арасындағы жекпе-жек тұр. Есте болса, біздің боксшы үшінші раундта қарсыласын бауырынан ұрып, бүк түсірген еді. Ауыр соққыдан есеңгіреген британдық бірнеше минут ес жия алмай қалған болатын.
Головкиннің жапондық Нобухиро Ишидоны сұлатқан келесі нокауты аталған рейтинг үштігін қорытындылап тұр. Қазақстан спортшысы бұл жекпе-жегін де үшінші раунда аятаған болатын.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
187

УЕФА-ның жыл командасына Месси кірмей қалды

УЕФА сайты 2013 жылдың қорытындысын жариялады. Символдық құрама сайт оқырмандарының таңдауы бойынша жасалған. УЕФА-ның жыл командасына «Баварияның» төрт, «Реалдың» үш ойыншысы кірді. Роналду сегізінші рет символдық құрамадан табылды. Бұл рекорд. Өкініштісі, Месси биылғы тізімде жоқ. Мессиден бөлек, УЕФА жыл командасына «Барселона» ойыншыларының бірде бірі енбеген, деп жазады alaman.kz. Дауыс беруге 6.2 миллион адам қатысқан. Қақпашы: Мануэль Нойер (Германия, «Бавария»); Қорғаушылар: Давид Алаба (Австрия, «Бавария»), Филипп Лам (Германия, «Бавария»), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Тиаго Силва (Бразилия, «Пари Сен-Жермен»); Жартылай қорғаушылар: Гарет Бейл (Уэльс, «Реал»), Франк Рибери (Франция, «Бавария»), Марко Ройс (Германия, «Боруссия» Дортмунд), Месут Озил (Германия, «Арсенал»); Шабуы…

0
0
287

Қазақстан жастар құрамасы Украина командасын жеңді

Бұл күнді Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиынынөткізіп жатқан футболдан Қазақстан жастар құрамасы Украинаның»Говерла» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан жастар құрамасы – «Говерла» (Украина) 4:2 (1:2) Голдар: Фильчаков (2), Исламхан, Лунин – Трухин (2) Қазақстан (U-21): Павлов, Шмидт, Рудосельский, Пасичник, Сартаков, Сыдықбек, Узденов, Ли, Исламхан, Жаңғылышбай, Фильчаков. Екінші таймда алаңға мына футболшылар шықты: Грек, Құнов, Аслан, Хайруллин, Аллаяров, Таласбаев, Дәулетханов, Оқасов, Лунин. 14.01.2014, ж. Сиде (Түркия), «Көк су» стадионы Литвалық маман Саулюс Ширмялис баптайтын Қазақстан жастар құрамасықаңтардың 24-і мен ақпанның 2-сі аралығында Ресейдің Санкт-Петербургқаласында өтетін «Достастық кубогы — 2014″ турниріне қатыспақ.…

0
0
356

Нұрлан АҚҮРПЕКОВ: «Baku fires» командасын 3:2 есебімен жеңеміз»

«Астана арландары» Әзірбайжанда «Баку оттарын» 3:2 есебімен жеңеміз деп отыр. Команданың жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков 18 қаңтар күні Губада өтетін кездесуде бес жігіттің үшеуі жеңіске жетуі тиіс дейді. — Әзірбайжанға команда 17 қаңтар күні ұшады. Мықты құрам бара жатыр. Самат Бәшенов пен Руслан Мырсатаев осы жобада әбден ысылған жігіттер. Эхсан Роузбахани де қазір бабына келді. Мейірім Нұрсұлтанов жас та болса, көзі от шашып тұрған жігіт. Қалай жұдырықтасатынын Ресей құрамасымен болған айқаста көрдіңіздер. Ал Ілияс Сүлейменов командаға енді ғана қосылғаныменәуесқой бокста тәжірибесі зор. Осы боксшылар намысты қолдан бермес деп ойлаймын. Дегенмен, «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дейді ғой. Әзірбайжандықтар өз жерінде жеңіске жету үшін бәрін жасауы мүмкін. Тіпті, төрешілерді де өздерінеқаратып…

0
0
549