Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нұрлан АҚҮРПЕКОВ: «Baku fires» командасын 3:2 есебімен жеңеміз»

«Астана арландары» Әзірбайжанда «Баку оттарын» 3:2 есебімен жеңеміз деп отыр. Команданың жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков 18 қаңтар күні Губада өтетін кездесуде бес жігіттің үшеуі жеңіске жетуі тиіс дейді.

— Әзірбайжанға команда 17 қаңтар күні ұшады. Мықты құрам бара жатыр. Самат Бәшенов пен Руслан Мырсатаев осы жобада әбден ысылған жігіттер. Эхсан Роузбахани де қазір бабына келді. Мейірім Нұрсұлтанов жас та болса, көзі от шашып тұрған жігіт. Қалай жұдырықтасатынын Ресей құрамасымен болған айқаста көрдіңіздер. Ал Ілияс Сүлейменов командаға енді ғана қосылғаныменәуесқой бокста тәжірибесі зор. Осы боксшылар намысты қолдан бермес деп ойлаймын. Дегенмен, «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дейді ғой. Әзірбайжандықтар өз жерінде жеңіске жету үшін бәрін жасауы мүмкін. Тіпті, төрешілерді де өздерінеқаратып ала ма деген күдігіміз бар. Өйткені, олар тобымыздағы жағдайынқиындатып алды. Ұпай жинаулары қажет. Оның үстіне, Алматыда өткен жекпе-жек кешінде жеңіліп қалғандықтарын тағы қосыңыз. Қарымта қайтаруға тырысатындықтары анық. Әйтпесе, біздің жігіттер олардың боксшыларынан еш кем емес. Неде болса, барлығын шаршы алаң көрсетеді, — деді Нұрлан Ақүрпеков.

Айта кетейік, «Астана арландары» мен «Баку оттары» командаларыныңарасындағы айқас кеші 18 қаңтар күні Әзірбайжанның Губа қаласында өтеді. «Баку отары» командасының бас бапкері Нурипаша Талыбов «Baku fires» командасы «арландардан» мықты деп отыр. Қазақстандық бокссүйер қауым жекпе-жек кешін сағат 21:00-де «КазСпорт» телеарнасы арқылы тікелей эфирден тамашалай алады.

 
0
0
548

Осы тақырып бойынша

Нұрлан АҚҮРПЕКОВ: «Baku fires» командасын 3:2 есебімен жеңеміз» - Yvision.kz