Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан жастар құрамасы Украина командасын жеңді

Қазақстан жастар құрамасы Украина командасын жеңді

Бұл күнді Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиынынөткізіп жатқан футболдан Қазақстан жастар құрамасы Украинаның»Говерла» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан жастар құрамасы – «Говерла» (Украина) 4:2 (1:2)

Голдар: Фильчаков (2), Исламхан, Лунин – Трухин (2)

Қазақстан (U-21): Павлов, Шмидт, Рудосельский, Пасичник, Сартаков, Сыдықбек, Узденов, Ли, Исламхан, Жаңғылышбай, Фильчаков.

Екінші таймда алаңға мына футболшылар шықты: Грек, Құнов, Аслан, Хайруллин, Аллаяров, Таласбаев, Дәулетханов, Оқасов, Лунин.

14.01.2014, ж. Сиде (Түркия), «Көк су» стадионы

Литвалық маман Саулюс Ширмялис баптайтын Қазақстан жастар құрамасықаңтардың 24-і мен ақпанның 2-сі аралығында Ресейдің Санкт-Петербургқаласында өтетін «Достастық кубогы — 2014″ турниріне қатыспақ. Түркиядағы жиын сол додаға дайындық ретінде өтіп жатыр. Футболшыларының әлеуетіқаншалықты екенін тексеру үшін Ширмялис бірден қарымды командаға қарсы ойнауды жөн көрген секілді.

Олай дейтініміз, «Говерла» құрамында жұлдыздар жеткілікті. Владимир Езерский, Виталий Лисицкий, Адриан Пуканыч сынды Украина ұлттыққұрамасының намысын қорғайтын, Мариуш Никулаэ, Рэзван Кочиш сынды Румыния құрамасының сапында ойнайтын, Душан Савич сияқты Македонияқұрамасына шақыртылып жүрген саңлақтар жетерлік. Дэмьен Ле Таллек сынды Франция ұлттық құрамасын болашақ жұлдызы да бар. Грозный бұл кездесуге бар мықтыларын шығарды.

Бірінші таймда украиналықтар қарқынды ойнап, Станислав Павловқорғаған қақпадан екі мәрте саңылау тапты. Біздің жігіттер де қарап қалған жоқ, бір голмен жауап қайтарды.

«Говерла» командасы екінші таймды да керемет бастады. Сондай сәттердіңбірінде қақпамызға пенальти белгіленген. Абырой болғанда қақпашымыз Стас Павлов 11 метрлік айып допты тамаша мәнерде қайтарды. Осыдан кейін ойынғаөзгерістің керектігін сезген Ширмялис бірқатар ойыншыларды алмастырып, 4-1-4-1 ойын жүйесіне көшті. Нәтижесі көп күттірген жоқ. Жерлестеріміз шабуылдарын үдетіп, уақыт өткен сайын украиналықтарды тықсырта бастады да, алдымен есепті теңестіріп, артынша алға шығып, ойын соңына таман «Говерла» қақпасына тағы бір гол соқты. Қорытынды есеп — 4:2.

Енді Қазақстан жастар құрамасы 17 қаңтар күні Өзбекстан чемпионатыныңкөшбасшыларының бірі «Насаф» (Карши) футбол клубымен жолдастық кездесуөткізеді. Одан кейін 21 қаңтарда Әзірбайжан жастар құрамасына қарсы алаңға шықпақ.

Ал 23 қаңтар күні «Достастық кубогы — 2014″ турниріне қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшады.

 

Әз ӘДІЛ

 
0
0
357

Осы тақырып бойынша

Қазақстан жастар құрамасы Украина командасын жеңді - Yvision.kz