Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Федерация Кубогында Юлия Путинцева Индонезия құрамасының көшбасшысын тізе бүктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Федерация Кубогы аясындағы матчта Индонезия өкілі Лавинии Танантені айқын басымдылықпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан намысын алғаш рет қорғап отырған Путинцева Индонезия құрамасының көшбасшысына мүмкіндік бермеді. Ойын 6:2, 6:1 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Осылайша, әзірге Қазақстан 1:0 есебімен Индонезияны ұтып келеді.  Келесі кездесу Ярослава Шведова мен Вита Тахер арасында өтпек.

Федерация Кубогының Азия/Мұхит аумағындағы матчтары Астанада 8 ақпанға дейін өтеді. Келесі кезеңге берілер жалғыз жолдамаға 7 мемлекеттің құрамалары таласады. Қазақстан Тайланд пен Индонезия теннисшілерімен кездеспек.

Қазақстан намысын Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанчева қорғайды.

Федерация Кубогы 40 жылдан бері әйелдер теннисіндегі командалық турнирлердің ең негізгілерінің бірі болып саналады.

 
0
0
214

Осы тақырып бойынша

Федерация Кубогында Юлия Путинцева Индонезия құрамасының көшбасшысын тізе бүктірді - Yvision.kz