Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Мейвезерді жеңетініме 100% сенімдімін

Орта салмақтың королі Геннадий Головкин  P4P рейтингінің үздік боксшысы Флойд  Мейвезермен жекпе-жекке шығу үшін салмағын азайтуға әзір екенін тағы бір мәрте мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz.

- Бұл керемет айқас болар еді. Арманым да сол. Әрине, оны жеңерім сөзсіз. Бұл  бокс әрі бизнес. 100%  жеңетініме сенімдімін, жекпе-жекке шығуға әзірмін, — деп мәлімдеді Геннадий   TMZ-пен әңгімелесу барысында.

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
184

Александр Недовесов Попрадта жұптық турнирдің екінші айналымына шықты

Попрадта (Словакия) жұптық турнирдің бірінші айналымы бәсекесі өтті.

Словакиялық Иво Клецпен жұптасқан  қазақстандық Александр Недовесов     Джордже Джокович/Петер Важданы   - 6/1, 6/1 есебімен ұтты.

Ширек финалда Александр мен Иво Ковалик/Мертель — Ковальчик/Зеленай жұптарының жеңімпаздарымен кездеседі, деп хабарлайды sports.k.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
206

Роучтың көмегімен Котто бұрынғысына қарағанда едәуір күшейді — Боб Арум

Мексикандық Сайл Альвареспен жекпе-жек Фредди Роучтың жаттықтыруы арқасында WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы пуэрторикандық Мигел Коттоның пайдасына шешіледі, деп есептейді промоутер Боб Арум. Арумның атап өтуінше, егер Коттоны Роуч дайындамаса, Альварес басым түсер еді. «Фреддидің жетекшілігі арқасында Котто бұрынғысына қарағанда едәуір күшейді. Канеломен айқас өте ауыр болады. Бірақ Фредидің біліктілігі Мигелге басым болуға негіз қалайды. Мен ол болмағанда Канелоның мықтылығына шүбә келтірмес едім. Дегенмен бұл кездесу бәрібір аса шиеленісті болады»,-деген Арумның сөзін келтіреді Boxing Scene. Еске сала кетсек, Котто мен Альварестің жекпе жегі ресми түрде жариялана қойған жоқ. Бірақ екі жағы да ұзақ уақыттан бері рингте кездесуге ынта танытып отыр. Golden Boy Promotion…

0
0
228

Бүгін Бакуде І Еуропалық ойындар ашылады

Бакудегі Еуропалық ойындар Еуропа құрлығының тарихындағы алғашқы спорттық ойындар сайысы болып табылады, ол 12-28 маусым аралығында өтеді. Жалпы, Бакуде 20 спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өткізіледі: оның 16-сы — олимпиадалық спорт ойындары болса, қалған 4-уі — олимпиадалық емес спорт түрлері. Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған 6 мыңнан астам спортшы 17 күн бойы өз елінің намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, 2012 жылғы желтоқсанда Еуропалық Олимпиада комитеті Бакуды Еуропалық ойындарды өткізуге лайық деп таныған болатын. Ойындардың ашылу салтанаты көптеген мемлекеттердің телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі. Осыған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов басқарған Қазақстан делегациясы «Баку-2015» бірінші Еуропалық ойындарының ашылу рәсіміне қатысу үшін…

0
1
409

З.Дияс алты бірдей матчболды пайдалана алмай, жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы, жиырма бір жасар Зарина Дияс Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші айналымында американдық Сачия Викеримен күш сынасты. Еуроспорт 2 телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, Зарина ойынды өте сәтті бастап, 5:0 есебімен алда тұрды. Алайда бұдан кейін 20 жасар, дүниежүзілік рейтингте 129-ыншы орында тұрған С.Викери қатарынан төрт геймді ұтып, есепті 4:5-ке дейін қысқартты. Бірінші партиядағы соңғы гейм аса тартысты болып, он бес минутқа созылды. Американдық теннисші әлденеше рет брейк-пойнтты пайдалана алмады. Есесіне тәжірибесі мол Зарина ақыры дегеніне жетіп, бірінші партияны 6:4 есебімен жеңіспен аяқтады. Екінші партияда алдымен брейк жасаған С.Викери 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен көп ұзамай қар…

0
0
257

Таразда Қазақстан құрамасы волейбол бойынша Әлемдік лигаға әзірлік үстінде

12-14 маусымда Таразда ерлер ұлттық құрамасы үшін ірі жыл сайынғы коммерциялық турнир — Волейбол бойынша әлемдік лиганың XXVI халықаралық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлады ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметі. «Тараз-Арена» спорт сарайында «Н» тобы командасының бірінші туры өтеді, оның қатысушылары Қазақстан, Венесуэла, Мысыр, Испания болып табылады. Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы жарыс орнында, олар Әлемдік лига кезеңіне дайындық үстінде. Мысыр, Испания, Венесуэламен матчқа қатысатын ұлттық командаға 14 адам кірді, олардың екеуі жаңадан қосылғандар. Дәстүрлі түрде Әлемдік лига ұлттық құрамалардың маусымында алғашқы ресми турнир болып табылады. Қазақстанның әйелдер Гран-приін өткізуде үлкен тәжірибесі бар, алайда Әлемдік лиганы алғаш рет өткізіп, оған қатысуда. Жыл…

0
0
395

23 жастағы белгілі қазақстандық спортшы қайтыс болды

7 маусым күні қазіргі заманғы бессайыс бойынша аға жаттықтырушы, ҚР қазіргі заманғы бессайыс федерациясының Қызылорда филиалының бұрынғы директоры Илья Белых мезгілсіз дүниеден озды. Оның өліміне жүрек ақауы себеп болған. Илья Белых 1992 жылы 5 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген. Спортпен жеті жасынан бастап шұғылданды. Жүзуге белсенді қатысып, 2006 жылы спорт шеберінің нормативін орындаған. 2009 жылы Сингапурда өткен жасөспірімдер арасындағы бірінші Азия ойындарында күміс медальді жеңіп алды. 2009 жылдың жазында Жапонияда жасөспірімдер арасында жүзуден өткен Азия ойындарында екі алтын медальді иеленіп, жарыстың рекордын орнатты. 2009 жылдың қыркүйек айында Вьетнамда жабық кешендегі үшінші Азия ойындарында эстафеталық командалар құрамында алтын медальдің үш дүркін иегері атанды. 2…

0
0
364

Қазақстандық төреші УЕФА Аймақтық кубогының финалдық турнирінде қазылық етеді — ҚФФ

26 маусым мен 4 шілде аралығында Ирландия астанасы Дублин қаласында УЕФА Аймақтық кубогының финалдық турнирі өтеді. Айтулы турнирдегі ойындарға қазылық етуге шақырылған төрешілердің бірі — ФИФА төрешісінің көмекшісі, қазақстандық Санжар Ысқақов. Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды. 29 жастағы қостанайлық төрешінің УЕФА аясында жұмыс тәжірибесі баршылық. Ол Еуропа Лигасының іріктеу турнирінде «Зестафони» (Грузия) — «Спартак» (Словакия), «Войводина» (Сербия) — «Рапид» (Австрия) матчтарында қызмет еткен болатын. Сербия (2011) мен Нидерланд (2013) елінде өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде төрелік етті. Сонымен қатар, жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының аясындағы Сан-Марино — Грекия іріктеу м…

0
0
347

Я.Шведова Хертогенбос турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 76-ыншы сатыда тұрған Ярослава Шведова Хертогенбос (Голландия) турнирінің ширек финалына шықты.

Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Ярослава екінші айналымда әлемнің 94-інші ракеткасы, жаңазеландиялық Марина Эраковичті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Я.Шведова жартылай финалға шығу үшін осы турнирдің бесінші ракеткасы, итальяндық Камила Джорджимен күш сынасады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы З.Дияс Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан тағы бір халықаралық турнирдің екінші айналымында ертең дүниежүзілік рейтингте 129-ыншы орында тұрған американдық Сачия Викеримен кортқа шығады.

   
Басты сөздер: Спорт

0
0
198

Тони Белью: Головкинге 160 фунт салмақта ешкім қарсы тұра алмайды

Кезінде жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атаққа үміткер болған Тони Белью Головкин жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарланды GGG в ВКонтакте ресми сайтында.

«Менің ойымша, Головкингеі 160 фунт салмақ дәрежесінде ешкім қарсы тұра алмайды. Менің ойымша, оны тек 168 және одан жоғарыда ғана жеңу мүмкін. Ал Котто мен Канелло мұндай салмаққа жететіндей ірі емес.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
169