Роучтың көмегімен Котто бұрынғысына қарағанда едәуір күшейді — Боб Арум
Мексикандық Сайл Альвареспен жекпе-жек Фредди Роучтың жаттықтыруы арқасында WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы пуэрторикандық Мигел Коттоның пайдасына шешіледі, деп есептейді промоутер Боб Арум.
Арумның атап өтуінше, егер Коттоны Роуч дайындамаса, Альварес басым түсер еді.
«Фреддидің жетекшілігі арқасында Котто бұрынғысына қарағанда едәуір күшейді. Канеломен айқас өте ауыр болады. Бірақ Фредидің біліктілігі Мигелге басым болуға негіз қалайды. Мен ол болмағанда Канелоның мықтылығына шүбә келтірмес едім. Дегенмен бұл кездесу бәрібір аса шиеленісті болады»,-деген Арумның сөзін келтіреді Boxing Scene.
Еске сала кетсек, Котто мен Альварестің жекпе жегі ресми түрде жариялана қойған жоқ. Бірақ екі жағы да ұзақ уақыттан бері рингте кездесуге ынта танытып отыр.
Golden Boy Promotions бұл айқасты қыркүйек немесе қазанда ұйымдастыру ниетінде, деп жазады vesti.kz.
Басты сөздер: Спорт

