Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Талғат Жайлауов жанкүйерлер «ықыласынан» зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада «Барыс» шабуылшысы Талғат Жайлауов төтенше оқиғаға тап болып, зақымданып қалды.

Клуб жанкүйерлері команданы Астана әуежайында қарсылап, форвардты қолдарына көтеріп, шайқады, алайда ұстап тұра алмай, 28 жастағы хоккейшіні жерге түсіріп алды, ол басымен жер сүзе құлады. Жерден өздігінен тұра алмай жатып қалған ойыншының миына зақым келген, ол ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, «Барыс» Гагарин кубогының ширек финалына шықты. 1/8 финалда «Автомобилисті» 4:0 есебімен ұтты.

Басты сөздер: АстанаОқиғаСпорт

0
0
282

ESPN: Жұртшылық Головкин мен кіші Чавестің жекпе-жегін көргілері келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бокстан орта салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин ESPN танымал американдық спорт телеарнасы өткізген дауыс беруде жеңіске жетті, деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл дауыс берудің мақсаты сайтты пайдаланушылардың мексикалық Хулио Сезар кіші Чавестің келесі кездесуін кіммен өткізуі керектігі жөніндегі пікірлерін білу болатын. Оның қорытындысы бойынша бәрінен көп дауыс жинаған Головкин — 47 пайыз. Дауыс беруге 26513 адам қатысқан.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кіші Чавес болуы мүмкін. Американдық спорттық функционер және Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум бұл жекпе-жектің күзде болуы ықтимал екендігін мәлім етті.

Басты сөздер: Спорт
0
0
376

WSB ширек финалында кездесетін жұптар анықталды

Кеше түнде WSB аясындағы топтық кезеңнің соңғы кездесулері өтті. Ресей боксшылары Куба қабыландарынан басым түссе, Италия клубы Алжир командасын жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. WSB аясындағы кейінге шегерілген екі кездесу де 3:2 есебімен аяқталды. «Italia Thunder» клубының «Algeria Desert Hawks» командасын жеңетіндігіне ешкім де күмән келтірмеген болар. Десек те, Клементе Руссо бастаған Италия боксшыларына бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Негізі, Италия боксшыларына бұл кездесу өте маңызды еді. Себебі мұның алдында «Ukraine Ottomans» түзде немістің «Team Germany» командасын 5:0 есебімен ұтып, «А» тобында бірінші орынға шығып кеткен. Олардан екі ұпайы кем «Italia Thunder» клубына Украина атамандарынан асып түсу үшін Алжирде қайтсе де жеңіске жету керек болды. Ақыры тәжірибелі Италия к…

0
0
263

«Ордабасы» бас бапкерсіз қалуы мүмкін

Шымкеттік «Ордабасы» командасы футболдан Қазақстан біріншілігің басталуна санаулы ғана күндер қалғанда бас бапкерсіз қалуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне белгілі болғандай, команданың бас бапкері Виктор Пасулько бүгін орнынан кетуі мүмкін. Команда мен бапкер арасында шартнаманың не үшін бұзылғаны белгісіз болып тұр. Дәл осы мәселеге байланысты бүгін «Ордабасы» жетекшілері кезектен тыс жиын өткізеді. Ал, қазақстандық БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, Виктор Васильевич кеше түнде Шымкенттен кетіп қалған екен. Естеріңізде болса, шымкенттік команданың қатарында былтыр осындай оқиға болған еді. Ол кезде де түсініксіз жәйттарға байланысты Виктор Пасулько орнынан кетіп, бірақ арада екі айдай өткен соң команданы қайта жаттықтырған еді. Негізі клуб жетекшілері мен маман арасындағы келісім шарт 20…

0
0
302

Шүменов – Хопкинс: Көз арбасу рәсімі

Кеше Нью-Йоркте WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақтың қайыс қолғапты қыраны Бейбіт Шүменовтің кезекті жекпе-жегіне байланысты баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бейбіттің 19 сәуір күні Американың 49 жастағы, есімі төрткүл дүниеге мәшһүр тарланбозы Бернард Хопкинспен қолғап түйістіретінін білесіздер. Ол – IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Нью-Йоркте өткен баспасөз жиынында кәсіпқой бокстың дәстүріне сай екі боксшы бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көздерімен арбасты. Әу баста бұл жекпе-жек Нью-Йорктегі Бруклинде өтеді деп айтылған. Бірақ Шүменов пен Хопкинс Вашингтонда шаршы алаң көрігін қыздыратын болыпты. 30 жастағы қазақ боксшысы шетелдік журналистерге, атап айтқанда, Ringtv.com тілшілеріне берген сұхбатында былай депті: – Хопкинс…

0
0
428

ШҰҒЫЛ: «Барыс» клубы ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынының екiншi раундына шықты.

Екатеринбург қаласында «Барыс» пен «Автомобилист» арасында өткен төртiншi матч 2:1 есебiмен қазақстандық клубтың пайдасына шешiлдi.

Осылайша қатарынан төрт рет қарсыласын тiзе бүктiрген Ари-Пекка Селин шәкiрттерi ҚХЛ плей-офф сынының екiншi раундына өз тарихында алғаш рет өтiп отыр.

Гагарин Кубогiнiң екiншi раундында «Барыс» хоккейшiлерi «Ақ Барс» пен «Сiбiр» арасындағы тайталастың жеңiмпазымен кездеседi. Екеуара бәсекеде есеп — 2:2.

Басты сөздер: Спорт
0
0
229

«Сарыарқаның» ширек финалдағы қарсыласы – «Кубань»

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында плей-оффтың екінші кезеңіне шыққан командалардың бәрі анықталды. Қарағандының «Сарыарқасы» Братина кубогының ширек финалында «Кубань» (Краснодар) клубымен кездесетін болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Братина кубогының 1/8 финалында Балашиханың «Динамосын» бес матчта жолынан тайдырған «Сарыарқа» енді Краснодар клубымен кездесетін болды. «Кубань» бірінші белесте Тольяттидің «Ладасын» алты матча, яғни 4:2 есебімен жеңген болатын. Осы екі клуб арасындағы бірінші және екінші матчтар 18-19 наурыз күндері Қарағандыда өтеді. Ал 22 және 23 наурызда Краснодарда жалғасады. Қажет болса, бұдан кейінгі ойындар 26 наурызда (Қарағандыда), 28 наурызда (Краснодарда) және 30 наурызда (Қарағандыда) өтуі керек. Естеріңізге сала кетейік, ширек финалдағы додалар да төрт жең…

0
0
919

Ауыр атлетика: Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таиландта Ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде. 69 келіге дейінгі салмақта 18 жасар қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер жалпы көлемі 298 келі (132+166) салмақты бағындырып, жастар арасында үздік атанды. Тағы бір отандасымыз 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Әділбек Балхаев 269 келі (122+147) көтеріп, төртінші орынға ие болды. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында да Қазақстан құрамасының балғын спортшылары өздерін жақсы қырынан көрсетті. Селімхан Әбубәкіров 350 келі (160+190) көрсеткішімен 94 келіден жоғары салмақ спортшылары арасында чемпион атағын жеңіп алды. 69 келі салмақта күш сынасқан Михаил Макеев болса, ирандық Киануш Багерикордасуябидан сәл ғана қалыс қалып, 2-орынға табан тіреді.…

0
0
376

ШҰҒЫЛ: «Барыс» клубы ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынының екiншi раундына шықты.

Екатеринбург қаласында «Барыс» пен «Автомобилист» арасында өткен төртiншi матч 2:1 есебiмен қазақстандық клубтың пайдасына шешiлдi.

Осылайша қатарынан төрт рет қарсыласын тiзе бүктiрген Ари-Пекка Селин шәкiрттерi ҚХЛ плей-офф сынының екiншi раундына өз тарихында алғаш рет өтiп отыр.

Гагарин Кубогiнiң екiншi раундында «Барыс» хоккейшiлерi «Ақ Барс» пен «Сiбiр» арасындағы тайталастың жеңiмпазымен кездеседi. Екеуара бәсекеде есеп — 2:2.

Басты сөздер: Спорт
0
0
241

«Қайраттың» қарсыласы анықталды

Шағын футболдан УЕФА Кубогының финалдық кезеңіне жеребе тартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әзірбайжан астанасы Баку қаласындағы «Hilton» қонақ үйінде болған жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша Алматының «Қайраты» УЕФА Кубогының жартылай финалында Мәскеудің «Динамо» командасымен кездеседі. Ал, екінші жұпта әзірбайжандық «Араз» клубы мен испандық «Барселона» командалары ойнайтын болады. «Қайрат» пен «Динамо» арасындағы жартылай финалдық кездесу 24 сәуір күні 15:30-да өтетін болса, алаң иесі «Араз» бен «Барселона» арасындағы ойын дәл сол күні жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады. Ал, үшінші орын үшін өтетін кездесулер 25 сәуір күні болса, финалдық кездесу 26 сәуір күні Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Бұл ойындардың нақты уақыты әлі белгіленбеген. Айта кетейік, шағын фу…

0
0
221