Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Үш балуанымыз үздік ондықтың қатарында

Халықаралық күрес ассоциациясы (ФИЛА) еркін күрес балуандарының жаңа рейтингін жариялады. Жаңа тізімде Қазақстанның үш балуаны үздік ондықтың қатарына енген, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жаңа тізімді ФИЛА балуандардың ақпан айында көрсеткен өнерлеріне байланысты жасаған. Тізімде қазақстандық балуандардың ішінде ең жоғары көрсеткішті 57 келіде белдесетін Руслан Қалиев көрсетіп тұр. Жыл сайын Иран жерінде өтетін «Тахти Кубогі» деп аталатын турнирде екінші орын алған Руслан тізімнің алтыншы сатысына орналасқан. Бұл салмақта ирандық балуан Хасан Рахими бірінші орында тұр. Екінші орында үндістандық Амит Кумар болса, үздік үштікті ресейлік Нариман Исрапилов түйіндеп тұр. 61 келі салмақта отандасымыз, «Тахти Кубогінде» топ жарған Дәулет Ниязбеков тізімнің жетінші сатысанан орын алыпты. Бұл салм…

0
0
454

«Еуразия барысы» Еуропада өтуі мүмкін

Былтыр қараша айында қазақ күресінен Жамбыл облысында мәресіне халықаралық «Еуразия барысы» турнирін өткізуге сұраныс білдіріп отырған елдер көп деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораевқа сілтеме жасап. «Еуразия барысы» турнирін бірінші рет өткізгеннен кейін біз үшін таңсық болды. Осыдан кейін қазақ күресіне қызығушылық білдірген басқа мемлекеттер өте көп болды. Мысалы, Ресей, Польша секілді елдерде қазақ күресінің федерациясы ашылып жатыр. Осы тәжірибені жалғастыра отырып, біраз шараны қолға алсақ дейміз», — деді Арман Шораев. Қазақ күресін дамытуға қатысты көптеген жұмыстар жасалып жатқандығынан Арман Шораев мысал келтірді. Мәселен, биыл Түркияда өтетін халықаралық сайыс бағдарламасына қазақ күресі еніп отыр екен. «Халықа…

0
0
658

Астанада ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақша күрестен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жаңа маусымы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада 12 наурызда Ұлт көшбасшысы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақша күрестен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұл туралы «Қазақстан Барвасы» қазақша күресін дамыту қорының баспасөз баянында хабарланды.

Еліміздегі ең айтулы спорттық жобаның финалдық сынына жолдама алатын балуандар есімі наурыз айында басталатын 3 іріктеу кезеңінен соң анықталады.

Салмағы 80 келіден жоғары, жасы 18-ге толған әрбір балуанның «Қазақстан Барысы» жобасында бақ сынап, халықтың батыры атануына мүмкіндігі бар.

Басты сөздер: АстанаСпорт
0
0
315

15 наурызда футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат — 15 наурызда премьер лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионаты басталады. Чемпиондық атаққа биыл 12 клуб таласып көрмек. Біріншілікте бас жүлдені жеңіп алуы мүмкін ұжымдардың ішінде биыл чемпион атанып, Қазақстан Суперкубогін жеңіп алған «Ақтөбе» футбол клубы, еліміздің тарихында алғаш рет Еурокубоктің топтық сынында өнер көрсеткен «Шахтер» командасы, қарқын алып келе жатқан «Қайрат» клубы мен бірқатар мықты ойыншылармен толыққан «Астана» командасы бар. Бірінші айналымда «Тараз» (Тараз) — «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Ертіс» (Павлодар) — «Шахтер» (Қарағанды), «Тобыл» (Қостанай) — «Спартак» (Семей), «Қайрат» (Алматы) — «Атырау» (Атырау), «Астана» (Астана) — «Жетісу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда) — «Ордабасы» (Шымкент) кездесулері өтеді. Автор: Жасұлан Жолдыба…

0
0
345

«Барыс» ҚХЛ чемпионатының ширек финалына шығудың сәл-ақ алдында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынында екатеринбургтiк «Автомобилисттен» үшiншi мәрте басым түстi. Екатеринбургта өткен матч барысында қазақстандық ұжым 1:2 есебiмен тiзе бүктiрдi. Алғашқы голды «Автомобилист» хоккейшiлерi салды, Артем Чернов ойынның жетiншi минутында ұрымтал сәттердiң бiрiнде қақпаны дәл көздедi. Дегенмен, екiншi айналымның үшiншi минутында Константин Романов есептi теңестiрдi. Ал үшiншi айналымда Константин Руденко «Барысты» алға шығарды. «Автомобилист» соңғы минуттарға дейiн гол салуға тырысты, алайда астаналықтардың қақпашысы үздiк ойын көрсеттi. Осылайша, плей-офф сериясында есеп 3:0, «Барыстың» есесi түгел. Келесi матч 12 наурызда Екатеринбургта өтпек. Ол ойында астаналықтар жеңетiн болса, ҚХЛ-дың ширек финалға өтедi. Автор: Ж…

0
0
336

Головкин WBN тұжырымының P4P рейтингінде бір саты төмен сырғыды

WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин WorldBoxingNews (WBN) тұжырымының Pound for pound (P4P) рейтингінде бір саты төмен сырғыды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Мамыр айында жарияланған жаңа тізім бойынша Головкин Саул Альваресті алдына жіберіп 13 сатыға тұрақтапты. Ал, өз кезегінде Саул британдық былғары қолғап шебері Карл Фрочты алдына жіберіп алған. Жаңа тізімнің көшбасында ешқандай өзгеріс орын алмаған. Бірінші орында американдық боксшы Флойд Мейвезер. Екінші орында филиппиндік Мэнни Пакьяо болса, үздік үштікті тағы да бір американдық былғары қолғап шебері Андре Уорд түйіндеп тұр. Әрі қарай тізімде украиндік Владимир Кличко, американдық Тимоти Брэдли, кубалық Гильермо Ригондо, аргентиналық Серхи…

0
0
277

Азия чемпионатынан екі алтын және бір күміс бұйырды

Тайландтың Бангсаен қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс олжалады, деп хабарлайдыTengrinews.kz. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа Тимур Хасаров, Әділбек Балқаев, Михаил Макеев, Альберт Линдер және Селімхан Әубәкіров сынды жас зілтеміршілерді алып барды. Бұл спортшылардың барлығы дерлік Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып саналады. Жасөспірімдер арасындағы сары құрлық бәсекесінде Қазақстан қоржынына бірінші күміс медаль түсті. Бұл медальды жарыстың екінші күні 17 жасқа дейінгі жасөпірімдер арасында 69 келіде сынға түскен Михаил Макеев алып берді. Ол жұлқа көтеруде 122 келіні, серпе көтеруде 149 келіні бағындырып, қорытындысында 271 ұпай жинады. 69 келі салмақта өнер к…

0
0
332

Зарина Дияс Қытайдағы ITF турнирiнiң жеңiмпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисшi Зарина Дияс Қытайда өткен ITF сериясы турнирiнде жеңiмпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдiң жалпы сыйақы қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды. Зарина Дияс Халықаралық әйелдер күнiнде өзiне үлкен сыйлық жасады.

Жартылай финалда Зарина Дияс өзінің бұрынғы жерлесі, қазір Ресейдің туы астында өнер көрсетіп жүрген Ксения Первакті жеңген болатын. Ойындағы есеп 20 жасар қазақстандық теннисшінің пайдасына 6:1, 3:1 болып тіркелген кезде, Первак әрі қарай ойнаудан бас тартты. Сонымен қатар, бұның алдында Зарина Дияс үш қытайлық спортшы — Яфань Ванді (6:3, 6:3), Шилинь Сю (6:1, 6:2) мен Ван Цянді (6:4, 1:6, 6:1) жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

Басты сөздер: Спорт
0
0
288

ҚХЛ: «Барыс» плей-офф сериясының бірінші ойынында «Автомобилистен» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Гагарин Кубогының плей-офф сериясының бірінші ойынында өз алаңында екатеринборлық «Автомобилисті» ұтты.

Ойының бірінші кезеңінде қарсыластар есеп ашқан жоқ. Кездесудің келесі кезеңдерінде ойын қыза түсіп, қос команда да негізгі уақытта  2:2 есебімен тең түсті. Алайда тағайындалған қосымша овертаймда да қарсыластардың мықтысы анықталған жоқ, тек екінші экстра-таймда астаналықтар үшінші шайбасын салып, 3:2 есебімен алға шықты.

ҚХЛ аясындағы плей-офф тартысында ертең «Барыс» өз алаңында «Автомобилист» хоккейшілерімен екінші ойынын сағат 17:00-де «Қазақстан» спорт сарайында өткізеді.

Басты сөздер: Спорт
0
0
247

Бірінші болғым келеді — Сочи паралимпиадасына қатысушы Қ.Қанафин

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық паралимпиадашы Қайрат Қанафин 7,5 шақырымдық биатлон жарысында өзінің қобалжығандығын жасырмады, деп хабарлады Vesti.kz. «Қатты қобалжыдым әрі ол менің алғашқы нысана көздеуімнен-ақ байқалды. Содан кейін қобалжуымды басып, келесі нысанада мүлт кетпедім. Жалпы, дайындығым жақсы еді. Дегенмен, бүгін Қазақстан Паралимпиадада биатлон жарысына алғаш рет қатысты. Бұл да әсер еткен сияқты. Алдағы уақытта үздік нәтижелер көрсетyім деп сенемін», — дейді жарыста 17-ші орынға тұрақтаған спортшы. Сонымен қатар, ол Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты есінде қалғанын, стадионға жиналған жанкүйерлер Қазақстан құрамасын жылы қабылдағандығын атап өтті. Оның атап өтуінше, Қазақстанда оған барлық отбасы — әке-шешесі, бауырлары мен апайлары, әйелі мен қызы жанкүйер болу…

0
0
796