«Барыс» спорт клубы жеткіншектерге белбеу тапсырды
Алматыда «Барыс» таэквондо клубы өрімдей жас спортшыларын аттестациядан өткізіп, белбеу тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Барыс» таэквондо клубының бұл рәсімінде жас бүлдіршіндерден бастап, жасөспірімдерге дейін аттестациядан мүдірмей өткендер сары белбеуден қара белбеуге дейін иеленді. Барлығы 110 жеткіншек өз шеберліктерін паш етіп, олардың ішінде үшеуі қара белбеу иегері атанды. Басым көпшілігі – халықаралық додаларда жүлдеге ілігіп жүрген өрімдей қазақ жастары. Жалпы, «Барыс» таэквондо клубы (орталығы) 2008 жылы құрылған. Орталықтың құрылу мақсаты – таэквондоның біздің елдегі даму барысына үлес қосу және Қазақстан құрамаларына жоғары деңгейлі спортшылар дайындап отыру. Бұл орталықтың президенті – елімізге танымал спорт қайраткері Амалбек Тшанов. Жақында вице-президенті ауысып,…
