Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Шведова Family Circle Cup турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова испандық спортшы Анабель Медина Гарригеспен жұптасып, АҚШ-та Family Circle Cup халықаралық турнирінде жеңіске жетті.

Чарльстонда өткен доданың жалпы сыйақы қоры 710 мың АҚШ долларын құрайды.

Ақтық сында Шведова/Гарригес жұбы тайпейлік Хао-Чин Чан/Янг-Жан Чан дуэтін 7:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Бұның алдында олар тартысты өткен жартылай финалдық бәсекеде АҚШ теннисшілері Ракель Копс-Джонс пен Эбигейл Спирстен 7:5, 6:7, 10:8 есебімен басым түскен болатын.

Осы жеңістен кейін Шведова мен Гарригес 38 мың доллар ұтып, WTA рейтингісінде 470 ұпайдан иеленді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
210

БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды — Санчес

WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше, мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавестің салмағының едәуір ауырлауы керісінше қазақстандықтың пайдасына шешіледі. «Чавестің салмағы қаншама ауыр болсын, Геннадий оған бас ауыртпақ емес. Головкин рингке 172 фунт маңайында шығады. Қосымша салмақ оның жылдамдығына, өзіндік айла-тәсіліне кері әсерін тигізе алмайды. Егер Чавес шаршы алаңға 20-25 фунт ауыр болып шығар болса, онда қимылы баяулайды. Бұл, жекпе-жек кезінде Геннадийдің алдына қойған мақсатын орындауды жеңілдетеді», — деді Санчес. Еске сала кетсек, 31 жастағы Геннадий Головкин мен 28 жастағы Хулио Сезар кіші-Чавес арасындағы кездесуді АҚШ-та, 19 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz. Басты сөздер…

0
0
322

Шүменов пен Хопкинс жекпе-жегі — үздік кездесулер қатарында

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов пен IBF чемпионы, американдық Бернард Хопкинс арасындағы біріктірілген чемпиондық атақ үшін өтетін кездесу «Чемпионат.com» порталының рейтингі бойынша сәуір айының ең қызықты жекпе-жектерінің қатарына қосылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. 30-жастағы Бейбіт Шүменов пен 49-жастағы Бернард Хопкинс арасындағы жекпе-жек 19 сәуір күні Вашингтондағы DC Armory аренасында өтеді. Егер бұл кездесуде Хопкинс жеңіске жетсе, онда ол бокс тарихындағы біріктірілген чемпиондық атақты жеңіп алған ең қарт боксшы атанады. «Өз дәуірінде Бернард WBC, WBA, IBF және WBO сынды барлық төрт тұжырымның чемпиондық атақтарын жеңіп алған боксшы болған. Бірақ, ол кезде ол жас және бұл чемпиондық атақта…

0
0
381

Дэвис кубогының бірінші күні Кукушкин Федерермен ойнайды

Қазақстан мен Швейцария құрамалары арасындағы Дэвис кубогының ширек финалдық кездесуін Станислас Вавринка мен отандасымыз Андрей Голубев ашатын болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Ширек финал кезеңінің жеребесі бүгін Женевада тартылды. Оның қорытындысы бойынша екінші болып әлемнің экс-бірінші ракеткасы Роджер Федерер мен Михаил Кукушкин ойнайтын болады. Бұл кездесулер 4 сәуір күні өтеді. Ал, Қазақстан мен Швейцария теннисшілері арасындағы жұптық кездесу 5 сәуірге жоспарланса, 6 сәуір күні теннисшілер тағы жекелей сында ойнайтын болады. Бұл құраманың капитандары қазірге жұптасып өнер көрсететін спортшылардың есімдерін айтқан жоқ. Дегенмен, жергілікті БАҚ өкілдерінің болжамы бойынша, Вавринка/Федерер мен Недовесов/Королев ойнайтын көрінеді.…

0
0
265

«Сарыарқа» түзде «Торосты» екінші рет тізерлетті

Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының жартылай финалында қазақтың «Сарыарқасы» мен башқұрттың «Торосы» кездесуде. Алғашқы екі ойында Қарағанды клубы 4:1 және 3:2 есептерімен жеңіске жетті, — деп жазады Tengrinews.kz. Осыдан бірер күн бұрын Гагарин кубогы додасында Астананың «Барысы» Уфаның «Салават Юлаевынан» аса алмағанда, Қазақстан жанкүйерлері «қазақ-башқұрт додасы одан әрі жалғасады, енді Қарағанды мен Нефтекамск клубтары арасындағы кездесулерге куә боламыз» деген. Әрі «Барыстың» есесін «Сарыарқа» қайтаратындығына сенімді екендіктерін білдірген болатын, отандық шайбалы хоккей жанкүйерлерінің көбісі. Биыл «Сарыарқа» мен «Торос» клубтарының жолдары Братина кубогының жартылай финалында түйісіп отыр. Башқұртстан клубы Жоғары хоккей лигасының негізгі біріншілігінде Қарағанды…

0
0
284

«Де Паннедегі үш күн» бәйгесіндегі қазақ велошабандозының жетістігі

Бельгияда өтіп жатқан велошабандоздар арасындағы үш күндік бәйгенің екінші кезеңдік жарысында қазақ велоспортшысы Руслан Тілеубаев мәре сызығын төртінші болып қиды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Де Паннедегі үш күн» (ағылшынша – Three days of De Panne) веложарысы үш күн бойы өтеді. Бірақ төрт бәйгеден тұрады. Алғашқы үш бәйгенің қорытындысы бойынша 120 велоспортшы ғана ең соңғы жекелей жарысқа қатыса алады. Яғни үшінші күні екі бірдей бәйге өткізіледі. Таңертең 112 шақырымдық қысқа бәйге, ал одан кейін спортшыларды сөреден жеке-жеке жіберетін қысқа жарыс ұйымдастырылады. Бұл бәйгелер Бельгияның Батыс Фландрия аймағында өткізіледі. Өз кезегінде апталық «Фландрия турына» дайындық сыны ретінде ұйымдастырылады. Осы «Де Паннедегі үш күн» велобәйгесінің екінші күнгі ең ұзақ 214 шақырымдық жары…

0
0
351

Бекзатты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өтуде

Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің иегері, Түркістан перзенті Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасында ХІІІ халықаралық турнир жалауын көтерді. Түркістан қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, дәстүрлі бәсекеде бақтарын сынауға еліміздің барлық облыстары мен Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей секілді шет мемлекеттерден 200-ге жуық жас спортшылар қатысуда. «Бекзатты еске алуға арналған сайыстың маңыздылығы жас спортшыларымыздың әлеуетін байқауға үлкен септігін тигізеді. Себебі, былғары қолғап киген өрендеріміз тек ел іші емес халықаралық деңгейде бақтарын сынайды», — дейді аталған жарыс жөнінде данқты боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбеков. Халықаралық бәсеке Бекзаттың туған күні я…

0
0
364

Астанада айтыс ақындарының арасында бильярдтан турнир өтеді

Ертең сағат 11.00-де Ұлттық Академиялық кітапханада қазақ әдебиеті, оның ішінде айтыс өнеріне қатысты үш кітаптың тұсауы кесіледі. Бұл туралы Айтыс ақындары мен жыршы, термешілер халықаралық одағының баспасөз қызметінен хабарлады. Шара барысында «Қазақстан айтыс ақындары» атты анықтамалық жинақтың және айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлының «Шертолғақ» атты айтыстар жинағының, сондай-ақ айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтеді. Іс-шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ардагер ақындар, айтыскерлер, жыршы, термешілер қатысады деп күтілуде. ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен жарық көрген а…

0
0
489

«Жетісу» алтыншы рет қатарынан ел чемпионы атанды

Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионаты бүгін аяқталады. Ал чемпион кеше анықталып, Талдықорғанның «Жетісуы» алтыншы рет қатарынан топ жарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ел чемпионатының Талдықорғанда өтіп жатқан алтыншы (соңғы) турында «Жетісу» төртінші рет жеңіске жетіп, саф алтынға қол жеткізді. Кеше «Алматы» аруларын үш сетте тізе бүктіріп, негізгі бәсекелесі «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) клубынан қара үзді. Бұл – Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «Жетісу» қыздарының биылғы маусымдағы 24-ші жеңісі. Талдықорған клубы биыл бес-ақ рет ұтылды. Міне, алтыншы жыл болды, елімізде еш клубқа алтын жүлдені ұстатар емес. Айтпақшы, кеше әйелдер арасындағы «Ұлттық лигада» тағы бір қызықты нәтиже тіркелді. 1 сәуірде, яғни күлкі күні дейсіз бе, әлде әзіл-оспақ күні дегіңіз келе ме, өз…

0
0
367

Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Астанадағы Қазақстан футбол федерациясының ғимаратында футболдан Қазақстан кубогының бірінші кезең жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап. Биыл Қазақстанның кубогының бірінші айналымында 22 клуб өнер көрсетеді. Сәйкесінше олар 11 жұпқа бөлінген. Ал, екінші айналымнан бастап бұл турнирге «Шахтер», «Тараз», «Ертіс», «Ақтөбе» сынды былтырғы ел кубогының жартылай финалына шыққан командалар қосылады. Одан бөлек, былтырғы маусымының қорытындысы бойынша ең үздік көрсеткіш көрсеткен «Астана» клубы да қосылатын болады. ҚФФ-ның ережесіне сәйкес бірінші айналымда премьер-лига командалары бірінші лигадағы командалармен жолығады. Бірақ, ол ойындар деңгейі төмен команданың алаңында өтуі керек. Бірінші айналымның жеребесі қорытындсы бойынша «Жетісу-Сұңғар» —…

0
0
323