Мазмұнға өту
kazinform_kz

kazinform_kz

Сайтта 2014 ж. 3 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

242

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылу

1

«Ұлттық медициналық холдинг» Білім күніне орай 125 балаға сертификат тапсырды

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның барлық еншілес ұйымдары кәсіподақ комитеттерімен бірлесе отырып, «Балаларды мектепке дайындайық» акциясының аясында холдинг қызметкерлерінің балаларына сертификаттар тапсырды. Акцияға орай, Холдингке қарасты барлық ұйымдардың қызметкерлері арасынан көп балалы отбасылар, болмаса әлеуметтік аз қамтылған отбасылар таңдалған. Холдинг жиналған қаражатты 125 бала арасында бөліп, әрқайсысына 10 000 теңгенің сертификатын тапсырып отыр. «Келе жатқан Білім күніне орай біздің ұжым «Балаларды мектепке дайындайық!» атты акция аясында көп балалы отбасыларға және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде сертификат тапсырып отыр. Акция аясында 125 балаға 10 000 теңгенің сертификаты беріледі. Бұл ақша әжептәуір көмек болады деп сенемін. Жалпы, шара аясында 1 мл…

0
0
185

«ҚазАқпарат» елімізде ғана емес, сонымен бірге Орта Азия аймағындағы жетекші агенттіктердің бірі болып келеді

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігін 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.«Ақпарат - тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнықтыратын ең басты идеологиялық құрал. Ал бұл кеңістікте биыл 95 жылдығын тойлап отырған өзіндік терең тарихы бар «ҚазАқпарат» агенттігінің орны ерекше. Бастауын сонау 1920 жылдан алатын бұқаралық ақпарат құралы өз заманының жаңалық жаршысына айналып, тек елімізде ғана емес, сонымен бірге Орта Азия аймағындағы жетекші агенттіктердің бірі болып келеді. Тәуелсіз еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірін жан-жақты жазатын сенімді ақпарат көзі ретінде халықтың ықыласына бөленіп жүрсіздер. Агенттіктің барша ұжымына толағай табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!», - делінген құттықтауда. ҚазАқпарат http://w…

0
0
279

19-25 тамыз аралығында Астана әуежайындағы түнгі рейстерге шектеу болады

Алдағы 19-25 тамыз аралығында Астана Халықаралық әуежайы түнгі сағат 22-00 -ден 03-00-ге дейін ұшақтарды қабылдап, ұшыруды уақытша тоқтатты, деп хабарлады "ҚазАқпаратқа"әуежайдың маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінен.


«Оның басты себебі, түнгі уақытта ұшу-қону алаңында жарық-сигналдары берілмейді», делінген хабарламада. 
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Астана әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа терминал мен ұшу-қону алаңын жөндеуге 60 млрд.теңге жұмсалады.

http://www.inform.kz/

0
0
324

Жыл соңына дейін республика бойынша 162 балабақша пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін республика бойынша 162 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.«Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 78,6 пайызды құрады. Жыл соңына дейін 162 мектепке дейінгі ұйым ашылатын болады. Бұл балалардың 81 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», - деді ол. Оның атап өтуінше, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үшін арнайы жол картасы әзірленген. Аталған картаға сәйкес, мемлекеттік жеке серіктестік негізінде 18 және жеке инвестиция есебінен 324 балабақша ашылатын болады. «Президентттің балаларды жүз пайыз мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы 2020 жылғ…

0
0
328

Астанада Дж. Вердидiң «Аида» операсы ашық аспан астында қойылмақ

Елорда күнiне орай, Астанада 1-2 шiлде күндері Дж. Вердидiң "Аида" операсы қойылатын болады.Бұндай көлемдегi қойылым ашық аспан астында өтедi деп жоспарлануда. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялық қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Төлеубек Әлпиев мәлiм еттi. "Бұл спектакльдi бiз тамаша мерекеге орай - Астана күнiне арнап отырмыз. Ашық аспан астындағы қойылым - театрдағы ерекше жанр. Онда көптеген факторлар ескерiледi: театралдық алаңның ауқымды аумағы, сахнаның ерекше орналасуы, әртiстердiң кең құрамы, үлкен аудитория, сонымен бiрге арнайы жарық пен бейнеаппаратура", - дейдi театр басшысы. Жобаға танымал ресейлiк әртiс Юрий Александров жетекшiлiк етпек. Юрий Александров кезiнде Күләш Байсейiтова атындағы опера және балет театрын және жаңадан салынған "Астана Опера" театрының ашылу…

0
0
198

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу — Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырады — Ұлыбритания СІМ

16-18 маусым күндері ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Лондонда сапарда болды.Сапар ауқымында Р.Жошыбаев британдық компаниялар үшін ЭКСПО-2017 таныстырылымына қатысты, Ұлыбритания Премьер-Министрі кеңсесінің «TheGREATBritain» бағдарламасының жетекшісі Конрад Бердпен, Ұлыбритания сыртқы істер министрінің орынбасары Тобиас Элвудпен, Сауда және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің бас атқарушы директоры Доминик Джермеймен, сондай-ақ жетекші британдық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің таныстырылымына осы көрмені ұйымдастыруға қатысуға және нысандарды көрмеден кейін пайдалануға мүдделі 70-ке тарта британд…

0
0
322

«Startup „Bolashak“ стартап-жобалар байқауы басталады

Жазда «Startup «Bolashak» атты стартап-жобасы басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.«Біз жақында қауымдастықтың жаңа стратегиясын қабылдадық. Осының аясында жастар кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аудармақпыз. 17 маусымда «Болашақ» қауымдастығының «Startup «Bolashak» атты стартап-жобасы бастау алады. Ол қауымдастық тартатын демеушілік қаржы есебінен қаржыландырылады. Бұл тұрғыда біз өз ісін бастауға ниетті жас кәсіпкерлердің бизнес идеяларының байқауын өткізбекпіз», -деді Қ. Бишімбаев. Оның сөзіне қарағанда, жазда кәсіпкерлік қоғамдастықпен бірлесе осы жобаларды іріктеу жоспарланып отыр. Бұдан кейін жас кәсіпкерлер өздерінің бастамаларын жүзеге асыруға мүкіндік алмақ.…

0
0
363

Әлем чемпионатында қазақтың қаршадай қызы өз тобында үздік нәтиже көрсетті

Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында В тобында өнер көрсеткен 17 жасар қазақтың қаршадай қызы Әйгерім Ауылбек (58 келі) бірінші орынға ие болды. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Әйгерім алғашқы жаттығуда 79 келіні басынан асыра еркін көтерсе, екіншісінде 101 келіні оңай бағындырып, қос сайыс қорытындысы бойынша жерлесіміз 180 келі көрсеткішпен өз тобында ең үздік спортшы атағына қол жеткізді. Айгерім бұған дейін де әр түрлі додаларда еліміздің намысын абыроймен қорғап келеді. Айталық, ол осыған дейін жасөспірімдер арасындағы (17 жасқа дейін) Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы атанған. Маусымның…

0
0
138

Қазақстан адами капиталды дамыту индексі рейтингінде 37-ші орында

Дүниежүзілік экономикалық форумда Адами капиталды дамыту индексі бойынша ұсынылған баяндама бойынша 2015 жылы Қазақстан 37-ші орынға ие болды. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (45 орыннан) 8 сатыға жоғары. «Адами капиталды дамыту индексі білім беру жүйесінің нәтижелігін, еңбек және жұмыспен қамтуды бағалау жолымен 124 елдегі адами капиталдың дамуы тиімділігін өлшейді. Қазақстан білім беру тұрғысынан жақсы нәтиже көрсетті: жастардың сауаттылық деңгейі бойынша - 33, бастауыш біліммен қамту бойынша - 15 орында. Сонымен қатар, Қазақстанда 2 жыл ішінде бастауыш мектеп сапасы (+ 3 позицияда), білім беру жүйесінің сапасы (+9 позицияда) бойынша қарқынды алға жылжу бар», - делінген ҚР БҒМ мәліметінде. Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Португалия (38 орын…

0
0
273

Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өңірлік конференция болып өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында кеше, 14 мамырда «Қасқа жолды Қасым хан» тақырыбында өңірлік ғылыми конференция болып өтті.Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты биылғы қыркүйек айында өткізетін «Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі - қазақ мемлекеттілігінің феномені» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференцияға дайындық ретінде ұйымдастырылып отыр. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Бағлан Мақұлбеков, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстық соттарының төрағалары мен судьялары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ғалымдар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдарының белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияның…

0
0
401