Мазмұнға өту
kazinform_kz

kazinform_kz

Сайтта 2014 ж. 3 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

242

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылу

1

Қазақстандықтардың 98 пайызы қазақ елінің азаматы болғанын мақтан тұтады

Қазақстандықтардың 98 пайызы қазақ елінің азаматы болғанын мақтан тұтады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты ІІ халықаралық медиа форумның жалпы сессиясында ҚХА Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов айтты. «Соңғы әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес халықтың 98 пайызы біздің еліміздің азаматы екендігін мақтан тұтатындығын білдірген. 95 пайызы басқа барлық этностардың өкілдеріне оң қөзқараста екендігін атап өткен», - деді ол. Сонымен қатар Е.Тоғжанов бұл бос сандар еместігін, елдегі шынайы ахуалдың нақты көрінісі екендігін атап өтті. Елімізде жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың айқын нәтижесі екендігін баса айтып, биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы екендігіне ерекше тоқталды. «Қазақстан халқы…

0
0
277

Инсулинді енгізудің жаңа әдісін тапқан жас ғалым 7,5 млн. теңгелік грантты жеңіп алды

Бүгін Астанадағы «Қазақстан - жаңа жаһандық инновациялық хаб» халықаралық инновациялық форумы аясында жылдың үздік ең жас ғалымдары белгілі болды. Жалпыұлттық инновациялар байқауындағы «Үздік жас ғалым» аталымына 100-ден астам өтінім келіп түскен. Оның қорытындысы бойынша сарапшылық комиссия 10 финалисті іріктеді. Бүгін конференция аясында 10 жас ғалым өздерінің жобалары бойынша таныстырылым өткізді. Айта кетерлігі, осы аталымға қатысуда ең жоғары белсенділікті Назарбаев Университетінің студенттері мен ғалымдары танытты. «Жылдың үздік жас ғалым» атағы мен 7 500 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені Назарбаев Университетінің түлегі Дана Ақылбекова жеңіп алды. Ол байқауға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеуін ұсынды. Жас ғалым диабеттің екінші типімен ауыратын адамдарға инсулин енгізуді…

0
0
267

Қазақстанның банктері мен айырбастау пункттерінде долларды сату бағасы 300-301 теңгеге дейін өсті

Астана және Алматы қалаларының банктері мен айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт өсті.Валюталар бағамына мониторингі жүргізіп отырған kurs.kz сайтының мәліметтерінше, Қазақстанның қалаларындағы айырбастау пункттерінде, Алматының айырбастау орындарында долларды 288,5 теңгеден сатып алып, 290-300 теңгеден сатып жатыр.

Центркредит банкінде долларды (банктің ресми сайтының ақпараты бойынша) 301 теңгеге сатып алуды ұсынады.

Қазкоммерцбанкте долларды сатып алу 299 теңге, сату - 301 теңге.
Қазақстанның Халық банкінде долларды 300,49 теңгеге сатып алуға болады.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2836008

0
0
200

«007: Спектр» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының алдын ала көрсетілімі өтті (ВИДЕО)

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астанада алғаш рет қазақ тілінде ұсынылып отырған британдық агент Джеймс Бонд жайындағы жиырма төртінші «007: Спектр» фильмінің таныстырылым-көрсетілімі өтті, деп хабарлайды nurotan.kz. «007: Спектр» фильмі 2011 жылдан бергі отандық кинотеатрларда мемлекеттік тілде шығатын 12-ші кинокартина және 2015 жылдың 3-ші кинопремьерасы болып табылады. «Болашақ» қауымдастығы бес жылдан бергі кезеңде әлем деңгейіне танылған кинотуындылар мен анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару бастамасын табысты іске асырып келеді. Осы жылдар ішінде 11 голливудтық блокбастер мемлекеттік тілге аударылып, дубляждалды. Тұңғыш рет қазақ тілінде дыбысталған фильмдердің қатарында «Көліктер-2», «Батыл жүрек», «Монстрлар университеті», «Галактика сақшылары», «Күлшеқыз», «Кек алушылар…

0
0
205

Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Осы сенбіде, 24 қазан күні, елордада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ағымдағы маусымның соңғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Ақмола облысының шаруалары «Хан шатыр» ОСО алдындағы алаңда жалпы құны 404 миллион теңге болатын 968 тоннаға жуық өнім әкеледі. Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар тағамдар: көкөніс, ет өнімдері, макарон, жұмыртқа, бал және өзге де өнімдер ұсынылады. Бұдан бөлек, жәрмеңке кезінде концерттік бағдарлама, спорттық шаралар және байқаулар ұйымдастырылады. Еске салайық, Қазақстан өңірлерінің қатысуымен өтетін апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігімен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылады. Астанада қыркүйек айының басынан бері Жамбыл, Павлода…

0
0
280

Бойжеткен кассир мен оны соққыға жыққан Қуаныш Төрекелдиев бітімге келді

Қуаныш Төрекелдиевке қатысты сот алдындағы тергеу тараптардың бітімге келуіне байланысты тоқтатылды, деп хабарлады Астана қ. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.«Қуаныш Төрекелдиевке қатысты сот алдындағы тергеу тараптардың ҚР ҚК 68-бабына сәйкес келісуіне (татуласуына) байланысты тоқтатылды», - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, аты шулы оқиға елордалық «Сарыарқа» СОСО-дағы «Кинопарк» кинотеатрында орын алды. Кассирмен арада дау туғандықтан, жігіт оған салқын судың ыдысын лақтырып, кейін қызды тепкінің астына алған. Полиция бұзақыны сол күні ұстады. Бұл 22 жастағы Астана тұрғыны Қуаныш Төрекелдиев екені анықталды. Желіде оқиға бейнеленген видео жарияланды. Ролик пайдаланушылар арасында үлкен наразылық тудырып, тез тарап кетті. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сот…

0
0
183

Елордада Абылай хан даңғылында 4 күнге қозғалыс шектеледі

Бүгін сағат 17:00-ден бастап Р. Қошқарбаев көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында қозғалыс шектеледі. Аталмыш жол бөлігінде «№12 көшеден Абылай хан даңғылына дейін №14 көшені салу» жобасы аясында инженерлік жүйелерді тарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлайды.

Көлік жүргізушілерін ақпараттандыру мақсатында қажетті ескертпе белгілер орнатылады. Аталмыш жол бөлігіндегі көлік қозғалысы қазан айының 19-ы күні іске қосылады деп күтілуде.

Елордалық басқарма кептелісті болдырмау үшін көлік иелерін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады, деп жазады astana.gov.kz.

ҚазАқпарат

http://www.inform.kz/kaz/article/2829144

0
0
193

«Қазақстан аруы-2015» байқауының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленеді

«Қазақстан аруы» конкурсының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында арулар байқауының fashion-продюсері Сәкен Жақсыбаев мәлім етті. Продюсердің сөзіне қарағанда, ұйымдастырушылар осылайша ағымдағы жылы өтетін конкурстың жүлде қорын арттырып отыр. «Шындығында, бес миллион теңге - бұл айтарлықтай қомақты қаражат, оған өз бизнесіңді де ашуға болады, жеңімпаз үшін мансабын жалғастыруға немесе өзінің білімін еліміздегі, әлемдегі жетекші университеттерде жалғастыруға да мүмкіндік болады. Осының өзі ынталандырудың ерекшелігі болса керек», - дейді С.Жақсыбаев. Айта кетерлігі, ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, конкурсқа қатысу барша қазақстандық нәзікжанды арулар үшін тегін болады. Ең бастысы олар Қазақстан а…

0
0
340

Астанада №52 жəне №54 автобустар жол қозғалысынан шығады

3 қазаннан бастап Астанада №52 жəне №54 экспресс-автобустар жол қозғалысынан шығады. №54 автобустың орнына жаңа №105 экспресс-автобус жолға шықпақ. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова мəлім етті. «Тамыз айынан бастап қалада №№100,101, 102,103,104 бағдарлы экспресс-автобустарды жолға шығарған едік. Бұл автобустар сол кезде жойылады деп жоспарлағанбыз, бірақ, халық осы автобустардың орнына жүретін бағдардарға үйренсін деп, кейінге шегердік. Енді №52 автобус мүлде жүрмейді, ал 54 автобустың орнына Жібек жолы ауылына дейін баратын жаңа №105 экпресс-автобус жолға шығады. Бұл автобуста жолаушылар үшін барлық жеңілдіктер сақталады», - деді А.Жамалова. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ертеңнен бастап елордада Астана-Тайтөбе арасында №302 автобус (жолақы мөлшері 150…

0
0
224

Жақында Қазақстанның жыл патриоты анықталады

Патриоттар форумы 5 қазанда «Мәңгілік ел - Бір Ұлт Болашағы» атты ұранмен өтеді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Аxмед Мурадов мәлім етті.

«Біз биыл 5 қазанда дәстүрлі Патриоттар форумын өткізетін боламыз. Ол жыл сайын түрлі қалаларда өтіп келді. Осы жылы ол «Мәңгілік ел - Бір Ұлт Болашағы» атты ұранмен өтеді. Осыған орай «Жыл патриоты» аталымның жеңімпазын анықтауды ұсындық», - дейді депутат.

ҚазАқпарат

http://www.inform.kz/kaz/article/2824231

0
0
233