Мазмұнға өту
kazinform_kz

kazinform_kz

Сайтта 2014 ж. 3 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

242

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылу

1

Facebook пен WhatsApp-та дәрі-дәрмектен жаппай улану туралы тараған ақпарат жалған болып шықты

Facebook пен WhatsApp-та дәрі-дәрмек қабылдаған адамдар аллергиялық реакциядан қайтыс болғаны жөніндегі ақпараттар жалған болып шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі xабарлады."Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрі-дәрмектердің салдарларын тексеру бойынша жұмысты әрдайым қадағалап отырады. 2015 жылдың 25 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, дәрі препараттарынан (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол мен санасол) аллергиялық реакция туғызып, бала өліміне алып келген бірде бір оқиға тіркелмеді", - делінген xабарламада. Еске сала кетейік, ең алғашқы осындай жалған ақпараттар ақпан айында WhatsApp арқылы тараған еді. Осыған байланысты министрлік І…

0
0
243

«Кинопаркте» қыз баланы соққыға жыққан азаматтың ісі сотқа тапсырылды — Астана ІІД

Елордадағы кинотеатрлардың бірінде кассир қызды тепкен бұзақыға қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІД бастығының орынбасары Батырлан Есенбай мәлім етті.«Жаңа заңнамаға сәйкес, біз бұл адамды (Қуаныш Тұракелдиев) ұстап, екі тәуліктің ішінде істі сотқа жолдадық»,-деді Б. Есенбай. Осы орайда ол тұтқындалған жігітке бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желіде жұртты дүр сілкіндірген видео пайда болған еді. Онда Астанадағы «Кинопарк» кинотеатрына келушілердің бірі кассир қызбен сөзге келіп, кейіннен қызды іштен теуіп, құлатады. Мекеменің ресми парақшасында хабарланғанындай, оқиғаға қатысты арыз Астана қалалық Есіл ауданының ІІБ-на жіберілген. Бұл келеңсіз жағдай қоғамда үлкен рез…

0
0
235

Сабақты 07.40-та бастаған мектепті прокуратураға хабарлау керек — вице-министр

ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев Астана қаласы бойынша сабақты сағат 07.40-та бастаған мектептер туралы министрлік пен қалалық прокуратураға хабарлау керектігін айтты. «Бұған Үкіметтің қаулысы, сабақ уақытына қатысты арнайы стандарттар бар жəне бұл мəселеге байланысты прокуратура да өз ұстанымын айтты. Сондықтан, қалада сабақ уақытын сағат 07.40-та бастау туралы мəселені қарау үшін жұмыс тобы құрылған да жоқ. Яғни, барлық мектептер сабақты бұрынғыдай сағат 08.00-де бастайды»,-деген вице-министр егер қалада сабақ уақытын 07.40-қа ауыстырған мектептер болса, бұл туралы министрлік пен прокуратураға хабар беру керектігін айтты. «Егер де осындай фактілер кездессе, бізге жəне прокуратураға хабарласыңыздар. Біз тиісті шара қолданамыз»,-деді вице-министр. Журналистердің 76-шы бал…

0
0
188

Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

Елбасы Жарлығымен Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Д.Н. Назарбаеваны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының  Президенті                         Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы  11 қыркүйек                      №  90

ҚазАқпарат

0
0
667

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды. Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туылған. 1977 жылы Алматы Халықшаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады. 1977 жылдан бастап 1988 жылға дейін ҚазСРО Қаржы министрілігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1988 жылдан бастап 1993 жылға дейін жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары қызметі…

0
0
574

Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты

Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. «Бүгін Үкіметтің отырысы өтті. Онда негізгі қаралған мәселе кейбір жанар-жағармайдың түрлеріне бағаны мемлекеттік реттеуден бас тартуға байланысты болды. Осы жөнінде Энергетика министрлігінің баяндамасы тыңдалып, соның есебінен Үкіметтің тиісті шешімі қабылданды», - деді ол. Б. Сағынтаевтың айтуынша, Үкімет бензин тапшылығын болдырмас үшін Аи-92/93 бензині бағасына мемлекеттік реттеуден бас тартып отыр. Қазақстан бұрындары Ресейден жетпейтін бензинді 97 теңгеден алған еді, яғни 1 рубль - 2,95 теңге бағамы бойынша. Бүгінде теңгенің еркін бағамы аясында бензин 120 теңгеден сатып…

0
0
194

БОКС: Азия чемпионатының финалына бес боксшымыз шықты

Бес қазақстандық боксшымыз Бангкоктағы Азия біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлады Sports.kz. Боксшы Олжас Сәттібаев Бангкокта өтіп жатқан жарыста ақтық сынға жолдама алған алғашқы қазақстандық болды. Қарсыласы қырғыз өкілі Азат Усеналиевпен (салмақ дәрежесі - 52 келіге дейін) кездескенде барлық төрешілер қазақстандықты жеңіс тұғырына шығарды. Есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27). 81 келі салмақ дәрежеге дейін өнер көрсететін Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда ирандық Хассан Шахинимен кездесті. Әділбек 3:0 (30:27, 30:27, 30:26) есебімен жеңіп финалға шықты. Данияр Елеусіновтің қарсыласы моңғол Тувшинбат Бямба осал болмады. Алайда жерлесіміздің күші басым түсті. Есеп 3:0. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жапониялық Дайсуке Нариматсуді жеңген Зәкір Сафиуллин ақтық сынға жолдама алды.…

0
0
201

1 қазаннан Қазақстан бойынша қызылшаға қарсы вакцина егу басталады

Осы жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанның барлық өңірінде қызылшаға қарсы вакциналау маусымы басталады. ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қызылша жұқтырушылардың саны көп тіркелген соң, қосымша вакциналау маусымы қайта басталмақ. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қазір әлемде қызылша ауруына қатысты жағдай күрделеніп отыр. Қазақстан Республикасында жыл басынан бері қызылша жұқтырған 2283 адам тіркелді. Өкінішке орай, алдыңғы иммундау маусымында вакцина алмаған бір жасөспірім маусым айында қызылша ауруынан көз жұмды. Қызылша ауруының асқынатын бірнеше түрі болады, соның бірі және өте қауіптісі мидың қабынуы. Сондықтан, ата-аналар мен ел азаматтарын вакцинадан бас тартпауға шақырамын. Биыл қосымша имм…

0
0
290

Елбасы барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Бүгін ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Біз барын бағалап, қадірлей біліп келе жатқан еліміз. Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата заң тәуелсіздіктің бізге берген теңдессіз тартуы болып саналады .Сан буын ұрпақ алмасса да ескірмейтін, жыл өткен сайын жаңғыра беретін құндылықтардың жинағы. Мемлекетіміздің алтын қазығын қадірлеу әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы болып саналады», - деді Елбасы. Мемлекет басшысы Конституцияның әрбір сөзін мүлтіксіз орындап, бұлжытпай сақтасақ, алар асуымыз әрдайым асқақ болатындығын баса атап өтті. «Сол арқылы Мәңгілік Елдің тұғырын нығайтып, шаңырағын биіктете түсеміз. Ата заңымыздың мерейлі б…

0
0
207

Теңге бағамы көтерілді

2015 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша 2015 ж. 21 тамызда сағат 15.29-да Қазақстанның коммерциялық банктерінде бір АҚШ долларын сатып алу/сату құны құрады:

БЦК - 239/241

ККБ - 238.03/240.98

Халық банкі - 239.02/241.01

AsiaCredit Bank - 239/241

Qazaq Banki - 239/241

KASE таңғы сессиясында бір доллар құны 252,47 теңгені құрады.

http://www.inform.kz/kaz/article/2809643

0
0
233