2016 жылы елімізде жаңа 69 мектеп ашылады — Білім министрі
2016 жылы Қазақстанда жаңа 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысуымен өтіп жатқан ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында ведомство басшысы Аслан Сәрiнжiпов мəлім етті. «Мектепке дейiнгi бiлiм сапасын дамыту үшiн 2015 жылы жаңа стандарт енгiзiлдi. Бизнеспен әрiптестiктi дамыту арқасында мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi айтарлықтай кеңейдi. Павлодар жəне Қызылорда облыстарында 3-6 жас аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтамасыз етілді. Жеке меншiк балабақшалардың республикадағы үлесi 40 пайызды құрады», - деп хабарлады министр. Министрдің айтуынша, орта бiлiм беру саласындағы жұмыстар Ұлт жоспарының 77 қадамына сәйкес жүзеге асырылады. Басты мақсаттардың бірі - үш…



