Қарттарымыз қыздарға неге қырындайды?
Көкшетау, автосапаржай бекеті. Жүргіншілер көп. Ана бір жерде ауылдан келетін автобусты күтіп екі бойжеткен, сірә, студенттер болса керек, қолдарында қытайдың ала сөмкесі, ұялы телефондарымен сөйлесіп тұрған. Аяңдай басып соларға қарай жасы жетпістен асып кеткен, басында ақ тақия, мойнында ақ галстугі бар, ұзын бойлы бір қария барып: - Айналайындар, ныспыларың кім болады?-деді. - Чее-е?-деп мырс еткен ана екі қыз қарияның үсті-басын бір шолып шықты. - Есімдерің кім деймін… - Оны қайтесіз, балаңызға құда түсейін деп пе едіңіз?! -Жасым жетпісте, әлі де бір қызды қартайтатын шамам бар. Айына 70 мың пенсия алам, Көкшетаудың орталығында үш бөлмелі үйім бар, бұрын қызметкер болғам, жалғызбастымын, – деп қария сайрап ала жөнелді. - Рахмет, сіздің пенсияңыздың бізге керегі шамалы, өзіңізге жұмсаң…