"NurOtan" партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы
"NurOtan" партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы барысында Жаңаарқа ауданында кандидаттардың сайлаушылардың өз үйлерінде кездесу жұмыстары жалғасуда. ҚР Парламент Мәжілісіне кандидат Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы мен Қарағанды облыстық мәслихатына кандидат Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы ауданның танымал азаматтар Абажанов Амангелді және Хамзе Сатжанұлымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде әңгімелесті. Ауданға еңбегі сіңген аға буын өкілдері, "NurOtan" партиясының атқарып отырған жұмысын жоғары бағалап, алдағы сайлауалды бағдарламасында көзделген басым бағыттарын қолдайтынын және мақсатқа жету жолында аудан тұрғындарын "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақыратынын жеткізді. Ақсақалдар кездесуге арнайы келген кандидаттарға алғысын айтып, батасын берді.«Nu…














