"Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020".
2020 жылдың 5 желтоқсан күні "Приозерск қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы"КММ, директоры Ахметова Рахима Есенаманқызы "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру аясында, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен жастардың қатысуымен Зум платформасында онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында 2020 жылы бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылған жобалар бойынша, құрылған жұмыс орындары туралы, сондай-ақ 2021 жылы жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі жөнінде сөз қозғалды. 2021 жылы жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жолдау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді. Жұмыссыз азаматтардың, құрылатын жұмыс орындарына орналасу жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен бару керектігі жөнінде мәлімдеді.
ПОСТ С ФБ



