Қоғамдық қабылдау жүргізілуде
Үстіміздегі жылдың 11 желтоқсанынан бастап «Nur Otan» партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенімді өкілдері азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауды, сонымен қатар, онлайн форматта қабылдауды 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін жүргізеді. Қазіргі кезде партиялық тізімге енген кандидаттар мен партияның сенімді өкілдері 393 қабылдау өткізіп, 1875 азаматтың сұраныстары мен өтініштерін тыңдады.
Бұл жұмысқа партияның сенімді өкілі Меруеш Башай да белсене ат салысты. Өз сөзінде ол: "Бүгін Қарағанды облыстық "Nur Otan" партиясы сайлау алды штабында азаматтармен қабылдау өткіздім. Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстырдым.
Қарағанды облысы бойынша "NurOtan" партиясының сайлау алды бағдарламасы аясында кәсіпорындарды қайта жаңғырту, агро өнеркәсіптік салаға екпін беретінін жеткіздім.
Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетеді.
150 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
30 мың отбасы тұрғын үймен қамтылу көзделуде.
Медицина саласы бойынша 42 нысан жаңадан салынады.
Білім саласында да ауқымды жобалар іске асырылады.
Қаламен ауылдарға газ тартылады.
Бизнесін ашуға жастарға арналған мемлекеттік гранттар бөлінеді.
10 мыңнан астам жастар жұмыспен қамтылады.
Туризмге арналған жаңадан 10 нысан салынады.
Жасыл экономика ірі бірнеше жоба іске асырылады.
Көптеген жолдар жаңадан салынып, жөндеуден өтеді.
"Nur Otan" нақты істердің партиясы", - дейді.
2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда өтетін сайлау - бұл біздің еліміздің өміріндегі өте маңызды тарихи оқиға. Әрбір қазақстандықты нағыз іс-әрекеттер партиясы – «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» партиясы Қарағанды облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді
