Мазмұнға өту
journalist_n

journalist_n

Сайтта 2024 ж. 22 шілде

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

106

жазбалар

893

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Маңғыстаулық өнерпаздар жалпыхалықтық рефрендумды қолдады

Маңғыстау облыстық АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Н. Жантөрин атындағы өңірлік музыкалық-драма театрының ұжымымен кездесіп, бейбіт атом қуатын экономика игілігіне бағыттаудың басымдықтары, халықтың әлеуметтік әлеуетіне оң әсері жөнінде пікір алмасты. «Еліміз бойынша халық тығыз қоныстанған шығыс пен оңтүстік өңірлерде электр қуатынының жетіспеушілігі белең алуда. Тіпті былтыр біздің өңір Маңғыстауда қыста жылумен жабдықтау желілеріндегі апаттар салдарынан біршама қиындықты бастан өткердік. Себебі «МАЭК» энергетикалық комбинаты 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмей әбден тозығы жеткен. Мұндай көрініс еліміздің көптеген өңірлерінде қалыпты жайт. Сондықтан мемлекеттік деңгейде электр қуатын өндіретін кәсіпорындар салу керек деген шешім шықты. Осы тұста күн мен жел энерг…

0
0
151

Yessenov University қызметкерлері АЭС құрылысын талқылады

Ақтауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі штаб мүшелері Yessenov University қызметкерлерімен кездесіп, референдум, атом электр станциясының болашағы, ғылым мен білім жайлы пікір алмасты.Қазіргі таңда елде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70%-ы көмір электр станцияларына тәуелді. Алайда, жұмыс істеп тұрған станциялар жыл өткен сайын тозып, істен шығуда. Бұл өз кезегінде электр энергиясының тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар елдің экономикасы мен экологиясы үшін де аса қауіпті.Штаб мүшелерінің айтуынша, елдің энергетикалық тұрақтылығын сақтап, түрлі салада топ бастауымыз үшін АЭС бой көтеруі керек. Ал АЭС қызметі мен салынуына, ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуға мемлекет қауқарлы екенін алға тартты.- Халық АЭС-ның болашағына, онда жұмыс істейтін жастардың білім, бі…

0
0
299

«Ұлттық ойындар – бабадан қалған асыл қазына» отбасылық ойындар жарысы

13 қыркүйек күні Астана қаласында V  Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Ұлттық ойындар– бабадан қалған асыл қазына» атты отбасылық жарыс өтті. Шараны орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ ұйымдастырып, оған Т.Айбергенов атындағы №16 мектеп, Абай атындағы №87 мектеп-гимназия, №31 мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары және қала тұрғындары қатысты.Шара барысында «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Арқан тарту» сияқты ұлттық отбасылық ойындар ойнатылып, кітап көрмесі өтті.  Асық ойынын Елорда ақсақалдары кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуарбек Ералы ашса, Сарыарқа ауданы ақсақалдары кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Мырзақанұлы Нұрғазин бұл ойынының тарихы мен мағынасына тоқталып, оны ойнаудың тәсілдерін көрсетті. Асықтың түрлерін айтып берді. Ойын кезінде асы…

0
0
463

АЭС құрылысының экологиялық аспектілері

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «АЭС құрылысының экологиялық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында берілген тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Дөңгелек үстелге университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғалымдар, студенттер қатысты.  Іс-шара барысында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы кезіндегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.Қатысушылар АЭС-тің қоршаған ортаға әсері, ядролық қалдықтарды басқару, климатқа әсері және қауіпсіздік шаралары туралы маңызды мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар, Қазақстандағы атом энергетикасының болашағы мен халықаралық тәжірибе мысалдары қарастырылды. Жаһандық энергия тапшылығының өсуі атом энергетикасын дамытуд…

0
0
113

Алматыда Қала күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда Қала күні мерекеленеді. Биыл мерекеге орай балалармен қатар, ересектерге де қызықты болатын 150-ден астам әртүрлі форматтағы іс-шара жоспарланған. Әрбір іс-шара өзінің стилі мен мазмұнына қарай «Алматы – біздің ортақ үйіміз», «Алматы – әсем қала», «Алматы – таза қала» ұғымы арқылы қала тұрғындары мен қонақтарын біріктіреді.Мәдени-көпшілік шаралар ашық аспан астында Абай атындағы алаңда (Республика сарайының алдында), Астана алаңында (ҚБТУ алдында), Арбатта, Тұңғыш Президент саябағында, М.Ганди атындағы саябақта, «Алатау» театрының алдындағы алаңда, «Көктөбе» саябағында, Family Park саябағында, Гүлдер саябағында және алматылықтардың сүйікті демалыс орындарына айналған бірнеше локацияда өтеді. Олардың басым дені халыққа тегін ұйымдастырылады. Тек те…

0
0
386

Алматыда 100 пайыз жарықтандыру қашан болатынын Ерболат Досаев айтып берді

Алматыдағы сыртқы жарықтандыру үлесі 2024 жылы 85%-ға дейін жеткізіліп, 2025 жылы 100%-ға жетеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарының сұрағына жауап беру кезінде айтты.«Әр аудан бойынша жарықтандырылмаған көше бар. Бізде сол көшелерді жарықтандыруға арналған бағдарлама бар. Бостандық ауданында мұндай 54 көше бар. Бұл мәселе «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы немесе тікелей қаржыландыру арқылы шешіледі. Сонымен қатар, «Алматы қала жарық» қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Тұрғындардың өтініші ескерілді. Көшелер мен аулаларды жарықтандыруға бөлінген қаражат аудандарға бөлінді, - деп қала әкімі жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын, бірақ әлі де жетілдіру қажет екенін атады.Ерболат Досаевтың айтуынша, сыртқы жарықтандыру мәселесімен қо…

0
0
539

Семейде 237 отбасыға пәтер кілттері табысталды

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін құттықтады.– Ең алдымен баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні меркесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бюджет саласының қызметкерлері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен соңғы жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін жалпы саны 237 пәтердің кілттері табысталды. Осы жылдың наурыз айында да Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 77 пәтерд…

0
0
137

Қазақстан АЭС салу барысында өзінің ядролық отынына сенеді

Қазақстан — ядролық отын шығаратын аз елдердің бірі. Отынды отандық бірінші АЭС салуға қолдану жоспарлануда. Бұл туралы «Қазақстандық атом электр стансалары» АҚ директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша бүгін Астанада өтіп жатқан жария талқылау барысында мәлімдеді. «2018 жылы атом стансасын салудың техникалық-экономикалық негіздемесінің бірінші бөлімін әзірледік, онда екі өңірде станса салу мүмкіндіктері қарастырылған. Атап айтқанда, бұл өңірлер - Курчатов, ШҚО, қазір ол Абай облысы, екіншісі Оңтүстік Қазақстан облысы, Балқаш маңындағы Үлкен ауылы, бұл Алматы облысы. АЭХА ұсынымдары бойынша кең ауқымды зерттеу жүргізілді, атап айтқанда, қауіпсіздік, қуатты ядролық нысандарды орналастыру шарттары бойынша және Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтер негізін…

0
0
135

«ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ» ІРІКТЕУДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰХБАТ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің «Құрылымдық сұхбат» кезеңі аяқталды.Аталған резервтің мақсаты – өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарта отырып, өңірде жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылар тобын қалыптастыру.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп өткізілген іс-шараға облыс әкімі, комиссия төрағасы Серік Шәпкенов қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Сұхбатқа қатысқан үміткерлер өздері таңдаған салалық бағыттары бойынша, атап айтқанда экономика және қаржы, индустрия және өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, әлеуметтік салалар бағытында жоба қорғап, комиссия мүше…

0
0
303

Қазақстандық көкпаршылар көкбөрі ойынына дайындалып жатыр

Алдағы қыркүйекте Астанада өтетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында қазақстандық көкпаршылар Алматы облысында көкпар және көкбөрі ойындары бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.«ДКО аясында көкпар және көкбөрі ойындары өтеді. Қазір спортшылардың дайындықтары жақсы. Басты қарсылас ретінде Қырғызстан мен Өзбекстанды айтар едім. Егер біз көкпардан жеңісімізге сенімді болсақ, көкбөрі ойынынан мүмкіндіктеріміз тең дәрежеде. Біраз жылдан бері көкбөрі ойнаған жоқпыз. Десе де жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз» - , деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев.Көкпардан ұлттық құрама мүшесі Наурызбай Қалтаев байрақты бәсекеге дайындық жайлы және көкпар мен көкбөрінің айыырмашылықтары турасында айтып берді.«5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген да…

0
0
1098