Біздің жастар ІІ орында
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХІХ республикалық пікірсайыс турнирінен ақтөбелік жастар жүлделі ІІ орынды иеленді. Аталған турнир Алматы қаласында екі күн бойы ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық аймағынан 20 команда қатысты. Турнир қазақ және орыс тілдерінде өтті. Бұған дейін Ақтөбе облысында іріктеу турнирі өткізілген болатын. Өңір жастарының арасынан жүзден жүйрігін анықтау мақсатында өткен іріктеу кезеңіне 16 команда қатысты. Алматы қаласындағы республикалық пікірсайыс турниріне қазақ тілді командалар арасында қатысқан ақтөбелік Исламбек Бітімбай мен Айсұлтан Таубай, орыс тілді командалар арасында қатысқан Нүркен Жәкен мен Рүстем Арманов жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарымызды ақтөбелік жасотандықтардың атынан жеңістерімен құттықтаймыз!
