Елімізде биыл уақыт белдеуі ауысатыны нақты ма?
Бүгін сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев брифинг барысында Қазақстанды бірыңғай сағат белдеуіне көшіруге қатысты сұрақтарға жауап берді.Фото: maginarius.ruБірақ оның «уақыт ауыстыру шешілген мәселе ме әлде бұл әлі талқыланып жатыр ма?» деген сұраққа жауабы нақты шықпады.«Сіздерге алдын ала ақпарат бердік. Мемлекеттік органдардағы қаулы жобасы дайын. Жақында шешім қабылдануы тиіс. Біз соны қабылдау кезеңінде тұрмыз», – деді министр.Журналистер «Биыл өзі елімізде сағат анық ауыса ма?» деген сұрақ та қойды.«Оның нақтысын «Ашық НҚА» порталына нормативтік-құқықтық актілер жарияланған соң білеміз», – деді Арман Шаққалиев.Айта кетейік, үкіметтің 2000 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» қаулысына өзгерістер енгізуді қарастыратын қаулы жо…



