Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жамбылдық «жасотандықтар» жаңа он жылдыққа, жаңа жоспарлармен

Ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық және аудандық филиалдары «Жас Отан» Жастар қанаты кеңейтілген Кеңесі отырыстырымен Жуалы, Мойынқұм аудандық және Тараз қаласында «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті V есеп беру-сайлау конференциялары өткізілді. Аталмыш шараларда «Жас Отан» Жастар қанаты Кеңесінің 2011 жылдың II-жартыжылдығында атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы атқарар жұмыстарына бағыт-бағдар беретін «Жас Отан» ЖҚ-ның жұмыс жоспары мен желілік кестесі бекітілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсат міндеттер жастарға кеңінен түсіндіріліп, Жолдауды аулдық елдімекендерге жеткізетін ақпараттық-насихаттық топтың құрамы мен ауылдық елдімекендерге шығу кестесі бекітілді. Шара барысында Кеңес мүшелерінің құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, «Жас Отан» ЖҚ мүшелігіне 16 мен 29 жас аралығындағы жастарды қабылдап, салтанатты түрде куәліктер тапсыруда ұмыт қалмады. Ал, партия Тараз қалалық, Жуалы, Мойынқұм аудандық филиалдары «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті V есеп беру-сайлау конференцияларында «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшылары болып Тараз қаласында Мадияров Ернұр Берікұлы, Жуалы ауданында Әшекеев Бауыржан Алтынханұлы, Мойынқұм ауданында Атаева Нұрзия Ахатқызы сайланды. Төмендегі суреттерде "Жас Отан" ЖҚ аудандық, қалалық кеңейтілген Кеңестері мен Конференциялары.


Ал, осы жоғарыда ұйымдастырылған шараларды қорытындылау, Жамбыл облысы «Жас Отан» Жастар қанатының алдағы жұмыстарының мақсат-міндеттерімен, бағыт-бағдарын айқындау мақсатында 2012 жылдың 16 ақпан сағат 14.00-де, партия облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты кеңейтілген Кеңесі отырысы өткізілді.

Кеңейтілген Кеңес отырысының күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Олар:

1. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты Кеңесінің 2011 жылдың II жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі;

2. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттері туралы;

3. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты Кеңесінің 2012 жылдың I жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары мен желілік кестесін бекіту;

4. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты Кеңесі құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

5. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты Кеңесінің мүшелерін Тараз қалалық және аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты Атқарушы хатшылығына бекіту.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Еркебұлан Құралбаев, 2011 жылдың II-жартыжылдығындағы облыс «жасотандықтарының» атқарған жұмысын жіптей тізіп, кеткен кемшіліктерді де жасырмады. Мін түзелмей, сын түзелмейтіндігін ашық айтқан ол, обылыстық «Жас Отан» ЖҚ Кеңесінің мүшелеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Осы мәселені талқылауға Шу, Меркі, Қордай, Сарысу аудандық филиалдарының Атқарушы хатшылары атсалысты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Кеңес мүшесі Айнұр Келімбетова баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жарыссөзге шыққан Талғат Шайхиев Елбасы Жолдауынан туындайтын жастарға қатысты нақты міндеттерге тоқталды.

Сондай-ақ, шараға арнайы қатысып отырған партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат «Жас Отан» Жастар қанатының 2011 жылдың II-жартыжылдығында атқарған жұмыстарын жоғары бағалап, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.


Шара барысында "Жас Отан" Жастар қанаты жобаларын іске асыруда алдыңғы қатарда жүрген "жасотандықтар" марапатталды және жаңадан ат тізгінін ұстаған "Жас Отан" ЖҚ Атқарушы хатшыларына "Жас Отанның" төс белгілері тағылды.

 

 

Аталмыш шараға партия облыстық филиалының басшылығы мен облыстық «Жас Отан» ЖҚ Кеңесі мүшелері, партия Тараз қалалық, аудандық филиалдары «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшылары мен олардың орынбасарлары. Облысымыздағы белді жастар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, партия Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» ЖҚ бастауыш бөлімшелерінің Атқарушы хатшылары мен белсенділері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Шара соңында партия облыстық, Тараз қалалық, аудандық аудандық филиалдары "Жас Отан" Жастар қанаты Атқарушы хатшылары естелікке суретке түсті.


Сонымен қатар, аталмыш күні сағат 16.00-де «Әлеуметтік желілер мен блогтардағы «Жас Отан» Жастар қанатының рөлі» тақырыбына барлық деңгейдегі «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшыларына семинар ұйымдастырылды.


1
4
2659

Осы тақырып бойынша

Жамбылдық «жасотандықтар» жаңа он жылдыққа, жаңа жоспарлармен - Yvision.kz