Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жамбылдық жастар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді насихаттауда елеулі істер атқарды

Өмір көшінде ұзын сонар тарихы бар қазақ елінің ертеңі ерекше, бүгіні бақытты болуы үшін жасалған әрбір ұлы мақсаттар мен ізгі қадамдардың еш кетпегенін көзімізбен көріп, соның куәсі болып отырмыз.

Елбасымыздың биылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы - біздің  болашақ өсіп - өркендеуіміздің нақты бағдарламасы іспетті. Жолдауда Елбасы Қазақстанның қазіргі жағдайына шолу жасап, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын ашықтап кетті. Ағымдағы жылы еліміздің дамуына жаңаша бағыт-бағдар беретін басты құжатта барлық саланы қамтыған әлеуметтік жаңғырудың 10 басымдығы айқындалып, аталмыш бағыттар бойынша мемлекетімізде жұмыстар басталып кетті.

2012 жылы "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы "Жас Отан" Жастар қанатының барлық деңгейдегі Атқарушы хатшыларының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының барлық елдімекендерінде форумдар, кездесулер, "дөңгелек үстел" отырыстары барлығы 259 шара өткізілді. Солардың ішінде төмендегілеріне тоқталып өтейік. Жоғары және орта кәсіптік оқу орнында өткен кездесулер мен "дөңгелек үстел" отырыстары.

 

 

Партия Аудандық филиалдары "Жас Отан" Жастар қанатының Елбасы Жолдауын насихаттауға байланысты атқарған шараларына тоқталайық.

Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі де көп. Ел тағдыры таразыға түскен сын шақта халық көшін сүрлеуден даңғыл жолға бастай білген Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдаулары жанға қуат, көңілге медет болып келеді. Елбасы Жолдауымен болашаққа батыл қадам жасайық.

2
1
704

Осы тақырып бойынша

Жамбылдық жастар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді насихаттауда елеулі істер атқарды - Yvision.kz