Мазмұнға өту
izgilik

Ізгілік Нагиев

@izgilik

Сайтта 2010 ж. 15 желтоқсанКазахстан, Алматы

www.45minut.kz

рейтинг

100

жазбалар

219

пікірлер

194

тіркелуші

48

жазылымдар

69

Кешірім сұраудан жалықпау керек....

Әнәс (р.а.): «Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.): Аллаһ тағала: “Ей, адам баласы! Маған дұға етіп, Менің кешірімділігіме үміт артудан танбағаныңша, істеген күнәларыңа еш көңіл аудармастан кешіре беремін. Ей, адам баласы! Егер аспандағы бұлтқа жететіндей күнә жасап, Менен кешірім тілесең, жарылқап кешіремін. Ей, адам баласы! Маған еш серік қоспастан, алдыма таудай күнәмен келсең, дәл сондай таудай кешіріммен қарсы аламын” – деп айтты дегенін естідім» – деген. (Риязус-салихин кітабынан)

0
0
490

Қазаққа қай жаңа жыл жақын?

Міне, көзді ашып-жұмғанша, 2011 жыл да келіп қалды. Шыны керек, соңғы жылдары Жаңа жылдың да мәні мен сәні кетіп бара жатқандай… Білмеймін, бұл біздің тым ержетіп кеткенімізден бе, әлде ересек адам боп ертегілерге сенуді қойғанбыз ба, әйтеуір, Жаңа жылдың «сиқырлы» күндерінде армандардың орындалуына сенетіндер де азайып барады…

Шын мәнінде қазақтың Жаңа жылы қайсысы: күн мен түн теңесетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз ба, әлде хижра жыл санауымен есептелетін мұсылмандық жылдың басы ма? Әрине, жеке өз басыма мұсылмандық жыл санауымен бірге, Наурыздың күні ерекше. Бір қызығы, Наурыздың тойлануына Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) Мұхаммед қарсы болмаған екен. Шынында да, Ұлыстың ұлы күні Наурыз «халал» той ретінде аталып өтпей ме?! Ал дәстүрлі Жаңа жылда не болатыны белгілі.

Жалпы, сіздер Жаңа жыл мен Наурыздың қандай айырмашылықтары барын ойладыңыздар ма? Біріншіден, жылда Жаңа жылда «осыншама шырша заңсыз кесіліпті» деген хабарды есітіп, өкініп жатамыз. Ал наурызда, керісінше, «Бір тал кессең, он тал ек» деген ұстаныммен ағаш егіліп, дала көгалданады.

Екіншіден, Жаңа жылда әдетте ішімдіктің түр-түрі дастарханның төрінде тұрса, Наурыз дастарханының сәні – қымыз бен шұбат, наурыз-көже.

Үшіншіден, Жаңа жылда нешетүрлі қытайлық салюттер аспанды дүркіретіп, кейбір балалар, тіпті, бұдан қолын күйдіріп, зардап шегіп жатса, Наурызда адамзат табиғатпен үндесіп, Ұлы Жаратушының адамзат үшін жаратқан жері, аспаны, суы, жалпы, табиғатының қадірін біледі, түсінеді. Негізі, біздегі Жаңа жылдың көп ырымдары да кеңестік заманнан қалған сияқты…

Ал сізге қай жаңа жыл жақын?

http://kamshat.dosym.kz/?p=35#more-35

0
3
663

Бәріңе, Бәріңе, Бәріңе!!!

Желтоқсанның 21 күні «Ұждан» клубының алғашқы онлайн отырысы өтеді
Алғашқы отырыстың көтеретін басты мәселесі: Журналист пен тілшінің айырмашылығы, рөлі, қоғамға әсері қандай? Қазіргі ақпараттық қоғамда қолына қалам ұстаған, айтар ойы бар әрбір адам тілші бола алады. Ал журналисттікке тек жоғары білім арқылы ғана қол жеткізе аласың. Алайда қоғам жүгін жалғыз журналист қана көтере алмайды. Осы ретте оған қоғам арасындағы тілшілер

(блогшылар, пікір жазушылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері т.б) көмекке келеді. Алайда осы тілші қауым қазіргі қоғам жүгін қаншалықты арқалай алуда деген мәселе алғашқы онлайн отырыста талқыланады.
Сіздермен қатар бұл тақырып төңірегінде Қазақстан заман газетінің бас директоры Ахмет Аляз, Азаттық радиосының аға веб-редакторы Кенжебек Нұрқасен, Abai.KZ сайтының құрылтайшысы, саясаттанушы, Айдос Сарым, «Руханият» жасылдар партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин және тағы басқа да танымал тұлғалар өз ойын білдіреді. Олардың ой-пікір ұсыныстары блогта видеокөрініс арқылы беріледі. Ой қосуыңды сұраймыз.
P.S Сондай-ақ барлықтарыңызды  Желтоқсанның 27 күні Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 15 Б үй, 3-ші қабаттағы «РУХАНИЯТ» жасылдар партиясының конференц залында сағат 14:00-де өтетін клубтың ресми таныстырылымы мен алғашқы отырысы шақырамыз!
0
0
685

Ақпараттық соғыс немесе соғыспай-ақ жеңілу

Интернетте түрлі жобалар жасау, Интернетті дамыту және т.б шаруалармен жүрген соң көптеген ойлар келеді. Пенде болған соң ол ойдың бәріне жету мүмкін емес.

Қазіргі ғаламдық дамудың жаңа сатысы БАҚ, жеке фирма, жеке адам, кез келгеннің дамуда артта қалмауына ықпал етеді. Әрі бұл мұқтаждық дәрежесіне жетті. Себебі, адамның ойы пікірі, тек қана өз шеңберінде емес, жалпы шеңберге шығып, сол арқылы адамның жеке тұлғасының маңыздылығы артты.

Ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық соғыс кез келген адамға қызмет ете бастады, қажет бола бастады. Қарапайым мысал: Мектепке баратын үйдегі баланың қажеттіліктеріне ақша жинау үрдісі қалыптасуда, ақша бермесең баға қою жағынан қысым көрсетеді. Осы жағдайда ақпараттық ықпал ету арқылы тоқтатуға болады.

Немесе, жеке фирма жарнама, бәсекелестік жағдайында, өзге фирмалардан озып шығып, нарықта өз атын қалыптастыруға бәсекелестік соғыс, ақпараттық соғыс арқылы мүмкіндік алады.

Немесе, жеке адамның арызы, өтініші аяқсыз қалмай, нәтижелі болуына ақпараттық технологияларды, ақпараттық соғысты пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.

Әрине, осы жағдайларды кез келген адам жасай алады, бірақ, арнайы орталықтың, сарапшы мамандардың, тәжірибелі ағалардың ақылы оны ескерусіз жұмыс жасау, ешқандай нәтиже бермейді.

Ақпараттық соғыстың ең қарапайым мысалы: ауылдағы өсектің таралуы және оны кімнің қалай жеткізіп, кімнен шыққанына байланысты екендігін бәріміз де білеміз.

Ал, өмірде, ауылдағы өсек-аяң мәселеден күрделі жағдайларға тәуелді. Сонымен қатар өмір де тиісті заңдардың аясынан ауытқымай нақты қимылдар жасауды талап етеді.

0
0
2197

Жанажылдық YourVizion

www.yvision.kz блог платформасы өзінің қолданушыларына мейрамдық көңіл күй сыйлап, ұжымдық татулық үлгісін тарту етті.

Мейрамға байланысты отырыс алдынан жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәлімдемесі болып өтті. Мәлімдемеде блог иелері және бас қолдаушы Kcell компаниясы өкілі осы қызықты отырыс туралы өз ойларын білдірді. Сонымен қатар елімізде блогосфера саласының айтарлықтай дамуы және азаматтық журналистика саласының жетістіктері туралы айтылды.

БАҚ өкілдері жағынан Интернет саласында қазақша сайттарды дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген Нағиев Ізгіліктің: Блогосфераның қазақтілді бөлігінің дамуы үшін нақты қандай жұмыстар атқарылуда және қазақтілді және орыстілді блогосфера бөлінбеуі үшін  нақты қандай қадамдар жасалуда?  деген жалғыз ғана сұрағына блог иелері нақты екі тілде жауап берді.

Блог иелерінің мәлімдеуінше: Қазіргі уақытта www.yvision.kz блог платформасы екі тілді тең қолдануға мүмкіндік береді, қолданушыларға ыңғайлылық қарастырылған. Алдымыздағы жылдың жоспары бойынша қазақтілді блогосферада танымал Arsik басшылығымен жаңа функциялар іске қосылады және бұл қадам қазақтілді блогосфера дамуына айтарлықтай зор үлес қосады деген сенімдеміз деп үміт білдірді.

0
0
477

"Аллажар" фильмі

16.12.2010 жылы сағ: 14.00-де - Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 15 Б үй, 3-ші қабаттағы «РУХАНИЯТ» жасылдар партиясының конференцзалында, "Аллажар" фильмінің қоюшы режиссері Қалдыбай Әбеновпен кездесу болады. Соңынан "Аллажар" фильмі көрсетіледі. Келем деушілерге есік ашық.

0
1
767

Армысыздар блогшы қауым!!!

Қоғамдағы өзекті мәселелерді (жеке адамдардың проблемалары, қоғамдық мәселелерді) сарапшылардың, БАҚ-ының қатысуымен талқылау, қоғам назарына ұсыну, нақты шешімдерге қол жеткізуге ықпал жасауды мақсат тұтқан «Ұждан» клубы өз жеке блогын бастады. «Кім бұрын ақпаратқа ақпаратқа ие болса сол әлемді билейді» деген қағидаға сүйенетін заманда қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар, жеке адамдардың барлығы жеке сайт, блог ашуға өз қызметтері туралы ақпарат таратуға ұмтылады.

Бұл қағида шеңберінен біз де аса алмадық. Жеке сайтымызбен қатар бірнеше әлеуметтік желіде өз беттерімізді, жеке блогымызды ашуды ұйғардық. Дәл қазір алғашқы жазбамызға қонақ болып отырсыз. Аталған клуб 2010 жылдың 16 қыркүйегінде қазақ елінің дамуы бей-жай қалдырмайтын, бүгінде қазақ интернетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген, жанашыр азаматтар Ізгілік Нағиев, Болат Бөтеевтің бастамасымен құрылған еді. Желтоқсан айынан бастап клубты құру, жұмысын жандандыру PR маманы, журналист, блогшы Ербол Азанбектің бастамасымен құрылған «MediaLab» медиа коммуникация орталығының құзырына берілді. «MediaLab» басқа да жобаларымен қатар клуб отырысын желтоқсан айынан бастап ай сайын өткізіп тұрмақ. Клуб жеке азаматтардың өзекті мәселелері, қоғамдағы даулы, шулы оқиғалар талқыланып, шешім табатын, қоғамда пікір тудыратын орынға айналар деп үміттенеміз. Біздің басты мақсат: мәселені құры сөзбен талқылау емес. Клубтың басты мақсаты талқыланған өзекті мәселелерді шешуге ықпал жасау. Мәселен болашақта біз жерін жергілікті билік тартып алып, әділеттік іздеп жүрген Шаңырақ ауылының тұрғынының мәселесін заңгерлер, билік органдары, жеке сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ-ның қатысуымен талқылап, шешілуіне ықпал жасамақпыз. Сондай-ақ блог әлемінде дау тудырған Қара жорға мәселесін де арнайы талқылап, блогшылар арасында нақты шешім қабылдауды көздейміз. Бұл мақсатта Қаражорғаға қарсы блогшы Берік, оған қарсы пікір айтқан Өркен, одан беріректе Асхат туралы пікір айтқан блогшы, сондай-ақ өзін қаралау туралы Асхаттың да пікірін естіп, ортақ мәмілеге кетіруді көздейміз. Отырысқа арнайы сарапшыларды шақырып, «Қара жорға» мәселесін талқыламақпыз.(басқа клубтарға идеяны ұрламауын сұраймын) Бұл жоспарларымыздың бер жағы ғана. Ойымызда көптеген тың тақырыптар, идеялар бар. Бұл әрине болашақтың еншісінде. Бұның бәріне өздеріңіз куә боласыздар деп ойлаймын. Ендеше бірге болайық. Біз еліміздің гүлденуі, өркендеуі жолындағы ұлтымыздың мақсат –мүддесін бірге көтерісер барша қазақ баласының досымыз. Құшағымыз баршаға ашық. Сенімен бірге блог әлеміндеміз, қарсы ал дос!!!
0
0
646