Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бәріңе, Бәріңе, Бәріңе!!!

Желтоқсанның 21 күні «Ұждан» клубының алғашқы онлайн отырысы өтеді
Алғашқы отырыстың көтеретін басты мәселесі: Журналист пен тілшінің айырмашылығы, рөлі, қоғамға әсері қандай? Қазіргі ақпараттық қоғамда қолына қалам ұстаған, айтар ойы бар әрбір адам тілші бола алады. Ал журналисттікке тек жоғары білім арқылы ғана қол жеткізе аласың. Алайда қоғам жүгін жалғыз журналист қана көтере алмайды. Осы ретте оған қоғам арасындағы тілшілер

(блогшылар, пікір жазушылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері т.б) көмекке келеді. Алайда осы тілші қауым қазіргі қоғам жүгін қаншалықты арқалай алуда деген мәселе алғашқы онлайн отырыста талқыланады.
Сіздермен қатар бұл тақырып төңірегінде Қазақстан заман газетінің бас директоры Ахмет Аляз, Азаттық радиосының аға веб-редакторы Кенжебек Нұрқасен, Abai.KZ сайтының құрылтайшысы, саясаттанушы, Айдос Сарым, «Руханият» жасылдар партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин және тағы басқа да танымал тұлғалар өз ойын білдіреді. Олардың ой-пікір ұсыныстары блогта видеокөрініс арқылы беріледі. Ой қосуыңды сұраймыз.
P.S Сондай-ақ барлықтарыңызды  Желтоқсанның 27 күні Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 15 Б үй, 3-ші қабаттағы «РУХАНИЯТ» жасылдар партиясының конференц залында сағат 14:00-де өтетін клубтың ресми таныстырылымы мен алғашқы отырысы шақырамыз!
0
0
630

Осы тақырып бойынша

Бәріңе, Бәріңе, Бәріңе!!! - Yvision.kz