Көшмүлік пен Зілмүлік Айтыс
Зілмүлік тұрды бекем мығынданып.Көшмүлік келіп айтты шағымданып.Көлікке қожа бізді тиемекші, Кетеміз тағы сізден алыс тартып. Зілмүлік айтты: Сен өзің меніменен байқап сөйле.«Недвижимое имущество» шыққан тегім,Зіліңді басұрмандық желеңдетпе.Көшмүлік айтты: Зілмүлік бөтен сөз деп ұнамаса,Жермүлік дейік онда ол қазақша.Өзіңнің завод-фабрик-кұрылыс, жер учаскең Сілкінсе сілкінеді жермен қоса. Ойбай-ау! Жылжыйтын жылжымайтын қайда қалдыКөшмүлік дейтін тағы пайда болды.Орыста көш ұғымы сөзі де жоқСөзбе-сөз ғып аудару былай қалды. Аудару сөзбе-сөз ғып мақсат екенМұндайда мән-мағына алды менен «Боеголовка» делінген орыс сөзін,Оқтұмсық деп қазекем икем деген. Зілмүлік айтты: Білесің! Жылжыйтын-жылжымайтын ғып кім бекітті! Құжатым мен өзімнің керім мықты! Көшмүлік боламын деп есің кетті, Жөнің жоқ…