Дейсе дейберсін
Абат, оны қуырып жейме, қайнатып жейме? Астанада абаттандыру жүріп жатыр дегенді жие естиймін. Мен таңырқап ол не нәрсе деп ойлаймын. Абаттандыру- тамақтандыру біріне бірі ұқсас. Оны қалай жейді деп сұрап отырғанымның сыры осында. Іздестіріп қарасам ол тәжіктің сөзі екен. Ертеректе олардың астанасы Сталинабад болған. Бір жақсысы астанада сталинабаттандыру демейді, бірақ абаттандыру деп қолданады.

Менің болжауым бойынша ол қазақша игілендіру деген қазақ сөзінің орнына қолданылады. Ал біздің игі сөзін қалың қазақ біледі, оны бұл жерде түсіндіріп жатудың керегі жоқ. Ал ендеше неге благоустройство дегенді игілендіру деп қолданбасқа?
Меніңше орысша біздің игі дегеніміздің өңін айналдырып жаман сөз ретінде қолдануына байланысты. Біз өз сөзімізден өзіміз жиреніп жүрміз.
Орыс тарих намасында кежсұрын иго дегендерін үш жағдайға байланысты қолданады.
⦁ Татаро-монгольское иго
⦁ Турецкое иго
⦁ Немецко-фашистское иго
Қазақтын игі, игілік деген алғыс сөзін осылайша жылпос орыс тілі теріс айналдырып алған. Содан үркіп біздің лингвисттер де теріс айналады.
Балкан славяндарында позор деген сөз көрмеге көру үшін қойылған экспонат.

Ал орыста бұл масқара денег ұғым. Бірақ олардың не бұлардың өз сөздерінен бас тартатын ойлары жоқ.

Поляк тілінде урода дегендері орыстың красавица деген мағынада. Ал орыста урод деп туғаннан қыйсық кемтар туған адамды айтады. Бұларда әр қайсысы өз сөздерінен бас тартар емес.

Бізде өз сөзімізден теріс айналмай тәжіктің абат деген сөзінің орнына благоустройство – игілендіру деп қазақша қолданайық.
