Көшмүлік пен Зілмүлік Айтыс
Зілмүлік тұрды бекем мығынданып.
Көшмүлік келіп айтты шағымданып.
Көлікке қожа бізді тиемекші,
Кетеміз тағы сізден алыс тартып.
Зілмүлік айтты:
Сен өзің меніменен байқап сөйле.
«Недвижимое имущество» шыққан тегім,
Зіліңді басұрмандық желеңдетпе.

Көшмүлік айтты:
Зілмүлік бөтен сөз деп ұнамаса,
Жермүлік дейік онда ол қазақша.
Өзіңнің завод-фабрик-кұрылыс, жер учаскең
Сілкінсе сілкінеді жермен қоса.
Ойбай-ау!
Жылжыйтын жылжымайтын қайда қалды
Көшмүлік дейтін тағы пайда болды.
Орыста көш ұғымы сөзі де жоқ
Сөзбе-сөз ғып аудару былай қалды.
Аудару сөзбе-сөз ғып мақсат екен
Мұндайда мән-мағына алды менен
«Боеголовка» делінген орыс сөзін,
Оқтұмсық деп қазекем икем деген.
Зілмүлік айтты:
Білесің!
Жылжыйтын-жылжымайтын ғып кім бекітті!
Құжатым мен өзімнің керім мықты!
Көшмүлік боламын деп есің кетті,
Жөнің жоқ сен аттайтын құқықтықты!

Иә, Көшмүлік жеңілді. Бірақ, бұл айтыстың көздеген тағы екінші бір мақсаты бар. Сол туралы айтайын.
Ертеде өткен заманда Европада грецизимнен латинизимге ауысу дәуірінде сол кездегі латын лингвистері Гректің бір сөзін латынның екі сөзімен аударуға мәжбүр болғанда қатты қыйналып, қайткенде балама болатындай бір сөз табұға тырысқан екен. Таба алмаған жағдайда оны өздеріне де, тіліне де қорлық деп санаған екен. Ал қазір сол латын тілі барлық тілдерге қысқалықтың үлгісі.
Ал біздің қазақ тілінде орыстың бір сөзін өзіміздің екі сөзбен кейде тіпті үш сөзбен аударғанда оған намыстанбаймыз, қысқаша жолын іздемейміз. Мысалы:
здоровье – ден саулық
охота - аң аулау
отдых - дем алу
гостиница - қонақ уйі
юрта - киіз үй
семья - от басы
Бұл сөзді қазір біріктіріп бір сөз ғып жүрміз. Ал шынында оны мынаған ұқсатуға болады.
Егер біреудің бір көзі тұра қараса екінше көзі қыйғаш қараса ондай адамды ертеде қазақтар қылый дейтін (қазір медицина мұны оп-оңай түзетеді), ал ертеде мұндайлар қазақ арасында аз болмаған. От – тура қараптұр басы қыйғаш қараптұр.
Салыстырыңыз:

Қылый сөздер
Шымкент шым кенті
Футбол фут болы
Аяқдоп аяқ добы
Теміртау темір тауы
............... от басы

Семья ұғымына лайық ОТАУ сөзін кекірелемей алып қарайықшы оны семья деп алуға неге болмайды.
Орыста пика сөзін алайық
Пика - найза
Пикет – козактардың найзаны жерге шәншіп аттарды байлап, дем алып мәре сәре болуы.
Пикет – жұмысшылардың жұмысты тастап отырып алуы (забастовка)
Пик- таушыңы
Час пик – адамдардың белгілі бір мезгілде жамырап метроға, автобусқа, трамвайға лап беруі, мәшіндердің көшеге толып кетуі.
Пик нагрузки - тәуліктің белгілі бір сәттерде қуат тұтынудың күрт өсуі...
Жаттығу:
Вокзал - жолтам Автовокзал - автожолтам Аэропорт - әуежолтам Хлебопекарня - нанбаптам.
Там - жеке сөз ретінде де, жұрнақ ретінде де. Мұндай көп мағыналы бір сөз барлық тілде бар. Оны қолдана білу біздің ойлау шеңберінің кеңдігіне байланысты.
Ал отау, там сияқты сөздеріміздің өрісің кеңейтіп семья, ғимарат мағынасында қандай бөгет: тіліміздің шама – шарқы әлде өзіміздің ойлау әлуеті жетпей жатыр ма?
