Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы Азірбайжаннан жалғанкәсіпкерлік үшін іздеуде жүрген азаматты алып келді

2014 жылғы 7 ақпанда «Баку-Астана» таңертеңгі әуерейсімен Қаржы полициясы агенттігі мен ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері Қазақстанға Раимов Мәдиді алып келді.
Ол 2013 жылғы маусымда Ақтөбе облысы бойынша Қаржы полициясы департаментімен жалғанкәсіпкерлік жасады деген айыппен мемлекетаралық іздеуге жарияланған болатын.
Қылмыстық іс материалдары бойынша Раимов 3 тұлғамен алдын-ала сөз байласып 2010 жылғы наурыздан 2012 жылғы ақпан аралығында 4 жалған кәсіпорын құрып, олар арқылы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсеткен. Төленбеген салық түріндегі залал 2,5 млрд.теңгені құрады.

Раимов 2013 жылғы 5 қарашада Қаржы полициясы агенттігінің сұрауы бойынша Әзірбайжан Республикасының Газах ауданының аумағында осы елдің құқық қорғау органдары қызметкерлерімен ұсталған болатын.
Раимов Астана қаласы ІІД тергеу абақтысына тоғытылды, жақын уақытта Ақтөбе қаласына ауыстырылатын болады.

0
0
238

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы Азірбайжаннан жалғанкәсіпкерлік үшін іздеуде жүрген азаматты алып келді - Yvision.kz