2013 жылғы 16 сәуірде Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды/стратегияларды жасау және іске асыру саласында тәжірибемен алмасу» тақырыбында халықаралық семинар өз жұмысын бастады.
Семинарды Қаржы полициясы агенттігі БҰҰ-ның Ортылық Азиядағы есірткі мен қылмыстылық бойынша басқармасы кеңсесі (ЮНОДК), Экономикалық өзара іс-қимыл және даму ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және өзара іс-қимыл жөніндегі ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып өткізеді.
Үш күндік халықаралық семинар Орталық Азия елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеу, мониторингтеу және оларды іске асыруды бағалау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды жасау және жүзеге асыру, оның ішінде стратегия, бағдарлама, жоспар және/немесе арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң саласында байланыстар орнату, сондай-ақ тәжірибемен алмасуға бағытталған.
Семинарға Ұлыбритания, Швейцария, АҚШ, Ресей Федерациясы, Түркия, Хорватия, Корей Республикасы, Малайзия, Қырғызстан, Тәжікістан, Түркменістан, Өзбекістан, Армения, Грузия және Румыния сияқты елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрумен айналысатын мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Семинарда Малайзияның Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы, Грузия Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлықққа қарсы тұру жөніндегі Кеңестің кеңсесі, Ресей Федерациясының Президент Әкімшілігі, Әділет министрлігі, Бас прокуратурасы және Тергеу комитетінің, Швейцарияның Экономикалық байланыстар жөніндегі Мемлекеттік кеңсесінің өкілдері сөз сөйлейді.
