Достар, сәлем! Сіз теледидар қаншалықты тамашалайсыз? Бала кезіңіздегі тамашалаған бағдарлама болсын, әлде кино, телесериал болсын есіңізде ме? Өткенге көз жүгіртіп көріңіз.
Әрине, сәби кезде бәріміз де мультфильм тамашалаймыз. Менің ең жақсы көретін мультфильмім ол - "Том және Джерии" (атауларды орыс тілінде жазсам айып етпеңіздер).
Бұл мультфильмді тамашаламаған бала жоқ шығар, сірә? Теледидардың алдынан шықпай тамашалайтынбыз.
Кейінірек "Телепузик" қарай бастадық.
Ата - анамыз рұқсат етпесе де, қарай беруші едік. Содан "Покемон" мультфильмін тамашалайтынбыз. Аниме де көп қарадық кезінде.
Сол мультфильмдердегі кейіпкерлердің ойыншығын алу арман еді біз үшін. Баламысың деген. Барлық балапандар да солай жасайды деп ойлаймын.
Есімде қалғандары осы болды. Бұдан да көп мультфильм қарағам негізі бала кезімде.
Уақыт өткен соң тіпті мультфильм қарамайтын болдым. "Неге?" - дейсіздер ғой. Себебі, теледидарда кәріс телесериалдарын көрсете бастаған еді.
Ең бірінші тамашалаған кәріс телесериалы ол - "Зимнаяя соната" болатын (Орыс тілінде жазсам айып етпеңіздер).
Сериалды тағатсыздана күтіп, ерекше әсер алушы едім. Сериалдағы актерлардың шеберлігі мені таң қалдыратын. Телесериалдағы әндер (саунтректер) жүрекке тез жететін. Корей тілін білмесем де, әуені ұнап, әннің сөздері есте жатталып қалатын.
Қай жыл екені есімде жоқ. "Хабар" немесе "Еларна" арналарының бірінде "Ыстық ұя" атты телехикаяны ұсынған еді.
Осы телехикая әлі күнге дейін ұнайды. Қанша қайталап көрсетілсе де, сонша қараудан жалықпайтынмын. Телехикаядағы кейіпкерлердің суретін жинап жүретінмін. Ал, телехикаядағы саунтректерді әлі күнге дейін жатқа білемін.
Сол телехинаядан соң, Корей елінде "Bi Rain" деген жұлдыз барын білдім. Өнерімен жақын таныстым. Солай бірте - біртк Корей елінің шоу - бизнесі қызықтыра бастады.
"Хабар" телеарнасы 2009 жылы көрерменге тағы да тосын сый жасаған еді. Енді бұл ерекше тосын сый болатын. Ерекше бір телехикая көрерменге жол тартты. Қыз біткеннің бәрі сол телехикаядағы кейіпкерлерге ғашық еді. Өздеріңіз біліп отқан шығарсыздар, бұл әрине - "Жігіттің сабаздары" атты телехикая болатын.
Бұл телехикаяны да қанша қайталап берсе де, жалықпай тамашаладым. Тіптен ғаламтордан барлық бөлімін жүктеп алып, (аудармасыз, корей тілінде) тамашалаушы едім. Бұл телехикаяның саунтректері әлі күнге дейін менің әуендерімнің тізімінде алғашқылардың бірі болып табылады.
Негізінен телехикаяларды аудармасыз тамашалаған жақсы екен. Біраз сөздерін үйренуге. Тіл үйренем деушілерге әлдеқайда жақсы.
Қазір ғаламтор арқылы корей телехикаяларын ғана тамашалаймын. Тарихи телехикаялары өте қатты ұнайды. Оның ішінде "Императрица Ки" "Алые сердца" "Хваран".
Қазір "Лжец и его возлюбленная" және "Сильная До Бон Сун" телехикаяларын тамашалап жүрмін. Сіздерге де тамашалауға кеңес беремін.
Корей телехикаяларын тамашалау арқылы сол елдің мәдениетімен таныстым. Тарихын біле бастадым. Өмірге деген көзқарастарым мүлдем өзгерді.
Корей елінің адамдарының мейірімділігі, үлкендерге деген сыйластығы, құрметі жоғары екенін білдім.
Ал, сіздер қандай телехикая тамашалайсыздар? Назарларыңызға рахмет!