Тұған елге тағзым. 7 күн

Бүгінгі жетінші күн ислам дінінің уағыздаушысы, дін танушы Укаша атаның басына барудан басталды. Укаша атаның мазарына бармас бұрын, оның шәкірті, әрі оны жерлеген Ерқоян батырдың басына бардық. Мұсылмандардың заңнамаларына сай, қасиетті адамның басында құран бағыштадық. VII ғасырда 300 жыл өмір сүрген Укаша атаның мазарында сапарымыз жалғасты. Ел аузындағы аңыз бойынша, Укаша ата Алланың елшісі, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) екі жауырынан ортасынан ең алғаш көріп маңдайын тигізіп сүйген. Осыдан кейін Укаша атаның денесінен оқ өтпейтін, отқа жанбайтын, суға батпайтын қасиеті пайда болды. Осыны көре алмаған дінге қарсы шығушылар Укаша атаның осал жерін тауып, қастандық жасады.Яғни, ол таңғы намаз кезінде денесі қорғасындай балқып, Алладан басқа ешнәрсені ойламайтын болған.Сол кезде жаулары оған қастандық жасайды. Укаша атаның кесенесіне 1км қашықтықта зәм-зәм суы бар құдық орналасқан. Бұл қасиетті жерге жан-жақтан адамдар ауруынан арылу мақсатында үміттеніп келеді.Қасиетті орынға келіп,құдіретті бір күшті сезіндік. Судың қасиетті болғаны соншалықты жаны таза адамдар ғана зәм-зәм суының дәмін татып, Алланың шапағатына бөленген.
Саяхатымыз Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы облыстық спорт мұражайында жалғасын тапты. Біз бұл мұражайда Қажымұқан атамыздың спорттағы жетістіктерімен, тұрмыс-тіршілігінде қолданған заттары мен отбасылық өмірімен таныстық. Сонымен қатар, біз мұражайда Қажымұқан Мұңайтпасұлының әртүрлі спорттық жарыстардағы түскен фотосуреттерін тамашаладық. Қажымұқан Мұңайтпайсұлының 75 жасына қарамастан 350 кг салмағы бар тасты көтергендігі бізді ерекше таңғалдырды. Бұл мұрайжайда Қажымұқан Мұңайтпайсұлының жетістіктерінен басқа, өзге де Қазақстанның әйгілі спортшылары туралы деректер бар. Осы сапардан кейін әрбіреуіміздің спортқа деген құлшынысымыз арта түсті.
Шымкентте бізді жағымды тосын сый күтіп тұрды. Шымкенттің жарық жұлдыздары Нұркен Иманқұлов, Әзірет сұлтан Қоспақов кеш қонағы болып, өзінің өнерлерімен тамсандырып, біздің көңіл-күйімізді көтерді. Павлодар мен Семей өңірінің жас таланттары сахнада жұлдыздай жарқырады.
Қорытындылай келе, бүгінгі күн өзінің руханияттылығымен,жағымды психологиялық ахуалымен ерекше есте қалды.
