Мазмұнға өту
ergeshbay09

Ергешбай Назым

@ergeshbay09

Сайтта 2020 ж. 12 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Ташкентте шығарылған қазақ басылымдары

XX ғасыр басында Ташкент қаласында көптеген қазақ басылымдары, қазақ газет-журналдары жарық көрген. Соның ішінде Мағжан Жұмабаевтің 1923 жылы ташкентте басылып шыққан көлемді жинақтары туралы баяндамақпын.Пролетарлық жазушы С.Мұқанов С.Қожановты «Кеңес үкіметіне қарсы өлең жазудан тынбай келген алашордашыл ақын – М.Жұмабаевтың Қазақстанда бастыра алмаған өлең, поэмаларын 1923 жылы Ташкентте бастырды және өзі кіріспе сөз жазып, Мағжанды аспанға шығара мақтады» деп айыптады. Себебі, Мағжанның өлеңдер жинағының шығуына ірі қызыметте жүргеніне қарамастан тікелей белсене кіріскен С.Қожанов жинаққа «Мағжан өлеңдері туралы бір-екі ауыз сөз» деген кіріспе жазды. Шағын ғана кіріспеде «Мағжан өлеңдерінің ішінде кез келетін, марксизм дүние тануына ұйқаспайтын жерлерін оқушылар көре салып үрікпей, кө…

0
0
828

Жолданбаған 27 хат

«Жолданбаған 27 хат»- жазушы-публицист, мемлекет қайраткері, кинотанушы Камал Смайыловтың публицистік-танымдық кітаптарының бірі.Камал Сейітжанұлы Смайылов – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сарлық ауылында, 1932 жылдың 24 сәуірінде дүниеге келген. Жазушы 1954 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдап, қазақ баспасөз саласына қадам басып, орасан зор үлесін қосты. Еңбек жолын 1954 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің редакциясында бастаған. Содан бері публицист қаламынан 15 публицистік-танымдық кітап дүниеге келді, өзекті мәселелерді көтерген 350-ден астам көркем очерктері мен мақалалары жарық көрді. Солардың бірі де, бірегейі болған – «Жолданбаған 27 хат». Мен бұл туындыдағы «Тың игеру: алғанымыз бен жоғалтқанымыз» атты ма…

0
0
1390

«Қыз Жібек» фильмі туралы қызықты деректер.

«Қыз Жібек» фильмінің сценарийін даярлау, фильмнің дайындық жұмыстарын жүргізу, фильмді түсіру, монтаждау кезіндегі толғаныс пен қиындыққа толы сәттерден қызық мәліметтерді ұсынамыз.«Қыз Жібектің» алғашқы нұсқасы «Аққу» деп аталған. Кино түсірілгенге дейін фильм сценарийі 1944 жылы, яғни 10 жыл бұрын жазылған. 1967 жылы жаңа сценарийлерді бекіту кезінде дайын сценарий ретінде еске түседі.Фильмді түсіру үшін қазіргі күні кездеспейтін 8-10 қанатты шаңқан ақ үйлер арнайы жасалды. Түрлі түсті ши, таза ақ жүн, керегені талдан ию үшін солқылдаған жас бозталдар қолданылды.Режиссерлік сценарий бойынша Жібектің 10 түрлі костюмі болу керек деп бекітілді («Анна Каренина» фильмінде Каренинаның 25 түрлі костюмы болған).Жасанды, боялған материал экранда білініп қалады деп костюмдерге қажетті барқыт, ма…

0
0
697

Ана тілге тағзым

Ана тілі қайнаған қанмен, қиналған жанмен, толғантқан көңіл, лүпілдеген жүрек сағынышы, онда дәм де, мән де болу керек. Бұл, Торайғыровтың тілге деген көркем ойы.

Мен қаза тілімді мақтаныш етемін. Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын-жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпақ санасына құя білген.

Бүгінгі күні ана тілді шұбарлап, өзге тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Бұл жөнінде Аймауытов бабам былай дейді: "Өз ана тіліне немқұрайдылық пен қарайтын-хайуанмен бірдей".

Әке қанымен, ана сүтімен бойыма дарыған туған тілім, сен менің бұрқ етіп қайнаған, сарқ етіп тулаған рухани азығымсың.

0
0
285