Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ана тілге тағзым

Ана тілі қайнаған қанмен, қиналған жанмен, толғантқан көңіл, лүпілдеген жүрек сағынышы, онда дәм де, мән де болу керек. Бұл, Торайғыровтың тілге деген көркем ойы.

Мен қаза тілімді мақтаныш етемін. Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын-жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпақ санасына құя білген.

Бүгінгі күні ана тілді шұбарлап, өзге тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Бұл жөнінде Аймауытов бабам былай дейді: "Өз ана тіліне немқұрайдылық пен қарайтын-хайуанмен бірдей".

Әке қанымен, ана сүтімен бойыма дарыған туған тілім, сен менің бұрқ етіп қайнаған, сарқ етіп тулаған рухани азығымсың.

0
0
286

Осы тақырып бойынша