Шұғыл! Қазақстанның қауіпсіздік кеңесіндегі тағайындау
Кеше барлық БАҚ Ақордаға сілтеме жасап, Бақыт Құрманбаевтың Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалғанын жарыса жазды.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада
Бұған дейінгі ақпараттарға қарағанда, Бақыт Құрманбаев ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаментінің басшысы қызметінде болған.
