Абылайдың шын есімі кім?
Сан ғасырлар бойы қалыптаскан қазақтың ауызша және шежірелік жазба тарихы арнайы білімі бар. Тарихты танумен шұғылданатын кәсіби тарихшылардың еншісіне ауыскан кеңес дәуірі тұсындағы мезгілдік және тәжірибелік ауыс-түйіс шекарасы тым қысқа уақытта өтті. Оның үстіне кеңес билігі тұсында тарих ғылымында таптық идеология құрсауындағы науқаншылдық сипат басымдылыққа ие болды. Соның нәтижесінде халықтың ауызша тарихының (кең мағынада мифологиялык тарих деп аталады) көріністері, нәтижелері мұқият елеп-екшеленбей шынайы тарихқа ұласып, ұлт тарихында мифологиялық таным мен шынайы тарихтың симбиоздық сипаттары көрініс тапты. Сондай симбиоздық белгі қазақтың атақты билеушісі Абылайдың ғұмырнамалық тарихында белгі алған. Айталык, бүгінгі қазақ тарихы ғылымында «Абылайдың шын есімі кім?» деген мәселе…