Мазмұнға өту
ehistory

История Казахстана

@ehistory

Сайтта 2014 ж. 1 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

321

пікірлер

10

тіркелуші

52

жазылымдар

0

Оралдық археологтар «Алтын әйелдің» сүйегін тапты

Орал археологтары Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданынан 2012 жылы, көне замандарда жерленген «Алтын әйелдің» қаңқасын тапқан болатын. Жақында бұл жайлы мәліметті батыстық археологтар анықтап берді. Жерлеу жүргізілген кешенді археологтар «Тақсай-1» деп атап отыр. Қорғанның атауы осы маңдағы Тақсай стансасынан шығып отыр. Зерттеушілер бұл көне қорымды сармат кезеңіне жатқызады. Қорғаннан биіктігі бір метрден асып кететін 80 алтын әшекей табылған. Мұндағы ерекше бұйымға бұрын өзіне ұқсасы кезікпеген алтын тарақ жатады. Тарақтың бетінде сол замандағы сақтар мен парсылар арасындағы шайқастың көрінісі бейнеленген. Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығының директоры Мұрат Сыдықов: «Алтын әйелді» жерлеу дәстүрі зороастризм дәуіріне жатса керек. Өкінішке орай, әзірге сүйектері на…

1
0
1129

Алаш алыптары — Әлихан Бөкейханов

Бөкейханов Әлихан (1870 — 1937) — көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.


http://e-history.kz/


Байзақ батыр жайлы не білеміз?

Сақ па, парсы ма?

«Меніңше қазақ күресі әрқашан алдыңғы қатарда» Сәрсен Құранбекпен сұхбат

Түркістан легионы: соғыстың ащы дәмін татқандар

Қазақтың құмай тазысы

Астанадағы Кубриннің үйі

Әбсаттар қажы Дербісәлі: Отырардан отыз Фараби шыққан

Жылқыны алғаш қолға үйреткен — қазақ даласы

1
0
2162

Ботай қонысынан табылған дүниелер

ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында екі шеті де өңделген шақпақтастан жасалған ірі пышақтар, тегістеліп жылтыратылған тас балталар, найзаның ұштары, оқтар мен найзалар, нақышталған сүйектерді тапты. Қазақ даласындағы ежелгі жылқы өсірушілердің құрал-саймандар мен қаруларды пайдаланғанының нақты үлгісі осы артефакттер болып отыр. Табылған бұйымдар жақсы сақталған. Археология профессоры Виктор Зайберттің сөзіне қарағанда олар б.д.д. IV–III ғасырларға жатады. Ботай қонысына жүргізілген қазба жұмыстары барысында жылқы сүйектері көптеп кездескен. Ботайлықтар оларды құрал-саймандар мен қару-жарақ, үй мен табыну үшін керек-жарақтар жасауға пайдаланған, ал үй шаруашылығы үшін қажет болмай қалған сүйе…

1
0
4002

Қажымұқанға жасалған қастандық

1938 жылы жазға салым Тәжікстандағы бүкіл қазаққа Қажымұқан палуан келе жатыр деген хабар тарады. Қазақ атаулы түгел құлақтанып, тәжіктерге өздерінің кім екенін білдіретін мүмкіндік туғанына қуанды. Жалпы, Тәжікстан кеңес өкіметі кеш орнаған республика болатын. Алыс таулы аудандарда кеңестік тәртіпті мойындамау, бағынбау, басмашылық, қарақшылық қырқыншы жылдарға дейін созылды. Сондықтан ба екен, айналада кімнің дос, кімнің жау екенін ажырату оңай емес-тін. Бірақ тәжіктердің көбі кіммен болса да ортақ тіл табысып, қазақтарға жақсы қарады. Өз басым әке-шешемді қалтқысыз құрметтеген талай тәжікті білемін. Көп кешікпей зарыға күткен цирк те келіп, (біздің үйге жақын жердегі) базар алаңына шатыр тікті. Шағын вагондар қатарласа тізіліп, үйретіл­ген жануарларға (ат, түйе, аю, ешкі, ит) ашық қо­р…

1
0
756

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өмірі туралы фотодеректер

ХХ ғасырдың екінші жартысынан гуманитарлық ғылымдарда «антропологизациялану» (адамға бет бұру) тенденциясы анық сезіледі. Бұл тенденция, әсіресе, кеше тоталитарлық және авторитарлық жүйеде өмір сүрген біз сияқты мемлекеттердің саяси-идеологиялық бояуда жазылған ресми тарихын қарапайым қоғам мүшелерінің тарихымен толықтыру мақсатында өзекті. Қарапайым адам тарихын жазу оның тұтас тарихи портретін жасаудан тұрады. Әлеуметтік ғылымдар бұл портретті күнделікті өмір негізінен іздейді. Осыған орай «күнделіктілік тарихы» немесе «күнделікті өмір тарихы» деген ұғымдар айналымға енді. Қазір де шетелдік тарих ғылымы күнделікті тарих деректерінің қатарында бейнелік деректерді — сурет, гравюра, фотосуреттер, фильмдер (деректі және көркем), теледидарлық бағдарламаларкелтіреді. Бейнелік деректердің арас…

1
0
3524

Алтайдан асыл қазына табылды

Мамандар түркі халықтарының музыкалық ортақ аспаптарына ұқсайтын құралды қобыз деп бағамдап отыр. Алтайдан белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтің жетекшілігімен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында шамамен 40 жастағы сарбаздың сүйегі табылды. Жауынгердің денесінің қасынан сол дәуірдің қару-жарағы атап айтқанда, дулыға, садақ, садақтың оғы, қорамсақ, қылыш сонымен қатар, аттың сүйектері мен алтын жалатылған ер-тұрман, жүген табылды. Сондай-ақ сарбаздың қасына қобызға ұқсас музыкалық аспаптың қойылуы археологиялық қазба жұмысының басты жаңалығы болып отыр. Ескерткіш Түркі Академиясының «Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы» атты ғылыми зерттеу жобасы негізінде қазылған. Бұған дейін «Берел» қорымынан мол жәдігер тапқан белгілі археолог Зейнолл…

1
0
1503

Көп күттірген Құрылтай басталады

Мажарстанда өтетін құрылтай әрбiр екi жылда өткізілетін бүкіл әлем түріктерінің ең iрi мерекесі және ежелгi ғұн мәдениетi, көшпендiлер дала мәдениетiнiң көрсетілімі болып табылады. Тұран халқының құрылтайы 2007 жылы ең алғаш Қазақстанда өткен болатын. Сол кезден бастап ашық жарқын көңіл күймен, гуманитарлық әріптестік түрде өтіп келеді. Түрік халықтары мәдени-рухани жағынан болсын, этнография, тарих, ұлттық спорт түрлерінен болсын — біріге отырып, үлкен жетістікке жетуге қабілетті. Осы ізгі мақсатқа жетү үшін екі жылда бір рет Құрылтай өткізу дәстүрге айналған болатын. Бұдан бұрынғы 2012 жылғы жиынға әлемнің 17 елінен түркінің 25 халқы өкілдерін жіберді. Барлығы 111 делегация болып, 250 мың таяу қонақ келген болатын. Биылғысына одан да көп қонақ келеді деп күтілуде. Солардың ішінен адам с…

1
0
580