Байзақ батыр жайлы не білеміз?
Еліміздегі Жамбыл облысы, Байзақ ауданын білмейтін адам кемде-кем. Бірақ 1938 жылы іргетасы қаланып, 1996 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталып келген ауданға есімі берілген батыр жайлы бүгінгі ұрпақтың білері бұлыңғыр. Деректерге сүйенсек Байзақ батыр Мәмбетұлы 1879 жылы қазіргі Тараз қаласының маңында, заманында Абылай ханның серігі болған, аты, аңызға айналған Мәмбет Құндасұлы батырдың отбасында өмірге келген екен. Мәмбет батырдың сегіз ұлының бірі болған. Байзақ батырдың кіндігінен он жеті ұл тараған. «Қанына тартпағанның қары сынсын» демекші батырдың шыққан тегі Ұлы жүздің, Дулат тайпасы, Шымыр руына жатады. Байзақ бала кезінен бастап, атбегілік пен құс салып, аң қағуды меңгерген. Шешен, ел басқарған беделді кісілер мен билердің жанында жүріп, айтқандарын құлағына құйып өссе керек…