Абайдың жеке заттары
1885 жылы Абайдың Семейдегі орыс достарының бірі Нифонт Иванович Долгополов жаз айларында Абай ауылына барып, сонда екі айдай болып қайтады. Қайтып келгенінде ол Семейдегі өлкетану музейіне қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты елуден астам нәрсе тапсырыпты. Бұл заттардың барлығы Абай ауылынан әкелінген заттар еді. Ол туралы музейдің сол кездегі тіркеу журналына да жазылып, баспасөз бетінеде шыққан болатын. Сол жазбалардағы тізім бойынша қандай заттар екені анықталды. Бұл тізімді қарап отырсақ, заттарды арнайы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен жан-жақты хабар беретіндей, ғылыми тұрғыда таңдалғаны көзге түседі. Олар үй-ішінің жабдықтары: асадал, кебеже, саба, сүйретпе, жезмойнақты торсық, піспек, табақ, шыныаяққап, әшекейлі құтылар, бесік, ұршық, тоғызқұмалақ; қару-жарақтар: айбалта, найза,…