Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Маңғыстауда африкалық түйеқұстар пайда болды

Тауық пен үйрекке қарағанда түйеқұстың машақаты аз. Азамат Оразбаев «ерекше құстарды  асырауға не түрткі болды?» деген сауалға осылай жауап қатты. Мыналар – екі айлық балапандар. Бірақ олар тез жетіледі. Тәулігіне бір сантиметрге өседі. Ал үлкен түйеқұстардың бойы екі жарым метрге дейін жетеді. Азамат өзінің көптен бері ерекше кәсіппен айналысуды армандағанын айтады. Құстарға күтім көрсету жайлы интернеттен білген ол, балапандарды Алматыдағы түйеқұс қожалығынан  тапсырыспен алдырған.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/08/3126-168/

0
0
345

Қытай трансшекаралық өзендер мәселесінде Қазақстан мүддесіне зиян келетін қадамға бармайды – ҚХР СІМ басшысы

Қытай трансшекаралық өзендер мәселесінде Қазақстан мүддесіне зиян келетін қадамға бармайды.

Бүгін елордада Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулерден кейін Қытай Сыртқы істер министрі Ван И БАҚ өкілдеріне осылай мәлім етті

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/08/3126-167/

0
0
336

Бақытжан Сағынтаевтың бүгінгі Қызылорда облысындағы жұмыс сапары аяқталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер «Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы аясында салынған Көкарал плотинасының жұмысымен танысты. Аталған жоба Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және экологиялық тепе-теңдікті жетілдіру, сонымен қатар өңірде балық шаруашылығын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/08/3126-124/

0
0
442

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүр

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
0
0
275

Жануарларды қоргау шаралары

2013 жылдың 03 шілдесінде «Охотзоопром» Өндірістік Бірлестігі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Батыс өңірлік филиалының Қарабұтақ тірек пунктінің инспекторлары облыстық ішкі істер департаментінің табиғат қорғау полициясы мен Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекция қызметкерлерімен бірлесіп, Ырғыз ауданына қарасты Қалыбай (Мақанай) аулы  маңында жедел іс-шаралар жүргізу барысында қара түсті, мемлекеттік нөмірі жоқ Тоүота Land Cruizer маркалы автокөлікті тексерді.

 

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-119/

0
0
439

Бекіре тұқымдас балықтардың шабақтары Жайық өзеніне жіберілді

2013 жылдың 25 шілдесінде «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК табиғи мекендеу ортасына Жайық өзеніне 1,6 млн. дана мөлшерінде шоқыр шабақтарын жіберу жүзеге асырды.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК өсіру тоғандарынан бекіре тұқымдас балық шабақтарының екінші легін Жайық өзеніне жіберді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-118/

0
0
216

Ленгір өзені экологиялық қауіп төндіруде

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ленгір өзені экологиялық қауіп төндіруде. Арна бойындағы жұрт дерт жұқтырып алуы мүмкін. Экологтар осылай дабыл қағуда. Бұған негізгі себеп -өзен суы шамадан екі есе жоғары деңгейде ластанып кеткен.

Ленгір өзенін ластап жатқан негізгі фактор кәріз жүйесінің осындай қалдықтары. Жылға қуып ағатын бұл былғаныш су өзенді әбден ластап жатыр. Шағын шаһардың тұрғын үйлері мен ауруханалары және өкпе-құрт аурулары диспансерінен келетін шығарынды экологиялық тұрғыдан қауіп туғызып тұр.

 

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-117/

0
0
561

Трансшекаралық өзендерді қолдану және қорғау мемлекетаралық комиссиясының отырысы

24-25 шілде аралығында Атырау қаласында трансшекаралық өзендерді қолдану және қорғау мемлекетаралық комиссиясының  III (XXI) отырсы өтті.

Екi ел аралығындағы ынтымақтастық 7 трансшекаралық өзен – Орал, Ертiс, Есiл, Тобыл, Қиғаш, Үлкен және Кіші Өзен арқылы жүзеге асырылады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-112/

0
0
375

Орал өзенінің суы таязданып барады

Орал өзенінің бүгінгі жағдайы табиғат жанашырларының үлкен алаңдаушылығын тудырып отыр.

Егер бұл мәселенің шешу жолдарын қарастырмаса, онда Оралдың орнын сипап қалуымыз мүмкін. Осыған орай Атырауда трансшекаралық өзен суының таяздануы мен оны ысырапсыз қолдануға байланысты Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының отырысы өтті. Орал өзенінің күн санап таязданып бара жатқандығы бірінші рет айтылып тұрған жоқ. Бірақ одан нәтиже аз. Осыны  меңзеген бүгінгі комиссия мүшелері өзен суының азаюы  кез келген уақытта қоршаған ортаға залалын тигізетіндігін айтуда.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-110/

0
0
485