Серік Ахметов ЭКСПО-2017 Тіркеу құжаттамасын Халықаралық көрме бюросына бағыттауды тапсырды
Отырыста көрменің Тіркеу құжаттамасының жобасы қаралып, мақұлданды. Компания басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев құжаттаманың мазмұнды бөлігі туралы мәлімдеп, қаржы шараларына және ұйымдастырушының құқықтық мәртебесіне, Шеберлік жоспарына, нысандарды көрмеден кейін пайдалану бойынша Жоспарға қатысты бөлімдер жайында айтып берді.