Экология Министрлігі
@ecogovkz
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде бастауыш партия ұйымының ашық партиялық жиналысы өтті
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаровтың Қызылорда облысына қызметтік іссапары туралы
2013 жылдың 12 қарашасында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың Қызылорда облысына қызметтік іссапары өтті.
Шиелі ауданында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев Бала-Сауысқандық кенішінде ванадийлі кварциттерді өндіру және өңдеу зауытына барып, ванадий өндірудің технологиялық процессімен танысты. Зауытта аумақта металлургиялық кластерді дамыту барысында табиғатты қорғау шараларын іске асыру мәселелері талқыланды.
ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша семинар өтті
2013 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша семинар өткізілді. Семинар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру жоспары аясында өткізілді. Семинардың жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Бас Прокуратурасының, ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнің, ҚР әділет министрлігінің, ҚР мемлекеттік қызмет істері жоніндегі агенттіктің, «Нұр Отан» ХДП-ның жауапты қызметкерлері қатысты. 2013 жылдың 13 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау және ұсынымдар әзірл…
Н.Ж.Қаппаровты Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі қызметіне тағайындау туралы
Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Мемлекет басшысының Өкімімен Анатолий Григорьевич Дерновой Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумының қорытындысы бойынша баспасөз үшін бірлескен брифинг өткізді
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге және ресейлік делегацияға қонақжайлығы үшін ризашылық білдірді.
– Бұдан он жыл бұрын біз бұл форумға бастамашы болған едік. Осы жылдар ішінде ол оң бағасын алып, біздің екі елдің ынтымақтастығының маңызды факторына айналды. Қазақстан мен Ресей адамдардың, кәсіпорындардың, экономиканың өзара байланысы сақталуы үшін посткеңестік кеңістікте, сірә, барлығынан да көп жұмыс жасаған болу керек. Біз көршіміз, ал көршіні таңдамайды. Біздің бабаларымыз осылай тіршілік етті, біз де солай тіршілік жасаудамыз және біздің ұрпақтарымыз да осылай өмір сүретін болады. Қарым-қатынасымызды жақсартуға жұмыс істеу маңызды. Ол – болашақ ұрпақтың өмірінің іргетасы, – деді Мемлекет басшысы.
Жасыл» экономика бойынша бірінші халықаралық форум туралы
2013 жылдың 8 қарашасында Шымкентте Қазақстан Ресупбликасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдаманың іске асырылуы бойынша іс-шараларды қолдау аясында I-ші халықаралық инвестициялық форум өтті.
Форум ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің, «Жасыл Академия» ғылыми-ағарту ортылығының және «Шымкент Инновация» ЖШС ұйымдастыруымен өткізілді.
Оңтүстік Қазақстанда келесі жылы қуаты 40 мегаватт болатын жел электр стансасы іске қосылады
Оңтүстік Қазақстанда келесі жылы қуаты 40 мегаватт болатын жел электр стансасы іске қосылады
Астанада Үстірт жазығында экожүйелерді сақтау аясында өндірістік сектормен әрекеттесу мәселелері жөніндегі семинар өтті
7 қараша күні Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге «Үстірт экожүйелерін сақтау бастамасы» жобасы аясында өндірістік сектормен әрекеттесу мәселелері жөніндегі семинар өткізді. Семинардың мақсаты – Үстірт жазығы аумағында жұмыс істейтін өндірістік компаниялардың назарын олардың қызметтерінің салдарына аудару. Сонымен бірге биоалуантүрлілікті сақтау шараларын бизнес-жоспарлауға ендіру маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. Семинарға қатысушылар тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және оларды ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелерін…