Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

21 қарашада Министрліктер үйінің (14 кіреберіс) мәжіліс залында «Бизнес және инновациялар — 2013: „Энергиялық белсенді қалдықсыз эко-этнокент YurtVillage „ZhasylAul“: VI технологиялық әдісті ғылыми-инженерлік шешімдер» тақырыбында ІІ халықаралық ғылыми-пр

0
0
371

ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі атауының өзгеруі туралы

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100/ 2013 жылғы 29 қазандағы ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі болып қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен – жерді гидромелиорациялау мақсатында су пайдаланушыларға немесе олардың бірлестіктеріне дейін су жеткізу және бұру; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын геологиялық зерделеуді қоспағанда, жерасты суларын ұтымды және кешендi па…

0
0
411

Жылдың соңына дейін ауыз сумен жабдықтаудың 11 нысаны енгізілуде — Н.Қаппаров

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-3/ Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірлерде ауыз сумен қамтамасыз етудің 11 нысаны енгізіледі, деп хабарлады қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ҚР Үкіметі отырысында. "Ұзындығы 563 км болатын ауыз сумен жабдықтаудың 11 нысаны пайдалануға берілуде, бұл 91 ауылда және 4 қалада сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді", - деді министр. Ведомство басшысының айтуынша, келесі жылы ұзындығы 607 км болатын сумен жабдықтаудың тағы 11 нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. "Осылайша, халық саны 83 мыңнан астам адам болатын 201 ауылда және халық саны 397 мың адам болатын 5 қалада сумен қамтамасыз ету жақсартылады", - деп атап өтті Н.Қаппаров. Сонымен қатар, ол ҚОСРМ 2040 жылға дейінгі су ресурстары бойынша мемлекеттік ба…

0
0
347

«Ластанған жер асты суларын тазалау бойынша жұмыстарды жете жобалау» UKER-DD2 жобасына қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша қоғамдық тыңдау

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-2/

2013 жылдың 27 қарашасында сағат 10,00-де Өскемен  қаласында «Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру» жобасы аясында «Ластанған жер асты суларын тазалау бойынша жұмыстарды жете жобалау» UKER-DD2  жобасына қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

0
0
372

Құстарды шекарадан заңсыз шығару

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының хабарлауынша, мемлекеттік шекараны бұзуды болдырмауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарасты әскери бөлімшесінің қызметкерлері Шемонаиха – Семей тас жолында Алматы қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Опель Омега» маркалы автокөлігін тексерді. Тексеріс нәтижесінде жүргізуші орындығының артында жабдықталған жасырын орыннан 6 ақсұңқар табылып, тәркіленді. Жиналған материалдар мен айғақтардың негізінде күдікті азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 290-бабы бойынша (өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер жасау) қылмыстық іс қозғалды. http://www.eco.gov.kz/new2012/K…

0
0
280

Жұртшылықтың қоршаған орта саласына қатысты сот әділдігі мен экологиялық ақпаратқа қол жеткізіп, шешім қабылдауға қатысу мәселелері бойынша заңнамаға өзгертулер енгізу жөніндегі заң жобасын әзірлеу жұмыс тобы мен ҚР қоршаған орта және су ресурстары минист

2013 жылдың 13 қарашасында Астанада ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, ЕҚЫҰ және Ұлттық Орхус орталығының ұйымдастырылуымен ҚР ҚОСРМ жанындағы Қоғамдық экологиялық кеңес пен заң жобасын әзірлеу жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Басқосудың негізгі мақсаты – жұртшылықтың заң жобасымен танысып, оған ескертулер мен ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беру. 

Заң жобасын әзірлеуге еліміздің қолданыстағы заңнамасын Орхус конвенциясын іске асыру барысына жұртшылықты тарту және азаматтық қоғамды қолдау жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкестендіру қажеттілігі негіз болды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3126-204/

0
0
318

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясынаң шекаралық аумақтарда орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі үкіметаралық келісім жөнінде

2013 жылғы 11 қарашада Екатеринбургте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен екі елдің өңіраралық ынтымақтастығының X форумы аясында ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров және РФ табиғи ресурстар және экология министрі Сергей Донской Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық аумақтарда орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3126-205/

0
0
361

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаровтың Атырау облысына қызметтік іссапары туралы

2013 жылдың 13 қарашасында ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қызметтік іссапармен Атырау облысына барды.

Министр Н. Қаппаров, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов және ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев кен орнынан «Болашақ» зауытына дейін тартылған газ құбыры бойын тікұшақпен аралап шықты. Таяуда газдың құбырдан шығуына әкеліп соқтырған штаттан тыс жағдайлар орын алған. Соның салдарынан зауыттың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3126-201/

0
0
257