Экология Министрлігі
@ecogovkz
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
«Бекіре-2014» балық қорғау акциясын жүргізу барысы жөнінде
Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында кең ауқымды «Бекіре-2014» балық қорғау акциясын өткізу жалғастырылуда. «Бекіре-2014» акциясына тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің браконьерлікпен күресуге бағытталған бірлескен іс-қимылдарының, сондай-ақ су айдындарын құрылған аулардан тазарту бойынша күнделікті жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырық шашу орындарына сәтті өрістеуі бақыланып отыр. Акция басталғаннан бергі уақытта еліміздің табиғатты қорғау заңнамасы 153 рет бұзылғаны анықталды, оның 35-і өрескел бұзушылыққа жатқызылады. 89 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 183 бабы бойынша 11 іс қозғалды. Балық қорғау заңнамасын бұзушыларға жалпы сомасы 360 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Олардан жалпы салмағы 12 тонна 6…
О ходе рыбоохранной акции «Бекіре-2014»
На водоемах Жайык-Каспийского бассейна продолжается реализация мер в рамках широкомасштабной рыбоохранной акции «Бекіре-2014». Совместные действия сил государственных органов, участвующих в рыбоохранной акции «Бекіре-2014», направленные на борьбу с браконьерством, а также очистка водоемов от сетей, ежедневно проводимая государственными инспекторами, обеспечивают успешное прохождение миграции осетровых видов рыб к местам нереста. В целом, с начала акции выявлено и пресечено 153 случая нарушения природоохранного законодательства, в т.ч. 35 грубых, к административной ответственности привлечено 89 человек. Возбуждено 11 уголовных дел по статье 183 УК РК. На нарушителей рыбоохранного законодательства наложено штрафов на общую сумму около 360 тыс. тенге, изъято 12 тонн 675 кг рыбы разных видов,…
Сыр өңірінде «Жылжымалы экомәдениет» акциясы өтті
2014 жылғы 17 сәуірде сағ. 15:30-да ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары Министрлігі «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, АЭФ-7 «Smart Green Business Forum» Панельдік сессиясына дайындық аясында онлайн-конференция өткізеді.
2014 жылғы 17 сәуірде сағ. 15:30-да ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары Министрлігі «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, АЭФ-7 «Smart Green Business Forum» Панельдік сессиясына дайындық аясында онлайн-конференция өткізеді. Іс-шараның мақсаты– «Smart Green Business Forum» Панельдік сессиясының спикерлерімен бірлесіп АЭФ-7 қорытынды резолюциясы үшін ұсынымдар жобасын әзірлеу. Видеоконференцияға ҚР ҚОСРМ «Жасыл экономика» департаментінің директоры Д. Алыбаев, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина, Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару Ұлттық Қоры Басқармасының вице-президенті (Польша Республикасы) Я.Гданьски, USAID және Ғаламдық “жасыл” өсуі Институтының өкілдері, Еуропалық Одақтың мен Ресейдің эксперттері және т.б. қатысады. Онлайн-ко…
Қазақстанда су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді
2014 жылы 4 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің №786 Жарлығымен Қазақстанның 2014 – 2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. (Бағдарлама мәтіні ҚР ҚОСРМ ресми сайтындаhttp://www.eco.gov.kz/new2012/KK/activity-of-state-authority/strategy/3880-97/gos-prog/ ) Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерінің бірі – болжамдалып отырған су тапшылығынан туындаған мемлекетіміздің су ресурстарын басқарудың жаңа саясатын тұжырымдау қажеттігі туралы айтылған. Осыған байланысты Үкіметке су саласын дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлеу тапсырылды. Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық мақсаты – су ресурстарын басқарудың тиімділігін…
Қолда өсірілген дуадақтар Қазақстан табиғаты аясына шығарылды
2014 жылғы 14 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Абу-Даби (Біріккен Араб Әмірліктері) тәлімбақтарында өсірілген 2000 дуадақ табиғат аясына шығарылды. Маңғыстау облысында 200 дуадақ шығарылды. Осы құстардың Қазақстан табиғаты аясына шығарылуы дуадақ санын қалпына келтіруді мақсат еткен Халықаралық қормен құрылған ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылып келеді. Қазақстан жек дуадақты зерттеу және қорғау ісіндегі Халықаралық дуадақ қорғау қорының әріптесі. Біздің еліміздің аумағы қоныс аударатын жабайы дуадақтың табиғи мекендеу жері. Қазақстанда қолда өсірілген құстарды табиғи ортаға шығару 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді. Босатылған құстар Қазақстанның табиғи жағдайларына бейімделіп, қыстауға жабайы дуадақтардың дәстүрлі бағыттарымен ұшады. Биыл жіберілетін дуадақтар ғ…
Балық ресурстарын қорғау шаралары жөнінде
2014 жылдың 9 сәуірінде Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері Күршім ауданнының прокуратурасы мен полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, балық қорын қорғау шараларын жүргізу барысында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы «Қызыл-ту» өткелінде «Газель» және «Mitsubisi Delica» автокөліктерін тексеруден өткізді. «Газель» маркалы автокөліктің ішінде аулануының заңдылығын дәлелдейтін ешқандай құжаттары жоқ жалпы салмағы 1094 кг (125 кг көксерке, 150 кг шортан, 168 кг сазан, 460 кг табан, 191 кг мөңке) балық табылды. «Mitsubisi Delica» автокөлігінде шығу тегінің заңды екендігін растайтын ілеспе құжатсыз жалпы салмағы 1907,6 кг (558 кг көксерке, 252 кг шортан, 443 кг сазан, 514 кг табан, 99 кг мөңке, 23 кг алабұға, 18,6 кг нәлім) балығы тасымалданғаны а…
Астанада «жасыл» экономиканы дамыту туралы семинар тренинг өтті
«Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру» семинар-тренингі бойынша есеп
11 сәуірде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚОСРМ) «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының қолдауымен ҚР Парламентінің депутаттары мен халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ қызметкерлері үшін «Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Семинар «жасыл» экономиканың әдіснамасы саласында хабарда болуды арттыру және «жасыл» принциптерді елдің экономикалық саясатына енгізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің еуропалық тәжірибесімен танысу мақсатында ұйымдастырылды. Семинарды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Т.А. Ахсамбиев ашты. Өз сөзінде ол осы шараның Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасын орындау шеңберінде, сонда…